400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

алтын күз ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күзгі орман

Қатысушылар: Күз, Орманшы атай, Жауын – шашын – үлкендер, бопалар, жел, тиіндер, құстар, көкеністер, жемістер – балалар

П.И. Чайкосвкийдің «Баркаролла» әуенімен балалар залға кіріп, атрибуттары жатыр. Күз балаларды қарсы алады.

Жүргізуші: Күз ұсынып егісі мен жемісін, әкелді халыққа бар молшылық. Сары жапырақ алтындай боп төгілсін, Елімізде болсын әркез көпшілік


Күз: Амансыңдар ма, балалар!

Ерінбестен еңбеп етіп келетін,

Еңбекшіге бар жемісін беретін.

Мен, мырза күз, ынтымақты еліңе,

Берекелі ырыс болып енетін.

1 – бала: О, алақай тамаша,

Шашу шашты жапырақ,

Бақтың іші алаша,

Аунар ма едім жатып – ап.

2 – бала: Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Ән «»

3 – бала: Күзгі жел болса айнала,

Жапырақтар шулайды,

Жерге түсе бастайды.

Күз: Біз сендермен қосыла

Жапырақтар жинаймыз.

Жапырақтармен бірге,

Би билеп, ән саламыз.

Қыздар ағаштарға келіп, екі-екіден жапырақтар алады.

Жапырақтармен би орындалады.

Билеп болған соң, балалар жапырақтарын ағаштардың астына қояды да орындарына отырады. Желдің әуені естіледі, залға жел кіреді.

Күз: Жел, жел, сен асықпа. Бұлттарды көшірдің, жапырақтарды да алысқа ұшырдың.

(Балалар қайтадан екі жапырақтан алады да, Желдің қасына келеді)

Балалар: Асықпа тоқта, мерекені бізбен тойла!

Жел айналады, ал балалар жапырақтарын түсіне байланысты үш топқа бөлінеді: сары, жасыл және қызыл. Ал Жел болса ұшып кетеді.

Күз: Ұшып кетті өкінішке орай

Ортамызда болғысы келмей.

Ал, қайда екен менің балаларым,

Мерекені бірге өткізетін.

Балалар: (Күзге айтады)

Қиналмашы мұңайма,

Бізбен бірге сен биле.

«» биі орындалады.

Күз: Қараңдаршы балалар, жерге түскен жапырақтар жер бетін түрлі-түсті боуға бояды. Күннің көзі де шуағын жерге аз шашады. Әрдайым бұлт астына тығылады, салқын самал еседі. (Есіктің ар жағынан: «Апчхи! Апчхи!» деп біреу чүшкіреді).

Жүргізуші: Ой, балалар, тоңып қалдыңдар ма?! Ай-яй-яй, не істеуге болады? (Хроматикалық гаммасы төмен) әуенмен Жауын-шашын кіріп билейді, айналады.

Жауын – шашын: Күз, сен осындасың ба? Саған орманда жүр деп айттым ғой! Ал сен болсаң, көңіл көтеруге, күліп-ойнауға балаларға келген екенсің ғой.

Мен Жауын-шашынмын,

Жазда болдым әлсіз мен.

Күз менің жыл мезгілім,

Көп күттім ғой оны мен!

Қыркүйекте бар жерді,

Әр ауланы, әр үйді,

Жаңбырмен батырам!

Қазан айы – дауыл-шаң,

Суық желмен ұласқан.

Қарашада суытар,

Суық күндер басталар!

Бүкіл жерді билеймін,

Күзді қуып шығарам!

(Күзді қолынан ұстап, алып кетеді).

Жүргізуші: Не істейміз? Қайтеміз

Алай-дүлей жауын-шашын,

Бізге қауіп төндірді.

Көкеніс жеміс-жидек

Алтын астық жинауға

Кедергі бізге келтірді.

Қане, достарым баршамыз,

Алтын Күзді табайық,

Орман,а жол бастайық.

(Әуен ырғағымен балалар жүргізушімен бірге орманға барады)

Бала: Орман іші сыз, қараңғы,

Түзу жол да көрінбейді.

Күзім, күзім, қайдасың?

Дауыс берші сен бізге.

(Кенет біреу жөтеледі. Балалар бұрылып қараса, ортада ағаш дінінде Орманшы атай отыр).

Хоровод «»

Орманшы: Кхе, кхе! Не болды? Неге шулап жүрсіңдер? Орманда барлығы да іспен айналысып жатыр.

Жүргізуші: Ой, Орманшы атай, кешіріңіз. Біз сіздің тыныштығыңызды бөліп жіберген тәріздіміз. Бізде үлкен қайғы ... алай-дүлей жауын-шашын өзімен бірге күзді алып кетті. Біз болсақ іздеуге шықтық.

Орманшы: Ах, алай-дүлей жауын-шашын! Жүрген жерінде сыз бен суық, көре алмаушылық! Солай болсын, мен сендерге көмектесейін.

Ал қанекей, балалар,

Артымнан менің жүріңдер.

Балалар орындықтарына отырады.

Орманшы: Міне, тиіндарда келді,

Секіреді де, жүгіреді.

Ау тиіндар, тиіндар

Жауын-шашын тығып тастаған,

Әсем күзді көрмедіңдер ме?

Тиіндар: (бәрі бірге)

Жоқ! Біз күзді көрмедік,

Біз ағаштан – ағашқа секіріп жүрдік.

1 – тиін: Мүмкін ол адасып та қалған болар.

2 – тиін: Тиіндарға уақыт жоқ отыратын,

Кию керек әлі бізге қысқы киім.

Сендердің көңілдеріңді көтеретін,

Ойынымыз бар біздердің, қабыл алыңдар!

«Жіпке бопаларды ілу» аттракционы

(картоннан жасалған бопаларды жипке қысқышпен іледі. Қай команда көбірек іледі, сол жеңімпаз атанады)

Орманшы: (тың тыңдайды).

Көк шалғын ортасында, қарағайдың түбінде,

Көкеністер мен жемістердің қызу таласы естіледі

Әр жылда күзді қарсы алатын,

Мүмкін олар білер Күздің қайда екенін.

Әуенмен көкеністер мен жемістер шығып, шеңбер жасап отырады.

Көкеністер: (бәрі бірге)

Қайсымыз пайдалымыз,

Керектіміз, дәмдіміз?

Сәбіз: Сұлу сәбіз мен болам,

Әр тағамда табылам.

Картоп: Мен картоппын, картоппын,

Дөңгелеп жерден шығатын.

Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

Алма: Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім!

Шие: Шиемін, мен шиемін,

Піскенше тон киемін.

Бала келсе қасыма,

Басымды мен иемін.

Орманшы: (қастарына келеді)

Тыныш, тыныш шуламаңдар, одан көрі көмекке келіңдер. Күз орман ішінде қорқып, адасып қалды. Оны көрген жоқсыңдар ма? Болды қане, тыныштықты сақтаңдар. Бәріңде пайдалысыңдар, бәрің де осы мерекеде керексіңдер!

Көмек керек сіздерден

Алтын күзді табуға.

Алай-дүлей жауын-шашын

Ұрлап кетті оны ұшырып.

Көрген, білген болсаңдар,

Қайда екенін айтыңдар!

Көкеністер: Ант етеміз сендерге

Күзді тауып беруге.

Ал, сендер, балалар,

Ерінбей себетке

Көкеніс пен жемісті,

Бөліп жинап алыңдар.

Орманшы: Күз тәртіпті сүйеді,

Берекесін береді.

«Жемістер мен көкеністерді бөліп жина» ойыны

Жауын – шашын: Аха, сендер орманға келген екенсіңдер ғой! Алтып күзді таппайсыңдар. Мен оны жаңбырмен сулап, жапырақтармен жауып тастадым. Бірақ менің бір шартым бар, менің сендермен ойын ойнағым келіп отыр, ағашта жалғыздан жалғыз ішім пысты. Егер де сол ойында мені жеңсеңдер, онда мен күзді қайтарып беремін. Менімен келісесіңдер ме балалар. (балалар бәрі бірге келісеміз деп жауап береді).

«Жұмбақ жасыру» ойыны.

Балалар жұмбақтарды шешеді, жауын-шашын жауаптарын таба алмайды.

Жауын-шашын: Жұмбақтардың шешімін таппадым, бұл шайқастан жеңілдім. Бірақ сөзімде тұру керек, Күзді қайтарайын. Күз ханшайымы, шыға ғой! Кешірім сұраймын. Сенің достарың қандай жақсы.

Күз: (келеді) Достарым, сендерді көргеніме қандай қуаныштымын. Мені құтқарғандарыңа көп-көп «рахмет». Мен өте бақыттымын. Мені қонаққа шақырып, құрметтегендеріңіз үшін, сендерге дәмді, әрі пайдалы винегрет салатын тарту етемін.

Күз жүргізушіге винегрет салатын береді.

Жүргізуші: Рахмет, Алтын Күз! Келесі кездескенше, сау болыңыз!

Балалар ертегі кейіпкерлерімен қоштасып, топтарына кетеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
711
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі