400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз - 2018!

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз - 2018! мерекелік кеш. Бұл мектептегі тәрбие жұмыстары үшін керек материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаңа-Үлгі негізгі орта мектебі»КММ









Тақырыбы:«Алтын күз-2018!»


Орындаған: Нуралин А.Б.

Бердугожина С. К

Талаптанова М.Б.







2018-2019 оқу жылы

Мақсаты:Күз мезгілі жайында оқушылардың білімін кеңейту,күз мезгілінің ерекшеліктерін есте сақтауға үйрету.Оқушы өзін еркін ұстауға,өз ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру,шығармашылықпен жұмыс істеуін дамыту.Өз беттерінше ерінбей еңбек етуге үйрету және өз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Өту барысы:

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар,ұстаздар бүгінгі «Күз кереметі» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Қайырлы кеш достар!

Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,

Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.

Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Біздерде ойын сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!

Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының жеңімпаздарын іріктеп шығару.

Жүргізуші: Әділ – қазы береді,

Өздеріңе сыйлықты.

Бізге айтып береді,

Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік. Әділ – қазылар мүшелері: Каракасова Гаухар, Базанова Гульмира, Калиева Бақты.

Жүргізуші: Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.

Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға қатысушы сыныптарды шақырамыз! Құрметті қатысушылар ортаға жеребе тасталады, келіп алуларыңызды сұраймыз.

Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,

Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.

Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,

Қанекей, сыныптар сайысын бастайық біз.

Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік 1 – тур: Таныстыру

2 – тур: «Күзгі вальс»

3 – тур: «Өнерің өрге жүзсін»

4 – тур: «Сән үлгісі» және шаш үлгісі

5 – тур: Көрме. Үздік сурет және икебана.

Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз. «Таныстыру» сайысы!

Ортада 1 – ші: Саңырауқұлақтар

2 – ші: Сәбіздер

3 – ші: Күнбағыстар

4 – ші: Шиелер

5 – ші: Қиярлар

Жүргізуші: Шалқып, тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Бүгінгі күз кешінде

Би билейік бәріміз, - деп келесі

2 – тур: «Күзгі вальс» Ортаға жұптарды билеуге шақырамыз.

Әділ қазылар әр тур өткен сайын бағалап отырады.

Жүргізуші: Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,

Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,

Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,

Қатысушыларға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады. Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.

Жүргізуші: Модельер болу оңай ма?

Қиналып жатсаң мұңайма.

Әр мамандық өзгеше,

Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезекте «Сән үлгісі» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады. Әр жұп дайындаған киімдерін киіп мода көрсетеді. Ал ендеше ортаға қатысушыларды шақырамыз.

Ал, әділ қазылар сән үлгісі сайысының бағасын бере отырайық.

Жүргізуші: 5 – тур: Спорттық ойын сайысы. Бұл «Күзгі бал» сайысының ең соңғы қорытынды байқауы!

Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,

Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен ұғатын.

«Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз!

Ендігі кезек әділ қазыларда!

Жүргізуші: Осылайша «Күзгі бал» сайысы өз мәресіне жетті. «Күзгі бал» байқауының жеңімпаздары.

1-ші орын: 5-СЫНЫП, 9-СЫНЫП

2-ші орын: 6-СЫНЫП

3-ші орын: 7-СЫНЫП, 8-СЫНЫП

Жүргізуші: Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,

Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.

Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,

Ұстауым менің, достарым менің Бәрінде аман болыңдар! Осымен «Күзгі бал» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
560
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі