жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Алтын күз әсем айналам, Еліме береке сыйлаған!!! » ертенгілігі.
МҚКК «Ақ бота» бөбекжайы
«Балапан» ортаңғы тобының
«Алтын күз әсем айналам,
Еліме береке сыйлаған!!! » ертенгілігі
Тәрбиеші:
Қ. Т. Жүнісова
И.Ж.Кабылденова
Тереңкөл – 2018 ж
«Алтын күз әсем айналам,
1. Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар, асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті, баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Құттықтай отырып бүгінгі біздің ортаңғы топтың «Алтын күз әсем айналам, Еліме береке сыйлаған » атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Төңірек толы сары алтын
Күз келді туған жеріме
Шуағы нұрлы жайнаған
Алтын күз әсем айналам
2. Жүргізуші:
Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық,
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді бастайық!
Ортамызға балаларды шақырып қарсы алайық!
(балалар залға кіреді, қолдарында корзина атрибуттарымен, орындарына келіп тұрады.)
Би: "Күз сыйы" биі.
Хормен: Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!
2 Жүргізуші: - Балалар жұмбақты шешіп аласындар ма?
Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Судырап түседі.
Үстінеде егінжай,
Салқын жел соғады.
Гүл,жапырақ шөптер де,
Қуарып солады.
Айтыңдаршы,балалар
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы: (Күз мезгілі)
Ғажайып сәт: Әуенмен залға Күз Ханшайымы кіреді.
Күз Ханшайым: - Сәлеметсіңдер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар! Мерекелеріңіз құтты болсын!
1 Жүргізуші: - Балалар,біздің мерекеге Күз ханшайымы келіпті, қане барлығымыз амандасайық. (Балалар амандасады.)
Күз ханшайым:
Сұр бұлт түсі, суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тонғаныма, тойғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан – деп Абай атамыз жырлағандай бүгін сендердің мерекелеріңді бірге қарсы алуға менде келдім. Баршаңызды алтын күз мересімен құттықтаймын! Күз бақыт, береке әкелсін!
1 Жүргізуші:- Айтқаныңыз келсін, Күз ханшайым. Сіз бізге:
1 - күз дегеніміз не?
2 - Неге «Алтын күз» дейді деген сұрақтарға жауап беріңізші?
Күз ханшайымы:-Күз дегеніміз:
- біріншіден байлық, молшылық, қап-қап астық, картоп, жүгері, өрік, алма. Осының бәрі күзде піседі.
- Әне қараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да сап-сары. Сондықтан халық күзді «Алтын күз» дейді.
Күз ханшайымы:- Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. «Кім жылдам?» атты ойын.(Ойын шарты: ұлдар екі топқа бөлініп шашылған картөпті жинауларың керек.)
- Бір, екі, үш, ал қанеки ұш!
2 Жүргізуші: - Тобымыздың сәнқойлары «Күздік киім» үлгісін көрсетеді.
2 Жүргізуші: - Қазір біздің балалар жемістер мен көкөністердің аттарын атап, түстерін, пішіндерін айтып, сөз тіркестерін айтады.
Алма – жеміс, домалақ, түсі қызыл, дәмі тәтті.
Қияр – көкөніс, пішіні сопақша, түсі жасыл.
Алмұрт – жеміс, үшбұрыш, жасыл, дәмі тәтті
Лимон – жеміс, дөнгелек, сары, қышқыл
Картоп – көкөніс, дөнгелек, қоныр, дәмді
1 Жүргізуші: - Сонымен күзде қандай өзгерістер болатынын балалар айтып берсін:
Күн суытады
Жапырақтар сарғайып жерге түседі
Жеміс-жидектер піседі
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді
Жаңбыр жауады
Егін жиналады
2 Жүргізуші: - Күз ханшайымы, Біздің балалар сізге арнап өздерінің жан –жақты өнерлерін дайындап отыр. Соны тамашалаңыз.
Күз ханшайымы: - Әрине, балалар, мен сендердің өнерлеріңді сүйсіне тамашалаймын.
2 Жүргізуші: Балалардың орындауында өлен-шумақтар.
Асан: Жайдары күз, жарқын күз, Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толы ен далам, Дариядай шалқып жүр
|
Аима: Күздің қазан айында Алма, алмұрт піседі Жапырақтар сарғайып Сыбдыр-сыбдыр түседі |
Барика: Дала сары киінді Самал соқты салқындау, Қырмандарға үйілді Алтынастық, алтын тау.
|
Кристина: Көбейді құт береке, Астық толы қамбамыз Құтты болсын мереке Алтын күзді тойлаймыз. |
Маша: Құстар қайтты ән салып Бұлт шарлады аспанды Қыс келеді жар салып Күзгі суық басталды.
|
Арман: Күзім, күзім, күзім, Пісті алма жүзім, Тұрғандабәрін күз беріп Кел алайық біз теріп
|
Адия: Жапырақ ұшты Суық та түсті Сондада бізге Қызық көп күзде |
Айса: Алтын сары қызыл-көк, Алуан-алуан жапырақ, Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап. |
Жартылай Шеңберге тұрып өлең айтады - «Жапырақ»
Никита: Сарғайды тоғай Витя Л: Күзім ау, күзім ау,
Сап – сары маңай. Мінезің бұзық ау.
Соңғы әнін айтып Жаңбырың сіркіреп
Құс кетті қайтып. Келгенің қызық ау.
Алихан: Ой, балалар, балалар, Самир: Берекесін сыйлауға,
Қурап жапырақ солыпты. Өлкемізге күз келді.
Қоңырқай күз болыпты. Жемістерін жыйнауға
Ел егінің орыпты. Шақырады біздерді.
Батырхан: Бұлт ауады аумаққа
Күз келіпті бау-баққа.
Жаздай піскен жаңғақ та,
Шашылады жан-жаққа.
Жартылай шеңберге тұрып өлең айтады : «Алтын күз»
Алтын күздің жұмбақтарын шешу.
Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан (сәбіз)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады (пияз)
Жазда жасыл ,
Күзде сары. ,
Ағайынды бәрі. (Жапырақ)
Тырс-тырс етіп тамады,
Сайға қарай ағады. (Жамбыр)
Күз Ханшайымы: - Жақсы, балалар, өздерің тапқыр екенсіңдер. Жаңбыр күз мезгілінде жиі жауып тұрады. Маған айтыңдаршы сендер жаңбыр жауғанда қандай киім киесіңдер?
Балалар: - Күрте, резеңке етік.
Күз ханшайымы: - Қолымызға не ұстаймыз?
Балалар: - Қолшатыр.
Күз ханшайымы: - Дұрыс айтасыңдар. Мен енді сендермен ойын ойнайын. Бұл ойынның күз мезгіліне көп қатысы бар. Өйткені көптеген жеміс – жидектер,
көкөністер осы уақытта пісіп жатады.
Ойын: «Көкөніс пен жемісті танисың ба?»
Ойынның шарты: Балалардың көздерін жауып, көкөніс немесе жемістің дәмін көріп атау. (алма, банан, қызанақ, қияр).
1 Жүргізуші: - Күз ханшайымы, біздің балалар ойынды қалай жақсы ойнаса, көкөніспен жеміс туралы тақпақтарды да жақсы айтады.
Күз ханшайымы: - Олай болса, тыңдап көрейік.
(Балалар сахнаға шығып тақпақ айтады)
Өлең-тақпақтар:
Асқанадан шықпаймын, Мынау шие шырағым,
Атым пияз бұқпаймын. Қызыл болып піседі. Вероника
Көзден жасты шығарып, Аян Тезірек жинап алмасаң,
Тұмаудан да сақтаймын. Торғайдың көзі түседі.
Мынау анар құлыным, Өсіретін бойыңды,
Қабығы қалың болатын. Дамытатын ойыңды,
Мөлт-мөлт еткен түрлері, Сара Қоянға да азықпыз, Женя
Моншақты еске салатын. Сәбіздерміз жазықсыз.
Картоп – біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз. Вова
Бір тамырдан тараған.
Ағайынбыз бәріміз. Витя
Тамирис
Күзді күтіп жатырмын, Көрсең егер бақшада,
Жиып нәрді бойы ма. Кирилл Доп екен деп қалма.
Асқабақпын, жараймын, Шөл қандырар қарбызбын,
Қыстай сақтап қоюға . Ерте үзіп алма..
Мынау-алмұрт ақылдым,
Күзде жинап алатын.
Балбыраған біреуін, Айлана
Жесең тойып қаламын.
Ата – аналармен ойын: «Саңырауқұлақ»
Би: «Қолшатыр»
Күз ханшайымы: - Көп-көп рахмет, балалар. Өнерлерің өрге өссін, әрқашанда осындай әдемі, ұқыпты, мейірімді болып жүріңдер. Менің сыйлығымды ала қойыңдар.
(Балаларға әкелген сыйлықтарын беріп, рахметін айтып қоштасып кетеді.)
1 Жүргізуші: - Рахмет саған Күз Ханшайым. Ата-аналарға да көп-көп рахмет, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін. Ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген