Материалдар / "Алтын күз әсем айналам, Еліме береке сыйлаған" тақырыбындағы ертеңгілік сценариі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтын күз әсем айналам, Еліме береке сыйлаған" тақырыбындағы ертеңгілік сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобына арналған күзгі ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
312
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӘУЕЗОВ АУДАНЫ

КМҚК «№144 БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ»









«Алтын күз, әсем айналам,

Еліне береке сыйлаған»



Мектепалды даярлық «Балауса» тобы

(Ертеңгілік тақырыбы)



Тәрбиеші: Агинбаева А С









Алматы 2020ж

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілік МАД «Балауса» тобы 2020-21 оқу жылы

Қатысушылар:

Жүргізуші: Айгуль Серикбаевна

Күз ханшайымы- Гулнур апай

Шошытқыш-Мади

Кірпі-Алихан

Қамба бастығы-Айсултан С

Картоп–Адина

Қызанақ-Айдана

Қияр-Назерке

Асқабақ-Айзере

Бұршақ-Жансерік

Пияз-Айсултан Ә

Сарымсақ-Айсултан Е

Қояндар-Соадат, Айзере

Бұлттар-Алан мен Бекнур

Балалар билеп екі қатар боп кіреді

Жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар және «Балауса»тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған,   сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады . Ендеше ертеңгілігімізді бастаймыз.

«Алтын күз» әні орындалады

Жүргізуші:Сары жібек көйлегін желбіретіп

Жапрағын ағаштардың селбіретіп

Тойға бөлеп елімізді күзім келді

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп

Ендігі кезекті тақпақтарға берейік

Тақпақтар:

Алан

Айнала сары ала

Қырманға дән тола

Жемістер пісіпті

Қоймаға түсіпті

Тиара

Вот и осень наступила

Вслед за летом точно в срок

И в садах позолотила

каждый маленький листок

Айзере

Қыстың жақын қалғанын жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап сайға барып бекінді

Анасынан ажырап қалған бала секілді

Саадат

В сентябре наряд из листьев

Поменяет бор

Он наденет золотистый

Праздничный убор

Листьев желтых красных много в эти дни

Посмотрите как прекрасно

Выглядит они

Жүргізуші:Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын

Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл

Түссе сары

Бұл не?

Балалар: Жапырақ

Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар балалар. Қыздардың орындауында «Жапырақтар» биі

Көрініс:«Шошытқышпен достасу»

Картоп пен қызанақ ортаға кеп отырады.

Шошытқыш көңілсіз боп кіреді.

Шошытқыш: Ай, маған өте көңілсіз, құстарды сағындым. Мен оларды жаз бойы шошытып, қуып, көкөністерді қорғап едім. Ал, енді олар жылы жаққа ұшып кетті мен оларды қатты сағынып жүрмін.

Қызанақ:Қарашы, картоп, шошытқыш мұңайып тұр.Біздің тығылып қалғанымыз қандай жақсы болды. Жүр, ендеше, оның көңілін көтерейік.

Картоп: Жарайды. Жүр.

Шошытқыш:Картоп, қызанақ сендердің қалып қойғандарың қандай жақсы болды. Жазда осында бір әнші асқабақ қыз келіп ән салушы еді. Сол қызды да сағындым.

Асқабақ қыз әні. Инсценировка Айзеремен.

Жүргізуші:Достар, Шошытқыштың көңілі көтерілген сияқты. Ендеше келіңдер мерекені бірге тойлайық.

Жүргізуші:Балалар, күз мезгілі мерекелі, берекелі.Күз мезгіліне арналған мақал мәтелдер білемізбе балалар?

Мақал- мәтелдер

Алан

Арпа, бидай ас е

Алтын күміс тас екен


Алихан

Жері байдың – елі бай.

Бекнур

Көктемгі әрекет, күзгі берекет

Мади

Көктемде жерге түске бір дән

Күзде мың дән болады

Тиара

Не ексен соны орасың 

Жүргізуші:Балалар, күз мезгілінде барлық жеміс жидек көкөністеріміз пісіп қамбамыз астыққа толып қалады. Балалар, естіп тұрсыңдарма көліктің дауысы естіледі. Бізге қамба бастығы қонаққа келе жатқан сияқты.

Қамба бастығы көкөністермен жемістермен бірге кіріп келеді.

Қамба бастығы: Мен бастықпын, бастықпын

Мол астықты жиыппын

Ал,ағайындар еріңдер

Сабан тойға келіңдер

(Пияз) Айсултан Ә

Боламын мен дәмдеуіш

Барлық тағамға

Көкөністер ішінен

Пайдалымын адамға

(Қияр) Назерке

Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне

(Қызылша) Жансерік

Менде бір сөз айтайын

Мақтанайын сіздерге

Менсіз борщ болмайды

Винегретте үстелде

(Сарымсақ) Айсултан Е

Посмотрите вот чеснок

Он растет у самых ног

Стрелами зелеными

В небо устремленными

(Қарбыз)Нармин

Іші тәтті

Сырты қатты

Ән «Сабантой»

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз

Жасымыз бен кәріміз

Қырдан кепті қыдырып

Алтын күз бізге нұр төгіп

Балалар бүгін бізге қонаққа күз патшайымы келіпті. Бәріміз қарсы алайық. (күз патшайымымен амандасу)
Күз патшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен күз патшайымы боламын. Сендерге алыс жерден келдім. Мені күз патшасы жіберді. Бұған дейін көп ормандар мен жерлерге бардым, ол жақтан сендер сияқты балаларды кездестірдім. Олар өте ақылды балалар екен менің тапсырмаларымды орындаған соң сыйлыққа жеміс- жидектер бердім. Сендер менің тапсырамаларымды орындауға дайынсыңдар ма?
Балалар: Дайынбыз

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендергежұмбақ ала келдім.

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)


2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)


3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналарұңға да

Айналарнанғада.(Бидай)


4. Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)


5. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар. (Мақта)

Жүргізуші: Күз ханшайымы сіз алыс жолдан шаршап келген шығарсыз. Отырып біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

Би «Рокн рол»


Күз ханшайымы: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.Келіңдер бірге «Дәмін тат та, атын айт» ойынын ойнайық.

Жүргізуші: Балалар күз патшайымының әкелген екінші тапсырамасы ойын екен, яғни ойын шарты: көздерің байланады, дәмін және иісін сезу арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табасыңдар

«Дәмін тат та, атын айт» ойыны.

Дауыл дыбысымен бұлттар кіріп келеді.

1.Бұлт (Бекнур):Қарашы досым досым.Бұл жерде мереке болып жатыр екен.Жаңбыр жауып, мерекелерінің шырқын бұзайық.

2.Бұлт (Алан): Жарайды

Жүргізуші: Құрметті бұлттар. Келіңіздер біздің мерекенің құрметті қонағы болыңыздар. Сатыр гүтірлетіп жаңбырды даламызға жауыңыздар!

Бұлт (Алан):Жарайды бірге тойлайық

Ән: «Сатыр гүтір»

Жүргізуші: Тамаша, балалар! Жаңбыр жауып кетті ғой. Келіңдер «Қолшатырмен би» биін билеп жіберейік.

Би: «Қолшатырмен би»

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, домалап,домалап бізге кірпі қонаққа кеп қапты. Ол өзіне азық іздеп жүрген сияқты.

Кірпі: Мен жаз бойы орманнан жеміс жидек теріп қысқа дайындалдым. Сендердің дауыстарыңды есітіп сендерге мерекеге келдім.

Жүргізуші: Кірпі сен бізбен бірге күз мерекесін тойла.Біз саған алма сыйға береміз. Келіңдер, кірпімен бірге ән шырқайық

Ән «Песня про ежика»

Кірпі: Балалар, сендерге рахмет. Мерекелерің керемет екен. Мен онда барайын. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Күз ханшайымы біздіңде топта өзіңіз сияқты ханшайымдарымыз бар. Олар сізге би билеп бергісі кеп тұр.

Би «Қамажай»

Күз ханшайымы: Тамаша! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!

Жүргізуші: Балалар, тамаша көңіл күймен бүгінгі ертеңгілігімізді өткізіп жатырмыз! Осындай бақытты балалық шағымызды өтіп жатқан қандай заман?

Балалар: Бақытты заман!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!