400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз балабақша сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топқа арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жұмағалиева Г.Т


Күзгі вальс әуені қосылып тұрады,балалар ортаға келеді

Жүргізуші:

Күз дегенің ақындардың дастаны,

Қандай ғажап,бейбіт күннің аспаны

Бізбен бірге болыңыздар бәріңіз,

Алтын күздің той думаны басталды

Құрметті қонақтар,ата -аналар! «Балауса» ересек тобының «Алтын күз» мерекесіне арналған етеңгілігіне қош келдіңіздер!

1 Тақпақтар:

1.

Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.

2.

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

3.

Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.

4.

Күздің қазан айында

Алма,алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр сыбдыр етеді

5.

Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау.

Ж үргізуші:

Өнер десе жайнаймыз,

Сандуғаштай сайраймыз.

Алтын күзге арналған

Әнімізді шырқаймыз.

2 Ән: « »

Жүргізуші:

Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді

Кел,жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз(Ортаға алтын күз келеді)

Күз:

 Уа халайық, дархан далам армысың!
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Жүргізуші:

Күз ханшайымы төрлетіңіз!

Балалардың өнерін тамашалаңыз!

Би: «Күз» Б.Амина,Зере,Риана, Ақнәзік,А.Айзере

Балалар, күзде болатын өзгерістерді  тақпақпен айтып беріңдерші.

Тақпақтар:

6

Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.

7

Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал, терек,
Жапырағын жұлғызып.

8

Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.

( Жаңбырдың дауысы шығады,күн күркіреп

ортаға жаңбырлы бұлт келеді музыкамен)

Бұлт: Күзгі көк бұлт мен болам

Көтеріліп теңізден

Аспанға биік барамын

Қаласам қазір сендерге

Жаңбыр болып жауамын

(бұлт айналып жүріп,балаларға су шашады ойыншық пестолетпен)

Жүргізуші :

Ендеше балалар
Тұрмайық босқа біз
Тойлайық, күлейік
Шырқайық әнде біз!

4.Ән: ____________

Бұлт:

Жақсы әнді тыңдап мен

Тамашалап таң қалдым

Алғысымды білдіріп,

Бұлттарды биге шақырамын

(балалар орындарында тұрып тақпақ айтады)

Тақпақтар:

9

Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

10

Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.

11

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

5. Би: «Бұлт тамшылары»

Жүргізуші: Қане балалар қонақтарымызға күз туралы тақпақтарымызды айтып берейік

Тақпақтар:

12

Әуенге еріп сиқырлы,
Айтылды ән боп сыр қилы.
Күзгі әуен жастардың
Жүрегіне нұр құйды.

13

Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
14

Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

15

Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...


(Күн күркіреген дауыс шығады)

Жүргізуші: балалар күн жаңбырлы,бұлтты

күн салқындады,мүмкін қонаққа күнді шақырармыз,бізге шуағын шашып,жылуын берер?

Балалар: Ия шақырайық

(Көңілді әуенімен ортаға күн келеді)

Күн:

Мен жарқыраған күнмін

Нұрымды төгіп тұрамын

Шуақ шашып бәріне

Бала жанын ұғамын

Қане менің достарым

Қайта келдім сендерге

Шақырдыңдар не үшін?Күз мезгілі келгенде

Жүргізуші:

Тоңдық,біздер жаурадық

Жаңбыр жауды тағы да

Жылу төкші сен жерге

Би билейік біздерде


6. Би: «Көңілді күн»

Жүргізуші:

Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Бәріміз ойын ойнайық


7.Ойын: Алма

Жүргізуші:

Шат көңілді балалар

Шаршағанды білмейді

Ойын ойнап,би билеп

Тақпақ айтып береді

Тақпақтар:

16

Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.

17

Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.

18

Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Күн:

Мен жарықпын!

Мен жылумын!

Нұрын шашқан әлемге

Өмір жоқ менсіз әлемде!

Бұлт:

Күн,күн тоқтай тұр

Қарашы сен мағанда

Ішім толған суға

Сусыз өмір бола ма?

Мен керекпін бәріне!

Күн: Жоқ менің қызуым күшті

Бұлт: Менің суым көп

Күн: Жоқ мен мықтымын!

Бұлт: Жоқ ,мен!

Алтын күз :  

Дауласпаңдар достарым

Бәрі керек біздерге

Бүгін мейрам,бүгін той,

Ән арнаймыз сіздерге

8.Ән:____________________


Балалар: Рахмет саған алтын күз!

Осымен Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Сау болыңыздар!













«Қош келдің,Алтын күз!»













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
298
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі