"Алтын күз, асем айналам, Еліне береке сыйлаған" ертеңгілік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтын күз, асем айналам, Еліне береке сыйлаған" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбиешілерге арналған тәжірибе алмасу құралы
Материалдың қысқаша нұсқасы


« Алтын күз, әсем айналам,
   Еліне береке сыйлаған»

Жүргізуші:               Қарсы алайық бәріміз,
                                 Жасымыз бен кәріміз.
                                 Қырдан кепті қыдырып,
                                 Алтын күз бізге нұр төгіп.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып, 
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
                    Енді бері қараңдар
                   Бізге қонақ келмекші
                   Сендерді бір көрмекші
                    Әуелі жұмбақ жасырам
                    Қулығымды асырам.
                   Таба алсаңдар шешімін
                   Қонағымды  ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)

Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
1
.    Али:Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді,

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз!

2.Расим:Көбейді құт береке

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз!    

3. Артем:Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді,

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді!

4.Бексұлтан:Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен,

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген!

5.Саша:Алақай-алақай,

Шаттанды балақай

Берке салты күз

Мереке-Алтын күз

6Бегарыс:Қараша күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен тізіді

Қара бұлт қабағын түйеді  

7.    Алгазинов М.

Алтын, сары, қызыл-көк

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

8.Даулет:

Беркесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерді жинауға

Шақырады біздерді

9. Максим: Если на дервьях

Листья пожелтели

Если в край далекий

Птицы улетели

Если небо хмурое

Если дождик льется

Это время года

Осенью зовется

10. Богдан: в саду осеннем

У дорожки

Осина хлопает

В ладошки

11. Арсений

Вот почему

На той неделе

Ее ладошки

Покраснели

12.Нурали

Күзім-ау, күзім-ау

Міңезің бұзық ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау

Жүргізуші:  Ән салыңдар күліңдер
                    Жайнап гүлдей жүріңдер
                    Күздің тойын тойлайық
                    Би билейік, ойнайық.

Ән: « Күзгі вальс» қабыл алыңыздар! Орындайтын хор.

Күз ханшайымы:  - Рахмет, балалар. Бүгінгі мерекеге өзімнің Қыркүйек, Қазан, Қараша атты қыздарымды ертіп алып келдім. Ендігі кезекті қыздарыма берейік.

Қыркүйек:  Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды

Күз әуені кеп жетті

Әнге бөлеп жастарды Дарина    
                   

Қазан:      Сау сау етіп жапырақ

Сабағынан үзілді

Қоңыр тартып атырап,

Құстар көкке тізілді Алтынай

Қараша:   Берекелі , мерекелі

Келді жомарт Алтын күз

Қала да , далада да

Жаннын бәрі Жарқын күз Дания


Жүргізуші:   Кездескен соң күзімен,
                      Бұтағынан үзілді.
                     Ай жапырақ-сары алтын
                     Айналанын бәрі алтын.

Кезегімізді биге берейік «Тәй-тәй» тобының орындауында «Жапырақтар» биі

Жүргізуші:   Әсем әуен салдырған
                     Сәбилер де алғыр жан
                     Бал дәуреннің қызығын
                      Есте қалар балдырған.

Дания мен Алтынайдың орындауларында «Ерке қыз»-әнің тамашалаңыздар.

Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесізбе?
Күз ханшайымы: Білмейді екем...
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз.(Ойын «Көкөністерді ажырат» )
Жүргізуші: --Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті,жылдам.

Жүргізуші:  Келді міне алтын күз, сары шашты жарқын жүз.
                    Мол өнімді ісімен, таңдандырып халқын күз.

Кезекті «Балапан» тобының бишілеріне берейік «Қырманңа кел қалқатай» биі

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
          «  Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
            Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.»

50





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
530
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі