400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз " мерекелік іс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мерекелік іс шара мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілеріне көмегі тиеді деп ойлаймын. Мерекелік іс шараның мақсаты балаларды күз мезгіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Балауса» балабақшасы КМҚК













«Алтын күз, әсем айналам,

Еліне береке сыйлаған»

Ересек тобы «Жұлдыз»





Музыка: жетекшісі: Хасенова М.Е.









2018ж




Жүргізуші: Армысыздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Қарсы алайық бәріміз,
                          Жасымыз бен кәріміз.
                           Қырдан кепті қыдырып,
                          Алтын күз бізге нұр төгіп.

Жүргізуші:
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгін мейрам бүгін той

Қуаныш күн біліп қой.

Балаларды қарсы алайық

Алақанды соғып  қой.

(Музыка ойналады,балалар қолдарына жапырақтарын ұстап кіреді).

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл жылдың қай мезгілі, балалар? (Күз мезгілі)

«Кім тапқыр?» ойынын ойнайық.                  

                   Ал, балалар, балалар,

                   Күзді енді тыңдаңдар,

                   Қандай жұмбақ айтса да,

                   Шешпей оны қоймаңдар.

Мен сендерге жұмбақтар жасырам сендер қолдарынды көтеріп жауап бересіңдер. Кім көп табады екен.

 

1.Бұл не деген көп киім,                    

Жетпіс қабат көп киім.                        

Жаңбыр одан өтеді,                               

Түймелеуге жетпейді.                           

                  (қырыққабат)                                                

  4. Іші жұмсақ, сырты қатты,

    Еті қызыл, сүті тәтті.

                                    (қарбыз)

            5. Жер бетінде шашы бар,                6.Жаз да жылдам өтіпті,

Жер астында басы бар.                         Күн суытып кетіпті.

                           (сәбіз)                         Киейін деп сондықтан, 

                                                                  Алып қойдым етікті.

                                                                                              (күз)

(Ендеше, күз мезгіліне арнаған тақпақтарымызды айтып берейікші)

(алтын күзге арнаған әнімізді айтайық)

Ән: «Алтын күз»

Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?

Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)

4. Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

5. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар. (Мақта)

Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар, егін және күз жайлы мақал- мәтелдер біледі.  

1.Екпей егін шықпас, 2. Жердің сәні егін

Үйренбей білім жұқпас. Ердің сәні білім

3. Егіндікті күз суар. 4. Арпа, бидай ас екен

Күз суарсаң, жүз суар Алтын күміс тас екен

 5. Не ексен соны орасың 6. Жері байдың – елі бай.

 Жүргізуші:Сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.

Би: « »
Мадина: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып

Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
2 - бала: Енді, енді не етеміз?!
Мадинаға қалай көмектесеміз?
Қабдолла Әдия: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Мадина: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Азамат: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Абылайхан: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген рецепт!
Мадина: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Жанель: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Мадинаға дәрігерлік көмек керек!
Жанель: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Жанель: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Мадина: Енді не істеймін?
Жанель: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..

Жүргізуші: Балалар,ендеше Эфирде –  «Күзгі бақша»  телеарнасының , Қызанақ – кориспондентінен бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар  бар екенің, хабарласып көрейік!

-          Сәлеметсізбе, мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр!

Қызанақ - кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?



Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.

ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»

Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.

1 –Өрік

2 – Қызанақ

3 – Орамжапырақ

4 – Жүзім

Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.

Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!

Жүргізуші: Қызанақ,саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Ендеше, біздің балалардың әнін тамашалайық.

Ән: « Осень наступила»

Жүргізуші: Балалар күзде, аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің, сыйлықтарына рахметін айтады. Ендеше  эфирде – «Күзгі орман» телеарнасының кориспонденті –Қоянға сөз берейік!

-          Сәлеметсізбе қоян! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалады?

Қоян –кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін табыңдаршы.

Үсті толы ине,

өзін қорғай алады,

домаланып қалады. Қандай аң?

Балалар: Кірпі!

Қоян–кориспондент: Дұрыс балалар!

Бұтақтан бұтаққа секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң.

 Балалар: Тиін!

Қоян–кориспондент: Дұрыс тиін! Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қорек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Кірпіге  алмаларды, ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз!

ОЙЫН «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»

Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.

Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жіберді.

Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.

Ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би: « »

Жүргізуші:  Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз,  аналары тіккен күздік киім үлгілерін  көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2015» күзгі сән үлгісін ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
360
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі