Материалдар / «Алтын күз аруы - 2021»

«Алтын күз аруы - 2021»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың күз мезгілінің ерекшелігі туралы, күзде атқарылатын жұмыстар туралы түсінік беру. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, өз халқының салт - дәстүрін біліп жүруге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2021
1394
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: «Алтын күз аруы - 2021» 


Мақсаты: Оқушылардың күз мезгілінің ерекшелігі туралы, күзгі молшылық, береке туралы түсініктерін кеңейту. Күзде атқарылатын жұмыстар туралы түсінік беру. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, өз халқының салт - дәстүрін біліп жүруге тәрбиелеу.

жүргізуші:

Күз әнін балалар хормен айтады.

1. Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз.

Кемелденсін халқымыз!

жүргізуші:

Қайырлы күн! Армысыздар құрметті ата-аналармен балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Күз барлығымызға молшылық, ырыс,қуаныш әкелетін мезгіл. Күзіміз әрдайым берекелі ырысты болсын.


Құрметті көрермендер «Алтын күз аруы - 2021» атты байқауымызды 

бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі Күз аруына қатысушы қыздарымызды ортаға шақырайық.


жүргізуші:

-Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып кетейік осы отырған баршаңа, - дей 

отырып, құрметті көрермендер әділ баға беретін әділ қазы алқаларымен 

таныстырып өтейік.

Әділ қазы алқалары:

1. Саденбаева Айгүл

2. Қасымбекова Нәзипа

3. Жусипова Айнұр


жүргізуші:

Бағдарламамен таныстырып өтсек: 


1-кезең:Таныстыру

2-кезең:«Кім ойға жүйрік» сұрақ, жауап)

3-кезең: :Қолөнер(өз қолымен жасаған бұйым және арнайы берілген тапсырма)

4-кезең «Өнерің өрге жүзер» (өз өнерін көрсетеді)

5-кезең «Сән үлгісі» (күздің көрінісі)


1-жүргізуші:

-Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, « Алтын күз аруы-2021 » атты сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыруға кезек берейік. Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі « Алтын күз аруы-2021 » сайысының ханшайымын іріктеп шығару.

Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз

1-кезең:«Таныстыру» сайысы!

Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

Ортаға № 1 ханшайым ________________

№ 2 ханшайым ________________

№ 3 ханшайым ________________

№ 4 ханшайым ________________

№ 5 ханшайым ________________

№ 6 ханшайым ________________

№ 7 ханшайым ________________

2-жүргізуші:

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді.

Білім-ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге

Қол соғамыз бәріміз!

2-кезең:«Кім ойға жүйрік» деп аталады. (Жасырынған конвертте сұрақтар берілген сұрақтарға жауап береді). Сөз кезекті әділ қазыларға береміз.


1-жүргізуші:

Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет, Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет, Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей, Жұптарға сөз берелік жеке-жекелеп.

3- кезең Қолөнер. Берілген тапсырманы орындауы тиіс өз уақытымен.

Ал, әділ қазылар алқасы ханшайымдардың көрсеткен өнерлеріне баға беріңіздер. 

4-кезең: «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Ханшайымдар өздерінің дайындап келген өнерлерін ортаға салады.

 Ал, әділ қазылар алқасы ханшайымдардың көрсеткен өнерлеріне баға беріңіздер. 

1-жүргізуші:

Модельер болу оңай ма?

Қиналып жатсаң мұңайма.

Әр мамандық өзгеше,

Өз мәнінде, шырайда, - деп

 5-кезең: «Сән үлгісі» сайысы.

Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс.

Табиғи материалдарды пайдалануына да болады. Әр жұп дайындаған киімдерін киіп сән үлгісін көрсетеді.

 Ал, әділ қазы алқасылары дайындап келген күзгі сән үлгісі және шаш үлгілеріне қойған бағаларын тыңдайық. 

жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізетін мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

«Алтын күз аруы -2021» байқауын қорытындылау үшін әділ  қазылар 

алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ қазыларда! 

жүргізуші: Осылайша сайысымыз өз мәресіне жетті «Алтын күз аруы-2021» байқауының жеңімпаздары

Бас жүлде:_____________________________________________қошеметпен ортаға шақырамыз. Ең бастысы жоғарыда айтып кеткенімдей біздің бұл 

байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі « Алтын күз аруы - 2021 » 

сайысының ханшайымы іріктеп шығару 

«Күз ханшайымы»: ______________________________________

жүргізуші: 

Тіршілік арман, бәрімізге де орын бар, 

Басады кейде онсыз да қиын жалын бар. 

Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда, 

Ұстауым менің, достарым менің 

Бәріңде аман болыңдар!

Осымен «Алтын күз аруы -2021 » сайысымыз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!

Қорытынды сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен ата – аналарға береміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ