Материалдар / Алтын күз әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алтын күз әсем айналам, Еліне береке сыйлаған

Материал туралы қысқаша түсінік
материал балабақша тәрбиешілеріне Алтын күз мерекесін өткізу үшін оңтайлы тақырып деп ойлаймын. Ересек, ортаңғы топтарға қткізуге болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2018
373
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»


Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Барысы: Бөлме мерекеге сай безендірілген.Музыка ойнап, юбдбж№жльджэ

вчюәсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. 
Тәрбиеші: 

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
 Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)

1.Болат Іңкәр: Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.    

Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген. 

2. Мақсат:   Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң    

Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.

3. Гулиса:Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,     
Анасынан ажырап, қалған бала секілді.

4.  Жантемір:  

Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы айнала.

5. Бекжан Көк майсалы көрікті, 
Алқаптағы көп егін. 
Бұл күндері киіпті, 
Сары жібек көйлегін. 
Ағаштардан жамырап, 
Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ! 

6.Нұрсұлтан: Тоңазып атырап, 
Көп жеміс піседі. 
Сарғайып жапырақ, 
Саудырап түседі. 
Аспанды сұрғылт бұлт, 
Жан-жақтан жабады. 
Күнбірте суытып, 

Жауын көп жауады. 
Тәрбиеші:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге Күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Көбелек тобын қарсы алайық.

Ортада «Алтын күз» әуенімен.

(Осы кезде әуен ойналады. Ортаға «Көбелек» тобы шығады.)

Ән: «Алтын күз»

Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?

Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)

4. Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

5. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар. (Мақта)

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, біздің балалар, егін және күз жайлы мақал- мәтелдер біледі.  

 Алихан. Арпа, бидай ас екен

Алтын күміс тас екен

 Ерасыл. Не ексен соны орасың 

Тәрбиеші: Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын дәрі
Өнімдерді ортаға ала
Тойлайық енді шаттана!

Көгершін тобы ортада
Би: «Көкеністер мен жемістер»биі
Бүлдіршіндеріміздің биін тамашалайық.
Гулиса: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
2 – бала «Мақсат»: Енді, енді не етеміз?!
Гулисаға қалай көмектесеміз?
Алдияр: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Гулиса: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Мақсат: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Алдияр: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген рецепт!
Гулиса: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Б.Іңкәр: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Гулисаға дәрігерлік көмек керек!
Б.Іңкәр: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... 
(Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Б.Іңкәр: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Гулиса: Енді не істеймін?
Б.Іңкәр: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..

Тәрбиеші: Балалар,ендеше Эфирде –  «Күзгі бақша»  телеарнасының, Қызанақ – кориспондентінен бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар  бар екенің, хабарласып көрейік!

-          Сәлеметсізбе, мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр!

Раяна. Қызанақ - кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Тәрбиеші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап,тақпақтарын айтып береді.

Әмірәлі:Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың.

Сабина: Мен жүзіммін, жүзіммін.

Моншақ болып тізілдім.

Мүсілім: Мен өрікпін, өрікпін.

Табиғатқа көрікпін.

Айсана: Мен алмамын, алмамын.

Таңдайда қалар бар дәмім.

Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!

Тәрбиеші: Қызанақ,саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Ендеше, біздің балалардың биін тамашалайық.

Би: «Джентльмендер»

Айғаным: Кездескен соң күзімен,
  Бұтағынан үзілді.
  Ай жапырақ-сары алтын
  Айналаның бәрі алтын.

1.Раяна: Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді
                      Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді    
                      Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
                    Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.

6. Қ.Іңкәр: Аспанды сұрғылт бұлт, 
Жан-жақтан жабады. 
Күнбірте суытып, 
Жауын көп жауады. 

Айдана: Қарашы күз келді,күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен құрады.

Қара бұлт қабағын түйеді.

Жүргізуші: Балалар күзде, аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің, сыйлықтарына рахметін айтады. Ендеше  эфирде – «Күзгі орман» телеарнасының кориспонденті –Жолбарысқа сөз берейік!

-          Сәлеметсізбе жолбарыс! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалады?

Ардақ. Жолбарыс –кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін табыңдаршы.

Үсті толы ине,

өзін қорғай алады,

домаланып қалады. Қандай аң?

Балалар: Кірпі!

Ардақ. жолбарыс–кориспондент: Дұрыс балалар!

Бұтақтан бұтаққа секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң.

 Балалар: Тиін!

Ардақ.Жолбарыс–кориспондент: Дұрыс тиін! Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қорек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Кірпіге  алмаларды, ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз!

Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жіберді.

Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.

ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би: «Лента» биі

Тәрбиеші:

Берекелі бақ дәулет

Артта түссін тойланып.

Ертеңгілігімізді әр қарай

Өлең шумақпен жалғастырайық

 2.Аңсар: Ой, балалар,балалар,

Қоңырқай күз болыпты,

Құлап жапырақтар солыпты.

Ел егінін орыпты,

Ой,балалар,балалар.

Ойнайық та күлейік,

Мәз боп бірге жүрейік

3.Арлан: Сарғайды тоғай, сап-сары манай
                      Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып     
                    Жапырақ ұшты, суық та түсті
                     Сонда да бізге,қызық көп күзде.   

 


 Жанади:   Жаздай күткен бәріміз,

 Сары алтын,сары күз,
  Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күнім елжіреп.

Анель: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге Күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Бек:Ағаштардан жамырап, 
Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ! 

Кәусар:Күз келді, алақай

Алтын келді далаға

Дәні биік бидайды

Құйып жатыр қамбаға

Айтөре:Ой, балалар,балалар,

Қоңырқай күз болыпты,

Құлап жапырақтар солыпты.

Ел егінін орыпты.

Тәрбиеші: Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!
Би: « Гимнастика»

Тәрбиеші: Қызыл, жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ойланайық, толғанайық
Күз туралы тақпақтарға кезек берейік
Ж.Айару:Айнала жым –жырт,

Көк аспан сұрғылт.

Жер жыртқан тыңда,

Трактор қырда.

Аяулым: Алтын сары,қызыл,көк.

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Аруна:О, алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Анар ма еді жатып ап!

Тәрбиеші: Күз тойын осыменен тамамдайық
Тағы да жомарт күзге ән арнайық!

Вокалды топ бүгін бізде қонақта
Келіпті күзге ән арнамаққа!
Халық әні « Беу, айдай құрбым» 

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы келіңіз, біз сені сағына күтеміз.

(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)

Қош бол,Күз ханшайымы.

Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.

Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазіргі сендердің еңбектерін сабақ оқу, үлгілі тәрбиелі бала болу.

Тәрбиеші: Құттықтау сөзі «Айгөлек Д» балабақшасының меңгерушісі Жұмабаева Фатима Қалиқызына беріледі.

Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.

















































«Айгөлек Д» балабақшасы













Ертеңгілік:


«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

«Көгершін», «Көбелек» тобы





Тәрбиеші: Хайратбай Г.

Калыкова И.С.



























Қараөткел ауылы

2018 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!