Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»
Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен
кәріміз.
Қырдан кепті
қыдырып,
Алтын күзге
бізге нұр төгіп.
Жүргізуші:
Тілегім аман болсын ел
іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала
келді.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар?
(Күз)
Күз
ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп
қосқаным,
Күз сыйлығын
алыңдар
Сыйлығына
қаныңдар.
Молшылыққа
кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
1. Қуандырып біздерді, кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелдейсін халқымыз.
Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз
деген.
2. Ақтарады мырза күз, уылжыған
жемісті,
Күзге бізде ризамыз, аянбаған ел үшін.
Көбейді құт береке, астық толы қамбамыз,
Құтты болсын мереке, алтын күзді
тойлаймыз.
3. Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар
білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,
Анасынан ажырап, қалған бала
секілді.
4. Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол
құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды
Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы
айнала.
5. Алып келді мереке, астық жеміс
береке,
Батырлыққа жараса, көбейді той тамаша,
Ән салады өзен, тал құрақ, шашу болды
жапырақ.
6. Берекесін сыйлауға, өлкемізге күз
келді,
Жемістерін жинауға, шақырады біздерді.
Жүргізуші: Ән салыңдар
күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Ән: « Күз келді!» қабыл алыңыздар!
Күз ханшайымы: - Рахмет, балалар. Бүгінгі мерекеге өзімнің Қыркүйек, Қазан, Қараша атты ұлдарымды ертіп алып келдім. Ендігі кезекті ұлдарыма берейік.
Қыркүйек: Бір-біріне жер аспан,
мейіріммен қарасқан
Ұстаз-шәкірт жүздескен, қош келіпсіз күз дескен
Бірінші қыркүйек, білімге бастады
Мал мен аң жүр билеп, құс шарлап
аспанды.
Қазан: Қазан айы болыпты, қамбаға астық
толыпты
Сары
даланы сәндетіп, думандатып әндетіп
Жаңбырлы ғажап айы, бұл мен қазан
айы.
Қараша: Мол байлық тергені, шаттығы
қаншалық
Қараша өрледі, қараша ән салып
Күн
суытып барады, малдар қолға қарады
Қараша ауыл даламыз, қысқа дайын
боламыз.
Жүргізуші: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ-сары алтын
Айналанын бәрі алтын.
Кезегімізді әнге берейік. Нұрдананың орындауында
«Айгөлек» әнің қабыл
алыңыздар!
Жүргізуші: Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған.
Кезегімізді тақпақтарға берейік.
1.Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді
Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны
түсініп.
2. Күздің қазан
айында, алма,алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып, сыбдыр- сыбдыр етеді,
Күн суытып, жапырақтар түседі.
Астық жеміс жиылды, жомарт екен күз
декен.
3. Сарғайды тоғай,
сап-сары манай
Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып
Жапырақ ұшты, суық та түсті
Сонда да бізге,қызық көп күзде.
4. Күн суытып келеді,
жапырақтар түседі.
Астық-жеміс жиылды,қамбамызға құйылды.
Ардақты күз –мың алғыс, алдық өнім
сыйыңды.
5. Жаздай күткен
бәріміз, Сары алтын,сары күз,
алтын ұя бақшада, сабақ бастар
шағымыз,
көк аспаның мөлдіреп, алтын күнім
елжіреп
асыр салып жүре бер, сары көйлегің
желбіреп.
Жүргізуші: Табиғат-Ана ғой.Тағдыр ғой күз деген.
Тыныштық бұзылма, үмітті үзбеген.
0 "Е" сынып оқушыларының «Листик, листик листопад» биін
тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін,
Мақтанбақшы сіздергі, жемістер, көкөністер сан түрлі.
Жемістер мен көкөністердің өздері туралы тақпақтарын құлақ салып
тыңдаңыздар.
1. Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
2. Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрган ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.
3. Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
4. Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
5. Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.
6. Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай
Менің атым құлпынай.
7. Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
8. Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.
9. Дөп дөнгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп
Менің атым өрік.
10. Көктеп ерте шырмалып,
Әсем мен бүр жарып
Атым қияр теріп ал,
Жиі-жиі су арып.
Күз
ханшайымы: -- Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар көкөністер мен жемістерді
қалай тез ажырата алатынын білесізбе?
Күз ханшайымы: Білмейді екем...
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз.(Ойын «Көкөністер мен жемістер» )
Жүргізуші: --Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Күз ханшайымы,
біздің балалар қандай епті,жылдам.
Балалар өз тақпақтарын айтамыз
дейді.
1. Өнім үйіп тастадық
Оқуды да бастадық
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның.
2. Көк майсалы көрікті, алқаптағы
көпегін
Бұл күндері киіпті , сары жібек көйлегін,
Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ,
Ой алақай тамаша, шашу шашты
жапырақ.
3. Күн шуаққа маужырап, жатыр еді
атырап,
Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ
Әй алақай тамаша, шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша, аунар ма едім жатып
ап.
4. Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр
аймақ,
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары
күз.
5. Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады
жарқын жүз,
Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз,
Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал терек, жапырағын жұлғызып.
Жүргізуші: «Алтын күз» әнін бүлдіршіндердің орындауында қабыл
алыңыздар
Жүргізуші: Бүлдіршінмен бәріміз,
Отбасындай бір ұямыз
Береміз ендеше
Би өнеріне кезегін.
Ортада бір топ бүлдіршіндерімізді қошеметтеп қарсы
алайық. "Қуыршақтар биі"
Жүргізуші: Келді міне алтын күз, сары шашты жарқын
жүз.
Мол өнімді ісімен, таңдандырып халқын
күз.
Күз
ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша
бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін,
сау болыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген
сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам,
Еліне береке сыйлаған» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз
берекелі, астықты болсын демекпіз.
« Берекелі бақ дәулет, арта
түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар,
келгенше жыл айналып.»
С.Мадина:
Шөп сарғайып ,
Өңі тайып.
Дала сұры қашады
Бой жаза алмай,
Денең мұздап тоңады
Айтшы Абзал
Бұл қай кезде болады?
Абзал:
Қазан болды молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады
Бұл құбылыс Мадина
Күзде ғана болады.
С.Мадина:
Көк аспаным мөлдіреп,
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін
Сары көйлегім желбіреп,
Айтшы Абзал
Бұл қай мезгілдің келгені.
Абзал:
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз,алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқар күз
Мадина, бұл Алтын күздің
келгені.
Мадина:
Армысыздар Қымбатты мырзалар мен
ханымдар!
Абзал:
Қайырлы күн,Ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі
достарым.
Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты
болсын!
Мадина:
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз
Ортаға себет толы жемістері бар Күз-Қалима келеді. (қол соғып қарсы алу)
Күз-Қалима:
Сәлем өрен достарым
Өмірге көп қосқаным
Қымбатты сый алыңдар
Молайтыңдар шаттықты
Ән айтыңдар бақытты..
Абзал:
Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Хормен: Ардақты күз мың алғыс.
Күз-Қалима: Мен күзбін, өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп- төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақкөңілділігім үшін бәрі де ұнатады.
С.Мадина: Иә, біз сізді дархан алтын күз деп байлық, молшылық, дархан алтын күз деп білеміз.Біздің сізге арнаған сыйымыз бар .Ұлдарымыз сізге арнап өз өнерлерін көрсетпек.
Балалар қараңдаршы суретші айналаның бәрін алтын түске бояп тастаған. Тіпті жаңбырдың өзі де бұл бояуды кетіре алмапты. Ал, бұл суретші кім болды екен? Мен сендерге жұмбақ етіп жасырайын.
-Жауып жаңбыр
Жер сабыр
Шөп, жапырақ солады
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Күз
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Күзде жаңбыр жауып, жапырақтар сарғайып жерге түседі де, айнала алтын түске боялады. Құстар жылы жаққа ұшып, күн салқындай бастайды екен. Олай болса, балалар, "Күз келді" әнімізді айтайық.
Жүргізуші: Балалар тыңдаңдаршы бір дыбыс естіледі. Біреу келе жатқан сияқты.
Әуен ойналып, ішке сауысқан ұшып келеді.
Сауысқан: Мен осы орманның барлық жерін аралап, ұшып келемін. Мен құр келе жатқан жоқпын. Сендерге хабар әкеле жатырмын.
Жүргізуші: Балалар, бізге кім ұшып келген?
Балалар: Сауысқан
Сауысқан: Мені сендерге Күз ханшайымы жіберді. Мектепке барып, мына хатты сендерге беріп, күз мерекесіне шақыруымды сұрады. Мынау хатты мұғалімдеріне берейін. Хатты оқысаңдар өздерің бәрін түсінетін боласыңдар.
Мұғалім хатты алып, ашып оқиды.
Сәлеметсіңдер ме, менің қымбатты балапандарым! Бір жасқа есейген боларсыңдар! Сендер барлығың жиналып, маған қонаққа келіңдер! Мен сендерді өз үйшігімде асыға күтетін боламын! Тездетіп, көп кешікпей жолға шығыңдар!
Сәлеммен, Күз ханшайымы.
Жүргізуші: Ракмет, саған сауысқан! Күз ханшайымы бізді қонаққа шақырған екен! Сен оған баратын жолды білетін шғарсың!
Сауысқан: Жоқ! Мен оған баратын жолды білмеймін! Хаттың ішінде сендерге жолды қалай табуға болатыны жайында жазылған. Ал мен кетейін!
Әуен ойналып, шығып кетеді. Жүргізуші хаттың ішінен жұмбақ жасырынған жапырақты алады да оқиды.
Жүргізуші: Сендер менің үйшігімді тауып келу үшін мен сендерге жұмбақ жібердім.Оның шешуін тапсаңдар, жолды да тез табасыңдар.
Жұмбақ: Жаз бен көктемде киінген,
Күз келгенде шешінген.
Балалар: Орман.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Бұл қызық пен таңғажайыпқа толы орман екен. Олай болса бәріміз орманға аттанайық. Мүмкін сол жақта Күз ханшайымының үйін білетіндер бар шығар. Жолымыз қысқару үшін ойын ойнайық.
Ойын: "Түсіне қарай жапырақтарды жина"
Шарты: Үш командаға бөлінген балалардың қасында үш себет тұрады. Олардың алдында қызыл, сары, қызғылт сары жапырақтар төгілген. Әр команда тездетіп, өз жапырақтарын себеттеріне жинайды. Қай команда бірінші болса сол команды жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Ойнымызды ойнадық, орманға да келдік. Енді күз ханшайымының үйін қайдан табамыз? Мүмкін біз жолда адасып кеткен болармыз. Енді не істейміз? Жаңбыр жауып кетті оны қалай тоқтатамыз? Балалар қолымыздағы жапырақтарымызбен билеп, бір сергіп алайық. Сонда жаңбырдан тоңбайтын боламыз.
Би: "Листопад"
Жүргізуші қолын маңдайына қойып алысқа қарайды. Алыстан үйшікті көреді.
Жүргізуші: Балалар, мен ана жақта үйшікті көріп тұрмын. Бұл үйшікте кім ұрады екен? Мүмкін бізді қонаққа шақыратын шығар, есігін қағайық.
Есікті қағады, бірақ ешкім ашпайды.
Жүргізуші: Балалар үйде ешкім жоқ сияқты, үйшікке кіріп, жаңбыр тотағанша отыра тұрайық.
Балалар үйшіктің жанынан айналып орындарына барып отырады. Осы кезде ішке қоян кіреді.
Қоян: Не деген әдім үйшік! Ішінен шулаған дауыс естілетін сияқты. Мен барып есікті қағып көрейін. Мұнда кім тұрады екен?
Жүргізуші: Балалар, бізге қонақ келген сияқты.
Қоян үйшікке жақындап келеді.
Жүргізуші: Бізге қоян келіпті. Кірсеңші қоянжан, қорықпа! Біздің балалардың көңілін көтер.
Қоян: Ой, балалар, мен жаурап қалдым. Сендер маған жылынуға көмектесіңдер. Бір тамаша би билейік.
Жүргізуші: Кәнеки, балалар, қоянға жылынуға көмектесіп, көңілді би билеймізба?
Балалар: Иә.
Би: "Қуыршақтар"
Қоян: Жарайсыңдар, балалар, сендерге көп рақмет! Сендермен бірге билеп бір жылынып қалдым.
Жүргізуші: Олай болса, қоянжан сен бізбен бірге күз мерекесін тойлауға қалсаңшы?
Қоян: Жарайды, қалайын.
Әуен ойналып, ортаға аю шығып есік қағады.
Жүргізуші: Бұл кім?
Аю: Бұл мен аюмын
Қоян: Аю! Сен бұл үйшікке симайсың!
Аю: Жарайды! одан да сендер үйшіктен шығыңдар! Мен сендермен ойнағым келіп тұр!
Балалар, ортаға шығып аюмен ойын ойнайды.
Ойын: "Қолшатыр"
Шарты: Екі командаға бөлінген балалар, қолдарында қолшатыр бар. Әуен ойнағанда бірінші бала межеге дейін барып, айналып келеді де, қолшатырды келесі балаға береді. Ойын осылай жалғаса береді. Қай команда бірінші болса, сол команда жеңіске жетеді.
Қоян: Балалар, біреудің келе жатқан аяқтың дыбысын естіп тұрмын. Ол кім болды екен?
Әуен ойналып, ортаға Күз ханшайымы шығады.
Күз: Ерінбестен еңбек етңп келетңн,
Еңбекшіге бар жемісін беретін
Мен, мырза күз, ынтымақты еліңе,
Берекелі ырыс болып енетін.
Жүргізуші: Міне, өзінің мол астық толы қамбасымен бізге Күз ханшаймы келді.
Қоян: Күз бізге өзінің салқын жауынымен қоса орман толы саңырауқұлақтарымен келді.
Аю: Бүгінгі мерекеміз көңілді болатын болды. Өйткені Күз ханшайымы бұл сенің қуанышың ғой.
Күз: Олай болса, неге тұрмыз! Әнді бастаңдар!
Ән:
Күз: Балалар, манадан бері би билеп, ойын да ойнаған екенсіңдер! Бәрінде естіп келе жаттым. Әнді де тамаша айттыңдар. Шаршаған боларсыңдар. Енді отырып демалыңдар. Енді мен сендердің маған арнап жаттаған тақпақтарыңды тыңдағым келіп отыр.
Тақпақтар:
Күз: Жарайсыңдар, балалар, мен жолда келе жатып орамал тауып алдым. Жәй орамал емес, сиқырлы орамал. Орамалым қайда кетті (іздеп жан-жағына қарай бастайды.) Сендермен ойнаймын ба деп тұр едім! Қайда қойдым екен а? А, иә, мына себетімнің бетін жауып қойған екенмін ғой! Ұмытып кетіппін! Қараңдар балалар, орамал себетке не толтырды екен? Ашып көрейін.
Себетті ашып қалғанда іші толы жеміс тұрады.
Күз: Қазір мен оны мұғалімдеріне берейін. Ол сендерге таратып береді. Манадан бері сендермен көңіл көтеріп бір демалып қалдым, менің де кететін уақытым болды. Менің әлі де орман аралауым керек. Сау болыңдар балалар.
Жүргізуші: Жарайды балалар, күз ханшайымына қонаққа барып жақсы көңіл көтердік біздің де мектепке қайтатын уақытымыз болды. Сау болыңдар орман аңдары, қонақтар.
Әуен ойналып, балалар залдан шығып кетеді. Ал аңдар қолдарын бұлғап қалады.