400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған!

Ертеңгілік

Тәрбиеші:

Мұқышева Ә.Б.

№9 «Шұғыла» ересектер тобы

Мақсаты:Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкеністерді ажырата білуге, оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу. Берекелі күз туралы мағлұмат беріп, тақпақтары мен ән билер арқылы мерекелік көңіл күй сыйлау.

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

1-жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып

Алтын күз бізге нұр төгіп.

2-жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

Бұл қай мезгіл балалар? (Күз мезгілі)

Ендеше күз мезгіліне арналған тақпақтарды тыңдайық.

Нұрали: Сарғаяды тоғай

Сап-сары маңай

Соңғы әнің айтып

Құс кетті қайтып.

Айғаным: Қыстың жақын қалғаның

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қойып үлгермей

Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді

Диас: Жатыр дала жалтылдап

Жаз шуағы мол құйды

Күн астында алтын дән

Тербеледі толқиды.

Көктемде егін егетін

Күзде жиып беретін

Біздің дала бай дала

Астық толы айнала.

Адият: Күн суыта келеді.

Жапырақтар түседі.

Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды.

Арсен: Жапырақ ұшты,

Суық та түсті

Сонда да біізге,

Қызық көп күзде.

Науан: Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Нұрайым: Қуандырып біздерді

Кел жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді

Кемелденсін халқымыз

Жеміс мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Ж омарт екен күз деген








2-жүргізуші:

Ән: «Күзгі жапырақтар» туралы ән айтайық








1-жүршізуші: Балалар бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты, ол кім болды екен?

М узыка әуенмен күз ханшайымы келеді.

Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым

Өмірге көп қосқаным

Молшылыққа кенеліп

Шаттық әнге салыңдар.





2-жүргізуші: Сәлеметсізбе күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет менің достарым! Мен сендерге жұмбақ ала келдім.

  1. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұнға да,

Айналар нанға да.

(Бидай)

  1. Сырты қатты,

Іші тәтті.

(Қарбыз)

2-жүргізуші: Мерекені ары қарай жалғастырамыз. Балалардың күз мезгіліне арналған орыс тілінде тақпақтарын тыңдайық

Әлішер: Осень нас к себе на бал

Нынче пригласила

Чтоб никто не опоздал

Осень попрасила

Даяна: Вот и осень наступила

В след за летом точно в срок

И в садах позолотило

Каждый маленький листок

Расул: Если на деревьях листья пожелтели

Если в край далеки птицы улетели

Если небо хмурое если дождик льется

Это время года осень зовется.

Латифа: Осень, осень золотое

Кто скажи тебе не рад?

Только осенью бывает

Разноцветный листопад.

Диас: Что за чудо, что за осень

Листье золотые

Словно шелковые косы

Дева распустила.

Даниял: Так давайте своей песней

К себе осень позовели

Станет все вокруг чудесный

Осень мы тебя так ждем.







1-жүргізуші: Сұлу қыздардың биін тамашалайық.

Би: «Күзгі жапырақ»






2-жүргізуші: Енді қазыр балалардың көрінісін тамашалайық.

Көрініс: «Дәрумендер» бізге қажет пе? Көрейік.

Әсел: Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Бойымнан әл құрып, көздерім бұлдрлап басым айналып барады!

Расул: Енді не істейміз? Әселге қалай көмектесеміз!

Нұрали: Сабыр сақта, саспайық, дәрігерді шақырайық!

Әсел: Жо-жоқ! Дәрігер керек емес! Қазір өзім тұрамын тез.

Адият: Алло, алло дәрігер.

Нұрайым: Алло, тыңдап тұрмын.

Адият: Біздің Әселге көмек керек тезірек келіңіз.

Нұрайым: жақсы қазір келемін.

Жедел жәрдем дауысы

Дәрігер(Нұрайым) Мені неге шақырдың, не болды?

Адият: Әсел құлап қалды.

Дәрігер(Нұрайым): Қазір қарап шығайын, не болғаның ұғайын. (тыңдайды) Дәрумендер жетіспейді. Көп-көп жемістермен көкеністер жеуге тырыс.

Даяна: Достар ендеше эфирде «Күзгі бақ» телеарнасын көрейік. Сәлеметсізбе мені естіп тұрсызба қызанақ корреспондент

Ералы: Сәлем достар, біздің бау-бақшада жемістер мен көкеністер пісіп жатыр, бірақ кім жинайдыц мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?







1-жүргізуші: Әрине біздің балалар көмектеседі.

Ойын: «Жемістер мен көкеністер»

Шарты: Екі жақтан екі екіден бала шығып камазбен көкеністерді жинау керек.







1-жүргізуші: Көкеністер мен жемістерді қарсы алайық.

Адият: Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз.

Диас: Өсіретін бойында

Дамытатын ойында

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз.

Әсель: Тіл үйірген алмұртпын

Тансағанын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім.

Айтуар: Жапырақты тасалап

Өсетін жері бақша –бақ

Күрең қызыл шіркін ай

Менің атым құлпынай.

Даяна: мен моншақты шиемін

Құмарсыңдар білемін

Кетіп қалып жүрмесін

Тамағына сүйегім.

Ералы: Көктеп ерте шырмалып

Әсем мен бүр жарып

Атым қияр теріп ал

Жиі-жиі суарып.

Дархан: Дөп-дөңгелек сап-сары

Ішінде бар дәні

Қызығасын көріп

Менің атым өрік











Күз ханшайымы: Бәрекелді балалар, тамаша!

Ән: «Тамшылар»







1-жүргізуші: Балалар күзде аңдарда қысқа дайындалады, күзге рахметін айтады.

Даяна: Ендеше «Күзгі орман» телеарнасына назар аударамыз, қоянға сөз берейік!

-Сәлеметсізбе қоян! Күзгі орманда не болып жатыр қысқа дайындық қалай?

Қоян корреспондент Даниял: Сәлем достар, орманда көптеген өзгерістер болып жатыр, барлық аңдар қысқа дайындалуда. Балалар сендер білесіңдерме, аңдар қысқы ұйқыға кетер алдында сендердің өнерлеріңді көргілері келеді.

Даяна: Жақсы ормандағы достарға арналған өнерімізді көрсетейік.

Ә н: «Күзгі әуен»






2-жүргізуші: Кезекті тақпаққа берейік.

Ақниет: Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын күз

Сайрандаған күліп ойнап

Келді міне алтын күз.

Ералы: Көптен көзін бір алмай

Қызғылт тартты сары күз

Жер қызығын қиялмай

Маужырап тұр сары күз.

Әлішер: Бір-біріне жер аспан

Мейіріммен қарасқан

Ұстаз-шәкірт жүздескен

Қош келіпсіз күз деген.

Арсен: Қазан айы болыпты,

Қамбаға астық толыпты

Сары даланы сәндетіп

Думандатып әндетіп

Жаңбырлы ғажап айы

Бұл мен қазан айы.

Расул: Мол байлық тергені

Шаттығы қаншылық

Қараша өрледі

Қараша ән салып

Күн суытып барады

Малдар қолға қарады

Қараша ауыл даламыз

Қысқа дайын боламыз.

Мирас: Жепті жидек алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып теріп болған соң

Той жасайды халқымыз

1-жүргізуші:

Би: «Бақалар» биін тамашалайық.






Ән: «Күзгі тамаша»

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі!

Жүргізуші: Бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді есте сақтау үшін бір суретке түсейікші.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
364
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі