400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»


Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету.


Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында шарлар.

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
                          Жасымыз бен кәріміз.
                           Қырдан кепті қыдырып,
                          Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
 Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Қазір жылдың қай мезгілі, балалар? (Күз мезгілі)

(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)

1.Мирас: Нұрға бөлеп өмірді

Жырға бөлеп көңілді

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.

2.Айгерім: Думан тлы асқарлы

Күз мезгілі басталды

Күз әуені кеп жетті

Әнге бөлеп жастарды.

3.Мадияр: Күз келді алақай

Алтын келді далаға

Дәні бітіп бидайды

Құйып жатыр қамбаға.

4.Аружан: Қарашы күз келді, күз келді.

Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен тізеді.

Қара бұлт қабағын түйеді

5.Алинұр: Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге

Қызық көп күзде


Жүргізуші:Ағаштардан жамырап, 
Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ! 
(алтын күзге арнаған әнімізді айтайық)

Ән: «Алтын күз»

(Жәй музыка ойнап тұрады)

Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Бүгін бізде мереке!

Күз ханшайымы: Менің достарым! Ал, мен сендерге сыйымды ала келдім.

1.Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. (Алма)

2.Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3.Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.(Сәбіз)
4.Өзі қызыл, өзі қызық,
Ортасында бір сызық. (Шабдалы)
Алма дерсің, түсіне қарап,
Жүгері дерсің, ішіне қарап,
5.Татсаң тәтті, бал шәрбәтті. (Анар)
6. Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

 Күз ханшайымы:Балалар, сендер күз туралы мақал- мәтелдер білесіңдер ме?  

1.Екпей егін шықпас, 

Үйренбей білім жұқпас

2. Жердің сәні егін

Ердің сәні білім

3. Егіндікті күз суар.

Күз суарсаң, жүз суар

4. Арпа, бидай ас екен

Алтын күміс тас екен

5. Не ексенсоныорасың 

6. Жерібайдың – елі бай.

ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»

Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.

1 –Өрік

2 – Қызанақ

3 – Орамжапырақ

4 – Жүзім

Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.

Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!

Жүргізуші:Сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.

Би: «Қолшатыр биі»
Жүргізуші: Ендеше бүлдіршіндеріміздіңөлең шумақтарын тыңдайық.

1.Жанель: Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет, тамаша

Қандай әсем күз.

2.Бекзат: Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан, алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

3.Хамза: Молшылыққа бөлеген,

Күз айы неткен ырысты ең

Біздерді қауыштыратын

Ыстық ұя мектеппен.

4.Аяла: Сап-сары маңай

Сап-сары тоғай

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

5.Есболат: Жеміс-жидек пісті

Қамбаға астық түсті

Қызу жұмыс басталып,

Жинап алды жан салып.

6.Айша: Келді міне күз

Айнала, сары түс

Керемет тамаша

Қандай әсем күз.

Ән: «Күз»

Ақ түсім бар қант алар

Қызыл түсім қанға нәр

Ал балақай біліп қой

Қызылшамын пайдам бар.


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сауболыңыздарқонақтар, келгеншежылайналып.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
254
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі