жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алтын күз әсем айналам
Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр
төгіп.
Армысыздар ағайын!
Сәлеметсіздерме,ұстаздар, қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең
тамаша -«Алтын күз, әсем
айналам» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? Күз
мезгілінде
Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды
шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек
көйлегін» -Бұл не ,балақайлар?
(Арине бұл күз
ханшайымы.)
Күз
ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп
қосқаным,
Күз сыйлығын
алыңдар
Сыйлығына
қаныңдар.
Молшылыққа
кенеліп,
Шаттық әнге
салыңдар.
Жүргізуші:
Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған.
Кезегімізді өлең шумақтарға
берейік
-Ал, балалар қонақтарға және біздің күз ханшайымызға өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
1-бала Сап –сары маңай
Сап-сары тоғай Айсана
2-бала Осень, осень озорная
Ты такая золотая Алдияр
3-бала Жапырақтар сап-сары,
Қайтты күннің аптабы Жания
4-бала Шуағы нұрлы жайнаған
Алтын күз әсем айналам Диана
5-бала Жапырақтар сап-сары,
Қайтты күннің аптабы Айару
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Ал балапандарым енді бой сергітіп билеп алайық!
Би: «Балапаным» Хадиша Сейітова
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Енді
сендермен керемет бір ойын ойнайық, ойынның шарты жемістермен
көкөністерді екі себетке орналастырып
салайық.
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар
көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын
білесізбе?
Күз
ханшайымы: Білмейді
екем...
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз.(Ойын
«Көкөністерді ажырат»
Күз ханшайымы: Ал ендеше балалар біз қандай мерекені тойлап жатырмыз мен ұмытып қалдым ..... Ааааа есіме түсті біз күз мерекесін тойлатып жатыр екенбізғой. Ал балалар маған арналған сендердің қандай өнерлерің бар, қандай тосын сыйларың бар?
Жүргізуші: Біздің балалар сізге арнаған керемет биі бар, ендеше алтын күз биіне билеп берсін!
Би: Алтын күз
Күз ханшайымы: - Рахмет, балалар. Міне менің сендерге уәде еткендей сыйлығымды берейін. Бүгінгі мерекеде сендердің өнерлеріңқатты ұнады, керемет екенсідер үлкен азамат, азаматша болыңдар. Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты Келесі жылы сендермен тағыда кездесеміз аман сааау болыңдар!
Жүргізуші: Ал балалар күз ханшайымы кетті, ендеше бізде өз тобымызға барып жайғасайық.
Тілегім аман болсын ел
іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала
келді.
Құрметті қонақтар, бүгінгі
«Алтын күз, әсем айналам» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз
берекелі, астықты болсын демекпіз.
« Берекелі бақ дәулет,
арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар,
келгенше жыл айналып.» Сау
болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген