Алтын күз бізде қонақта

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алтын күз бізде қонақта

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру. Балаларды ән,би,тақпақтар арқылы дамыту. Залдың іші мерекеге арналып әсем безендірілген. Балалар қолдарында жапырақ залға әуен мен кіріп орындарына тұрады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Алтын күз бізде қонақта”

Тәрбиешілер:

Күні:

Уақыты:

Кейіпкерлер: Қолшатыр,Қоян,Күз

Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру. Балаларды ән,би,тақпақтар арқылы дамыту.

Залдың іші мерекеге арналып әсем безендірілген. Балалар қолдарында жапырақ залға әуен мен кіріп орындарына тұрады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ата аналар, бүгінгі күз мерекесіне жиналған қонақтар! Астыққа толы күз мерекесі құтты болсын!

Жүргізуші: Балалар сендер білесіңдер ме жапырақтар жерге түсіп,көкөністер мен жемістер піскен уақытты қандай мезгіл деп айтамыз?

Балалар: “Күз” мезгілі деп айтамыз

Жүргізуші: Ендеше балалар күз туралы әсем әнімізді айтып берейік

Ән: “Алтын күз”

(балалар жапырағын жинап алу)

Жүргізуші: Ендеше күз туралы тақпақ айтып берейік

1 бала

Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
2 бала

Жетті міне алтын күз.

Көптен күтіп сағынған.

3 бала

Күз айы тамаша,

Ән айттық жаңаша.

4 бала

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ..

Жүргізуші: Балалар сендер қандай дыбысты естіп тұрсыңдар? Күннің күркіреп жаңбырдың дауысы.

(Ортаға жүгіріп билеп қолшатыр кіреді)

Қолшатыр: Балалар сәлеметсіңдер ме? Көңіл күйлерің қалай?

Балалар:Жақсы

Қолшатыр: Сендер мен болмасым жаңбырдың астында су болып қалатындарыңды білесіңдер ме жаңбыр жауса судан қорғаймын ыстық болса көлеңке боламын.

Сендер мен туралы тақпақ білесіңдер ме?

Бала

Далада жаңбыр жауады

Балалар қолшатыр алады

Бала

Жаңбыр жаңбыр жауасың

Тазартып көше ауасын

Жүргізуші: Қолшатыр біздің қыздарымыз саған арнап би билеп береді.

Би: “Қолшатыр”

Жүргізуші: Қолшатыр біздің балалар сенімен ойын ойнағысы келіп тұр.

Ойын: “Қолшатыр

Қолшатыр: Рахмет балалар өздерің өнерлі ақылды екенсіңдер. Менің енді кететін уақыт болды сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!

Қоян жүгіріп келеді

Қоян: Салеметсіздерме балалар? Көңіл күйлерің қалай? Сендер күз мерекесін тойлап жатыр екенсіңдер. Балалар сендер білесіңдер ме менің сүйікті тамағым қандай екенін?

Балалар: Сәбіз

Қоян: Жарайсыңдар!

Ендеше мен қыздармен ойын ойнағым келіп тұр

Ойын: “Сәбіз жинау” (қыздар)

Жүргізуші: Қоянжан қыздарымыз саған көп сәбіз жинап берді.

Би “Саңырауқұлақ” (ұлдар)

Жүргізуші: Балалар енді біздер қоянға арнаған әнімізді айтып берейік.

Ән: “Сұр қоян”

Қоян: Рахмет сендерге мені қуантып тастадыңдар маған көп сәбіз жинап бердіңдер! Енді менің қарным ашпайтын болды.Рахмет! Сау болыңдар!

(қоян әуенмен шығып кетеді)

Жүргізуші: Балалар бізге тағы да қонақ келе жатқан сияқты.

Әуенмен Алтын күз келеді

Алтын күз:

Сәлеметсіздерме, балалар! 
Сәлеметсіздерме, қонақтар!
 
Мен - Алтын күзбін!

Жайдары, жарқын жүзбін. 
Қонаққа келдім сендерге.

Сәбіз, картоп, тәтті алма! 

Сендерге сыйлық алып келдім
Жүргізуші:Рахмет, саған Алтын күз! Қабылалдық сыйды біз! Балаларымыздың саған арнаған өлең шумақтарын қабыл алыңыз

Бала:

Сап-сары ала жапырақ,
Сап-сары ала атырап.
Сәл тербесе самал жел,
Түсіп жатыр жапырақ.

Бала

Алтын нұрдай тамшылап,

Жапырақтар төгіледі.

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді.

Бала:

Күз келді алақай!
Жапырақтар сарғайды.
Өсіп тәтті жемістер,
Құстар самғап ұшады.

Жүргізуші: Балалар Алтын күзге әсем әнімізді тарту етейік.

Ән: “Жаңбыр

Алтын күз: Жарайсыңдар балалар! Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойынның аты:“Күн мен түн” деп аталады.

Алтын күз: Жарайсыңдар балалар. Менің сендерге дайындаған сыйлығымды қабыл алыңдар!Менің кететін уақытым болды. Сау болыңдар.

Балалар: Сау болыңыз!

Жүргізуші:Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Ал, келген қонақтарымызға

« Сау болыңыздар!» дей отырып, бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз.

Алтын күзіміз берекелі,астыққа толы болсын!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.00.2023
342
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі