Материалдар / "Алтын-күз" 2023ж
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтын-күз" 2023ж

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге үлгі ретінде ұсыну балабақшаларда Алтын күз мерекесіне дайын тәрбиелік шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2023
212
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Алтын күз.

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ,табиғат өзгерістерін ұғындыру.Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Көрнекіліктер: Күз мезгіліне сай жапырақтар,сары шарлар,саңырауқұлақтар,жемістер...

Тақырыпқа сай безендірілген зал.

Тәрбиеші: -Армысыздар,ата-аналар,қонақтар! Міне, туған өлкемізге алуан жапырақтарын төгіп,ел

байлығын арттырып, берекелі күз мезгілі де келіп жетті.

Ендеше, «Жасұлан» тобының бүлдіршіндерінің – өлең, жыр шумақтарын

-әуенді ән

-би мен әсем сән үлгісін дайындаған «Алтын күз» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!

-Балалар күзгі жапырақтарды ұстап әуенмен ішке кіреді.

Тәрбиеші: Төңірек толы сары алтын

Күз келді туған жеріме

Шуағы нұрлы жайнаған

Алтын күз әсем айналам

Жұмбақ:

Бұлттар төніп, ызғар сеуіп

Дымқыл тұман басады,

Шөп сарғайып, өңі тайып

Дала сұрғылт тартады

Бой жаза алмай,ойнай алмай

Денең мұздап тоңады

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл,қай кезде болады? (күз мезгілі)

Тәрбиеші: Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтайық?

  • Жапырақтар сарғайып,күн салқындайды.

  • Жеміс- жидектер піседі

  • Егін жиналады, қамбаға астық толады

  • Құстар жылы жаққа ұшып кетеді

  • Жаңбыр жауады.

Тәрбиеші: Ал, балалар , балалар

Енді бері қараңдар

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші ( Кім ол?)

Музыка әуенімен ішке Күз ханшайы мен Күз патшасы келеді.

Медина-Ханшайым: -Сәлем,балалар!

Бауыржан-Ханзада:- Сәлем,қонақтар!

Тәрбиеші:-Қош келдіңдер,берекелі Алтын күз!

Бауыржан: Береке бақ дарыған

Жомарт күз патшасы мен болам,

Медина: Сары алтынға малынған

Күз ханшасы мен болам

Жаңбыр дыбысы естіліп жел турады (ішке сиқыршы келеді)

Сиқыршы-Нұрислам:-Бұл, не шу? Мұнда не болып жатыр?

Барлығы:-Күз мерекесі

Сендер кімсіңдер?

Бауыржан: Береке бақ дарыған

Жомарт күз патшасы мен болам,

Медина: Сары алтынға малынған

Күз ханшасы мен болам

Сиқыршы: Ешқандай мереке болмайды мен ханшайымды ұйықтатып тастаймын...

Алаһай-малаһай ,Суф! (ханшайым ұйықтап қалады) Оны тек әсем әуен ғана оята алады

Тәрбиеші: -Ендеше,ән шырқайық бәріміз!

Ән: Алтын күз

Күз ханшасы оянады.

Бауыржан: Ән салыңдар,күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік,ойнайық

Тәрбиеші: -Патшамыз дұрыс айтады,кезекті тақпаққа берейік

Ал,сен сиқыршы бізбенбірге бол...

Ханәлім: Күз.(Абай Құнанбаев)

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін тойғаныма,тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай

Жастар күлмес жүгірмес бала шулай

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп

Жапырағынан айрылған ағаш қурай

Камила:

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды

Күз әуені кеп жетті

Әнге бөлеп маңайды

Дарикош:

Қарашы күз келді,күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді

Бейбарыс:

Жұлдыз туып таң алды

Әнге бөлеп маңайды

Сазды әуен шаттыққа

Бөлеп алды маңайды

Би: «Балалайка» ұлдар биі

Нұрмұхаммед:

Сап-сары маңай

Сап-сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Күз кетті қайтып

Рақош:

Алтын, сары, қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Ислам:

Келді міне, күз

Айнала сары түс

Алдияр:

Жеміс-жидек пісті

Қамбаға астық түсті

Қызу жұмыс басталып

Жинап алды жан салып

Би: «Себетке жеміс жинайық» қыздар биі

Еркеназ:

Нұрға бөлеп маңайды

Жырға бөлеп көңілді

Жарқыраған көңілді

Күз әуені төгілді

Бекзат:

Күздің қазан айында

Алма, алмұрт пімеді

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр түседі

Ойын: «Жапырақтар жинайық»

Шапағат:

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал,терек

Жапырағын жұлғызып

Нұрислам:

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

Ханкелді:

Жайдары күз, жарқын күз

Мерейлі күз, мырза күз

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз

Самұрат:

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды

Би: «Қырманға кел, қалқатай» ұлдар биі

Шахназ:

Жердің көркі қашады

Таулардан бұлт асады

Қайтып күннің қызуы

Шөпті қырау басады

Дәнін жинап алған соң

Жатыр үнсіз сары күз

Ызғарлы жел қатайды

Мұны күз деп атайды

Бауыржан: -Біздің уақытымыз таяп қалды..Керемет екенсіңдер,балалар!

Медина: Жетті желмен Алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң

Той жасаймыз халқымыз

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз...

Тәрбиеші:

Жел тұрады жалықпайды

Күн жылытып жарытпайды,

Жапырықтар жерге қарай

Қалықтайды, қалықтайды

Қыздарымыздың «Жапырақтар» биін тамашалаңыздар.

Ән: Күз келгенде.

Сән үлгісі...

Мадақтамалар табыстау: «Қарақат»бөбекжай меңгерушісі А.Қонақбаева.























« Қарақат» бөбекжай-бақшасы






Shape1



Алтын күз






Тәрбиеші: А.Бескулакова

«Жасұлан» ересек тобы

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!