Алтын күз 3-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алтын күз 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектысы бар 3-сынып оқушыларына арналған маетриал. Пайдасы зор
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Б.А. Ердембеков

_________________________

«___»______________2020ж.



Жоғары колледж

түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімінің


Бағдарламасы



Өтетін орны: «Жастар Сарайы », «Атриум»

Өтетін уақыты: 24 маусым 2020 жыл, сағат 11.00.

Жауаптылар: Колледж әкімшілігі


  1. ФАНФАР

  2. Жүргізушінің салтанатты шараны ашуы

  3. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң ректоры Б.А.Ердембековтың құттықтау сөзі.

  4. Үздік дипломдарды табыстау, ректормен естелік суретке түсу.

  5. Фанфар.

  6. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Бердыбаевтың Н.М. құттықтау сөзі. (дипломдарды табыстау)

  7. Фанфар.

  8. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң Жоғары колледж директоры Г.Н.Үйсінбаеваның құттықтау сөзі. (дипломдарды табыстау)

  9. Фанфар.

  10. Диплом алған түлектердің алғыс сөзі. «Құқықтану» мамандығының жас түлегі Дузбаева Инжумаржан.

  11. Ән

12. Дипломдар тапсыру рәсіміне арналған салтанатты жиынның жабылуы.

Бекітемін

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Б.А. Ердембеков

_________________________

«___»______________2020ж.



Жоғары колледж

түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімінің


СЦЕНАРИЙІ


1-жүргізуші: Армысыздар, ұрпаққа кешегі мен бүгінді танытып, білім нәрімен сусындатқан ұлт жанашырлары, профессор-оқытушылар қауымы, еліміздің ертеңіне кірпіш болып қаланар жас мамандар және салтанатты жиын қонақтары!


2-жүргізуші: Құрметті түлектер! Сіздер, еліміздің батыс өңіріндегі ең іргелі жоғары оқу орыны Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Жоғары колледжін бітіргелі тұрсыздар.


Биыл біздің Жоғары колледждің алғашқы түлектері қанат қағатын сәт. Біз бұл сәтті ұзақ күттік. Колледждің берген білімін әрімен қарай шыңдап, биік белестерді бағындыратындай үлкен маман болуларыңызға біз шын жүректен тілекшіміз.


1-жүргізуші: Олай болса, Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, бүгінгі салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз!


2-жүргізуші: Диплом табыстау салтанатты рәсімінің құттықтау сөзімен және Жоғары колледждің 2020 жылғы түлектеріне үздік дипломдарды табыстау үшін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлын сахна төріне шақырамыз.


РЕКТОРДЫҢ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ


1-жүргізуші: Ал, ендеше түлектеріміз үшін маңызды сәт - диплом табыстау рәсімін бастайық.


ФАНФАР


1-жүргізуші: Бауыржан Аманкелдіұлы, сізді үздік диплом иегерлерімен естелік суретке түсуге шақырамыз.


РЕКТОРДЫҢ ТҮЛЕКТЕРМЕН СУРЕТКЕ ТҮСУІ


1-жүргізуші: Үлкен рахмет, Бауыржан Аманкелдіұлы!


Құрметті түлектер! Бүгінгі сіздердің қуаныштарыңызбен құттықтау үшін, ортамызға арнайы келіп отырған сыйлы қонағымыз бар. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Бердыбаевтың Н.М. шақырамыз.

1-жүргізуші: Құрметті салтанатты жиын қатысушылары, диплом табыстау рәсімін жалғастыруға рұқсат етініздер. Бұйрықты оқиды.


ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ


ФАНФАР


1-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегін Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң Жоғары колледж директоры Г.Н.Үйсінбаеваға береміз.


ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ


ФАНФАР


1-жүргізуші: Бітіруші түлектер атынан сөз кезегі «Құқықтану» мамандығының жас түлегі Дузбаева Инжумаржанға беріледі.



БІТІРУШІ ТҮЛЕК ДУЗБАЕВА ИНЖУМАРЖАННЫҢ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ

ӘН


БІРГЕ: Ак жол, сәт сапар, жас мамандар!




Қымбатты түлектер, қадірлі ұстаздар, ата – аналар!


Оқуға түсіп, диплом алу — әрбір жастың алаулаған арманы, үкілеген үміті. Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітіруші түлектер дәл осындай шаттыққа кенелуде.

Бүгінгі күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті өңірдегі қазіргі заманғы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Оның дәлелі ҚР үздік-20 ЖОО бас рейтингісінің қорытындысы бойынша университетіміздің 7 орын алуы.

Физика-математика факультеті университетіміздің ең алғаш болып құрылған екі факультетінің бірі. Бүгінде бұл факультет бакалавриаттың 9 мамандығы, магистратураның 6, докторантураның 1 мамандығы бойынша кадр даярлап келеді. Және бір соңғы қуанышты жаңалық физика мамандығы бойынша докторантураның ашылуы. Бұл факультет пен кафедраның зор еңбегінің нәтижесі деп білем. Факультет студенттері биыл академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдін 5 университетінде және 6 отандық университеттерде білім алып келді.

Биыл физика-математика факультетінің күндізгі бөлімін 155, сырттай бөлімін 99 студент бітіріп, маман атанып отыр, оның 22-сі үздік диплом иегерлері.

Факультет жыл сайын 200-ден аса «Математика», «Физика», «Информатика», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандықтары бойынша жаратылыстану, білім, ақпараттық жүйелер бакалаврлары мен магистрлерін даярлап шығарады. Факультет түлектері өздерінің кәсіптік білімдерін табысты іске асырып, мемлекеттік құрылымдарда, еліміздің және шет мемлекеттердің ірі компанияларында, білім беру мекемелерінде, ғылыми-зерттеу институттарында басқару, білім және ғылым салаларын  дамытуға айтарлықтай үлес қосуда. Атап айтсақ, көп жылдар бойы Ақтөбе облысының әкімі болған, экономика ғылымдарының докторы Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов, Анкара қаласындағы Орта-Шығыс университетінің профессоры Марат Убайдуллаұлы Ахмет, академик Кенжеғали Кенжебайұлы Кенжебаев, АҚШ-та әйгілі Google компаниясында жұмыс жасайтын Нука Никита және т.б.

Енді міне, солардың қатарын биылғы бітіруші түлектер де толықтырады деп сенеміз.

Биылғы факультет бітірушілері арасында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 34 жас түлек маман атанғалы отыр. Енді олардың алғашқы еңбек жолдарын Ақтөбе өңірінен бастайтындығы, әрине бізді қуантады.

Түлектер арасында 4 жыл бойы жақсы оқуларымен, университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араласуымен, Республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындар алуымен ерекшеленген Раисов Әділет, Яхия Досбол, Рахметов Әділет, Калиматов Талғат, Шарафеев Карим, Елубаев Рустем секілді студенттерімізді атап өтуге болады.

Құрметті жас түлектер, математикалық әдістер мен ақпараттық технологиялар ғылымның, экономиканың барлық салаларында кеңінен қолданылатын қазіргі заманда сіздердің алған кәсіби біліктіліктеріңіз бен машықтарыңыз елге, өздеріңізге рухани-материалдық тұрғыда қызмет ететін болады. Мен сіздерге осы білім шаңырағында алған тәлімдеріңізді, ұстаздардың ұлағатын, баршамыздың аманатымызды дұрыс атқарады деген сенімдемін! Елге қызметте әрдайым жолдарың ашық болсын.

Қымбатты ата-аналар, профессор-оқытушылар құрамы! Балаларыңыз бен шәкірттеріңіздің бүгінгі жетістіктері – диплом алуларымен құттықтап, баршаларыңызға жас ұрпақты тәрбиелеуде еткен еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіремін.

Біздің халықта «білімнің басы – бейнет, түбі – зейнет» деген ұлағатты сөз бар. Оқу орнының түлектері рухани жаңғыру жолына түскен тәуелсіз Қазақстанға аянбай қызмет істейді деп сенемін. Сол үшін де университет басшылығы, ұстаздар қауымы қажырлы еңбекпен сіздерді оқытты. Енді сол еңбекті ақтап, тәуелсіз елімізге аянбай адал еңбек етіңіздер!

АҚ ЖОЛ, ЖАС ТҮЛЕК!








ШАҚЫРЫЛАТЫН ҚОНАҚТАР


  1. Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы

  2. Шункеев Қуанышбек Шункеевич

  3. Цхай Константин Валентинович

  4. Муканов Нұрлыбек Бекболатұлы

  5. Сартабанов Жайшылық Алмағамбетұлы

  6. Шүкіров Жәрдемғали Шүкірұлы

  7. Қағазбаева Әспет Кеңесбекқызы

  8. Бигалева Марал Жолдасқалиевна

  9. Баймағамбетов Отарбай Баймағамбетұлы

  10. Утарбаев Совет Игисинович

  11. Ильясов Исатай Ильясович

  12. Қайдасов Жеткербай Қойлыбайұлы

  13. Құлшықова Амангүл

  14. Алданиязова Гүлбағда

  15. Қоразов Төретай

  16. Жылқыбаев Аманғали

  17. Жаумитов Болат Жаумитович

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.00.2020
1019
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі