Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Алтын күз әсем айналам

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге өте жақсы көмек береді
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жүргізуші:       Қарсы алайық бәріміз,
                           
Жасымыз бен кәріміз.
                            Қырдан кепті қыдырып,
                            Алтын күз бізге нұр төгіп.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,ұстаздар, қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша -«Алтын күз, әсем айналам» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып, 
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Күз мезгілінде


Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
                    Енді бері қараңдар
                    Бізге қонақ келмекші
                    Сендерді бір көрмекші
                    Әуелі жұмбақ жасырам
                    Қулығымды асырам.
                   
Таба алсаңдар шешімін
                 
  Қонағымды   шақырамын.


«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»
-Бұл не ,балақайлар? (Арине бұл күз ханшайымы.)

Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
                                Өмірге көп қосқаным,
                                Күз сыйлығын алыңдар
                                Сыйлығына қаныңдар.
                                Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.










Жүргізуші:  Әсем әуен салдырған
                     
Сәбилер де алғыр жан
                     
Бал дәуреннің қызығын
                     
Есте қалар балдырған.
Кезегімізді  өлең шумақтарға берейік

-Ал, балалар қонақтарға және біздің күз ханшайымызға өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.



1-бала Сап –сары маңай

Сап-сары тоғай Айсана

2-бала Осень, осень озорная

Ты такая золотая Алдияр

3-бала Жапырақтар сап-сары,

Қайтты күннің аптабы Жания

4-бала Шуағы нұрлы жайнаған

Алтын күз әсем айналам Диана

5-бала Жапырақтар сап-сары,

Қайтты күннің аптабы Айару

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
                    Жайнап гүлдей жүріңдер
                    Күздің тойын тойлайық
                    Би билейік, ойнайық.

Ал балапандарым енді бой сергітіп билеп алайық!

Би: «Балапаным» Хадиша Сейітова

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Енді сендермен керемет бір ойын ойнайық, ойынның шарты жемістермен көкөністерді екі себетке орналастырып салайық.
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесізбе?
Күз ханшайымы: Білмейді екем...
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз.(Ойын «Көкөністерді ажырат»

Күз ханшайымы:  Ал ендеше балалар біз қандай мерекені тойлап жатырмыз мен ұмытып қалдым ..... Ааааа есіме түсті біз күз мерекесін тойлатып жатыр екенбізғой. Ал балалар маған арналған сендердің қандай өнерлерің бар, қандай тосын сыйларың бар?

Жүргізуші: Біздің балалар сізге арнаған керемет биі бар, ендеше алтын күз биіне билеп берсін!

Би: Алтын күз

Күз ханшайымы:  - Рахмет, балалар. Міне менің сендерге уәде еткендей сыйлығымды берейін. Бүгінгі мерекеде сендердің өнерлеріңқатты ұнады, керемет екенсідер үлкен азамат, азаматша болыңдар. Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты Келесі жылы сендермен тағыда кездесеміз аман сааау болыңдар!

Жүргізуші: Ал балалар күз ханшайымы кетті, ендеше бізде өз тобымызға барып жайғасайық.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
                      Алтын күз қайта келді берекесі.
                      Молшылықтың жаршысы бола білді,
                      Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Құрметті қонақтар, бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
          «  Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
            Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.» Сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2021
359
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12