Материалдар / «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшелікерін ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билетуге, түрлі іс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой – қиялдарының дамыуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым - қатынас қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2022
352
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алтын күз, әсем айналам,

Еліне береке сыйлаған»

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшелікерін ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билетуге, түрлі іс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой – қиялдарының дамыуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым - қатынас қалыптастыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: Шарлар, жапырақтар, сазды әуен, жеміс жидектердің суреттері.

Күз ханшайымы: Исанова М

Жүргізуші: Абылгазинова Ж.А, Мұрат А.М

Ән: «Күз тамаша», «Тише, тише, тишина»

Би: «Қолшатыр», «Жемістер», «Күзгі вальс»

Ойын: «Жұбыңды тап», «Дәм сезу»

Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойнап тұрады. Балалар кіреді.

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
                     Жасымыз бен кәріміз.
                     Қырдан кепті қыдырып,
                     Алтын күз бізге нұр төгіп.

-Армысыздар қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін (Күз мезгілі)

- Бұл не, балалар?

- Ендеше, күз мезгілін е арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық

Дария: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң    

Той жасайды халқымыз
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.


Бекарыс: Қуандырып біздерді,

Кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді,

Кемелденсін халқымыз.    


Арнұр: Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап,

Сайға барып бекінді,    
Анасынан ажырап,

Қалған бала секілді.


Айгерім: Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала,

Астық толы айнала.

Ал егінді жинаймыз

Қырманға дән сыйлаймыз



Әли: Көк майсалы көрікті, 
Алқаптағы көпегін. 
Бұл күндері киіпті, 
Сары жібек көйлегін. 


Сымбат: Жаздай күткен бәріміз,

 Сары алтын,сары күз,
  Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күнім елжіреп.

Ән: «Күз тамаша»

1.Күз келіпті тамаша,

Айналаға қарасаң

Сарғайған көк жапырақ

Сан жетпейді санасаң





Қ-сы

Күз, күз, күз

Сарғаяды даламыз

Біз, біз, біз

Жеміс жинап адамыз

Күз, күз, күз

Күз мезгілі келгенде

Біз, біз, біз

Бөбекжайға барамыз



2.Жаңбырда көп жауады

Бұлттар көкке ауады

Жеміс пенен жидектер

Толып тұрғой бар әлі

Қ-сы



Жүргізуші: Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты. Ол кім болды екен?



Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
                                Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                                Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.


1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)

4. Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

5. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар. (Мақта)



Күз ханшайымы: Жұмбақты шеше алдыңдар жарайсыңдар балалар!

Жүргізуші: Қымбатты Күз ханшайымы! Біздің сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.

Би: «Қолшатыр»


Асылхан: Қауын қарбыз жемістермен

Толтырамыз қол себетті.

Алтын күз деп аталады,

Күз айы сол себепті.


Әлижан Е: Сары алтындай алтын күз

Қамбадағы дәніміз

Шелек шелек балымыз

Ағыл тегіл ағамыз


Айсара: Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды.


Сұлтан: Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық,

Шуылдайды тал-терек

Жапырағын жұлғызып


Елназар: Жапырқ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге

Қызық көп күзде




ОЙЫН: «Жұбынды тап"

Жүргізуші: Баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр бала өз жұбын табады. Кейін ойын қайталанады.

Күз ханшайымы: -Бәрекелді, керемет!


Ән: «Тише, тише, тишина»

Тише, тише, тишина
Осень в гости к нам пришла
Дождик песенку поет
И на землю слезки льет
Дождик песенку поет
И на землю слезки льет

Дружно зонтики возьмем
Под дождем гулять пойдем
Веселее, веселей
Дождик, капай не жалей!
Веселее, веселей
Дождик, капай не жалей!



Жүргізуші: Өлең шумақтарын тыңдайық.

Қарақат: Тоңазып атырап, 
Көп жеміс піседі. 
Сарғайып жапырақ, 
Саудырап түседі. 

Омар:Аспанды сұрғылт бұлт, 
жақтан жабады. 
Күнбірте суытып, 

Жауын көп жауады. 

Гүлбибі: Кездескен соң күзімен,
  Бұтағынан үзілді.
  Ай жапырақ-сары алтын
  Айналаның бәрі алтын.

Ә.Әлижан: Қуаныштың ағайын

Қоңырауын соғайын

Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді


Ерназ: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тонғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан







Жүргізуші: Ортаға жемістерді шықырайық


Би: «Жемістер»


Диляра: Көбейді құт береке

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойламыз.


Нұрай: Алма пісіп, алмұрт түсіп,

Күзде бақтар жайнайды

Құстар қайтып, қош айтысып

Қимас үнмен сайрайды


Айсұлтан: Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.


Айғаным: Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады жапырақ


Д. Раяна: Қуандырып біздерді

Кел жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді

Кемелденсін халқымыз


Ибрахим: Шағы толған гүлдей жайнап

Жарқырады алтын күз

Сайраңдады күліп ойнап

Келді міне алтын күз



ОЙЫН: «Дәм сезу»


Жүргізуші: Балалар көз жұмып, тәрбиеші әр түрлі дәмі бар жемістерді береді. Дәміне татып қандай жеміс екенін айтады.


Жүргізуші: Кезегімізді  өлең шумақтарына берейік.

Айкүнім: Өнер десе жайнаймыз

Сандуғаштай жайнаймыз

Алтын күзге арнап

Әнімізді шырқаймыз.


Даниаль: Үйрек, үйрек қаздары

Шулайды көл қоғалы

Дәурен етіп жаздағы

Күздің желі соғады




Аяла: Күзім, күзім, күзім

Пісті алма жүзім

Тұрғанда бәрін күз беріп

Кел алайық біз теріп


Диас: Жемісі мол беретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген


Даяна: Сарғайды тоғай

Сап сары маңай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтіп


Аруна: Жер берді жемісті

Күз келді келісті

Күз байлық береке

Алтын күз мереке



Би «Күзгі вальс»

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!