400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз 2 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Класс сағатында өткізілді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: 16.10.17ж 2"В"класс

Тақырыбы:Алтын күз

Мақсаты:
1. Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу;
2. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;

3.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілік:күзгі суреттер,нақыл сөздер

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру бөлімі:

Бүгінгі сабақтың тақырыбы:Алтын күз деп аталады.
Күз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлык, молшылық. Күз дегеніміз - қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз, бұл мезгілде жеміс - жидек, астың пісіп жетілуі, күзде малда, аң мен құстарда қоңданып, семіреді. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.
Динара: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Анель: Нағыз Алтын күз - қыркүйек айы. Қыркүйек - ерекше ай. Жалпы алғанда біз үшін күз дегеніміз - мереке, күз дегеніміз - береке.
Бағдаулет: Алтын нұрдай тамшылап.
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді.
Дала біткен жайдары
Ақ бидайды айдарлы
Жапан түзге кім екті.
Айдана: Диқан бабаң екті де,
Еңбектен еш қайтпады.
Алдыңа кеп төкті де
Нанды үйіп тастады.
Көрініс: «Егінші мен қасқыр»
Автор:
Мөлдір,Егінші: Диас
Ойын:
1) Күз мезгілінде туған балалар.
2) Жапырақ жинау.
Мынау бақ. Онда әр түрлі жеміс ағаштары өседі. Олар: алма, алмұрт, шабдалы, алхоры, жүзім, шие, жаңғақ. Жаз бойы ағаштарды күтіп, суарады. Күзде жемістері піскеннен кейін жинап аламыз. Алма, алмұрт, шабдалы, жүзім, шие тәтті жемістер.
Ерасыл: Біздің бақшада картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз, қияр, қызанақ өседі. Біз жазда оларды күтеміз. Күзде жинап аламыз.
Менің атым - қазан. Күзгі жиын - теріннің соңғы айымын, еңбекқор елді той - думанға кенелтемін. Менде қандай мерекелі күндер бар?
Оқушылар хормен: Қазан айының алғашқы жексенбісі - Ұстаздар күні.
Қарттар күні, сабантой.
Менің атым - қараша. Күздің соңғы айымын. Қыстың жақындап қалғанын хабарлаймын.
Күз айлары: Ал, балалар, сендер біз туралы, біздің мерекелі күндерді жақсы күндерді жақсы біледі екенсіңдер. Енді кезекті күз байлықтарына береміз.
Егін, жеміс, жапырақ, алма, жүзім, қауын, асқабақ айта берсем көп екен..
Молшылық күз - береке күз,
Береке күз - мерекеміз!
Қараңдаршы көзің тоймас.
Күз деген бір жақсы уақыт
Ойда, қырда, таудың іші,
Бір молшылық жатқан шалқып.
Ал, балалар, кім біледі?
Неге айтамыз «Алтын күз» деп.
Қорытынды:Міне, балалар, әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар.
Еңбекті талап ететін күз мезгілі бізді тәтті тағамдармен байытады.
«Еңбек етсең емерсің» деген осы.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі