400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз ,балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетінде бейнелеу, бояумен жұмыс істеу дағды-ларын қалыптастыру, ағаштың жапырақтарын көлденеңнен салып үйрету, саусақ қимыл-қозғалыс-тарын еркін пайдалану, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Күз мезгілі бейнеленген сурет, слайд, ақ қағаз, қылқалам, бояу, су, сүлгі.

Оқу қызметі

Тәрбиешінің қызметі

Баланың қызметі

Мотива циялық қозғаушы лық

Шаттық шеңбері:

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Алақанға салайық.

Күкн шуағын апайларға сыйлайық!

Балалар шеңберде тұрып, лебіздерін іс-қимыл арқылы білдіреді.

Ұйымдас тырушы лық ізден істік

Ұйымдастыру кезеңі

Өткен ұ. оқу қызметі

Қөрсету қояндардың суретін көрсету.


-Қоянның қолында не бар?

-Дұрыс сәбіз бар екен.

-Сәбіздің пішіндері қандай?

-Сәбіздің түсі қандай?

-Сәбіздің көлемдері бірдей ме?

-Әрине, біз өткен ұ. оқу қызметінде үлкен және кішкентай сәбіздің суретін салдық.


Балалар мен енді күз мезгілі туралы тақпақ оқимын

Ғафу Қайырбеков

Алтын күз

Алтын, алтын, сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Сары ала тон жамылған,

Күз-атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.

Сұрақтар қою

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?





-Алтын күз деп не үшін айтады?

Күзге байланысты тақпақтар білесіңдер ме?

Ендеше жаттаған тақпақтарымызды айтайық.



























Ағаштардан жапырақтардың түсіп жатқанын слайд

арқылы көрсетеді. Ендеше күзгі жапырақтардың суретін саламыз.


-Балалар, мен сендерге суретті салу жолдарын көрсетейін.

Алдымен суға сұқ саусағымды салып, оны сары бояуға батырып, солдан оңға қарай көлденеңнен жапырақтар саламын. Суретті салып болған соң қолымызды сулы салфеткаға сүртеміз.

Ал енді, балалар жұмыстарымызды бастаймыз.





Сергіту сәті:






Д/О: «Кім тез құрастырады?»

Шарты: Қиылған жапырақтарды құрастыру. (Түсін, пішінін айтқызу)

Балалар тыныш отырып, тәрбиешінің айтқандарын тыңдайды.

Балалардың жауабы.

-Сәбіз бар.


-Сәбіздің пішіні сопақша

-Сәбіздің түсі сары

-Сәбіздің көлемі бірдей емес,

үлкен және кішкентай



Балалар өлең жолдарын тыныш отырып тыңдайды.







Балалар сұрақтарға жауап береді.

-Қазір күз мезгілі.

-Күн суытады, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жапырақтар сарғайып жерге түсе бастай ды. Біздер жылы киінеміз.

-Жемістер, көкөністер піседі, сол үшін алтын күз дейді.


Мәди:

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап өнім алдық біз.


Ақмоншақ:

Жаңбыр, жаңбыр жауасың,

Жанымызға дауасың.

Біз ойнайтын ауланың,

Тазартасың ауасын.

Ж.Ақмаржан:

Далада жаңбыр құйып тұр,

Балалар оны көріп тұр.

Мөлдір, мөлдір тамшылар,

Терезені ұрып тұр.

Аяулым:

Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

Мейіржан:

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

Балалардың назарын слайд тақ таға аударып, бақтағы өзгерістерге, жапырақтың түстеріне мән бере қаратады.







Тәрбиешінің көрсетуімен үлгіге қарап, жапырақтың суре тін салуға кіріседі.

(қолдарын сулы салфеткаға сүртеді)

Балалар бойларын сергітеді.

Жел соғады бетімізге,

Тербеледі ағаштар.

Жел басылды бірте-бірте,

Биіктеді ағаштар.


Балалар жапырақты құрастыра ды.

Рефлек циялық түзетуші лік

Қортынды:

-Балалар, бүгін біз ненің суретін салдық?

-Жапырақтың түсі қандай?

Балалардың жұмысын қарап мадақтау.

-Өте жақсы, суретті тамаша салдыңдар.

(Қонақтарға көрсету)

Ән: Күзгі жапырақтар

Қонақтармен қоштасу.

Балалардың жауабы:

-Күзгі жапырақтың

-Жапырақтың түстері сары және қызғылт.



Балалар ән орындап береді.

Қонақтармен қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетіне бейнелеуді.

Игереді: Күзгі ағашты, оның жапырақтарын анық етіп бояуды.

Меңгереді: Ағаштың жапырақтарын көлденеңнен салуды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
512
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі