400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

«Алтын күз» ересектер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересектер тобына арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын күз» ересектер тобы

(Залға қолдарында жапырақтары бар балалар ән айтып би билейді де, өз орындарына отырады).

ӘН: «КҮЗ ТАМАША»

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, қонақтар! Баршаңызға бүгінгі «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер дейміз! Күз мезгілі сіздерге, астығы мол, берекелі де мерекелі болсын!

1 бала: Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуанышты күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.

2 бала: Қуаныштың ағайын

Қоңырауын қағайын!

Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді!

3 бала:

Жүргізуші: Табиғат тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы күз мезгілінің ерекшелігі мен есте қалатыны, айнала сары түске боялып, сары алтындай жалтырап көздің жауын алады. Дәл осы шақты қандай күз деп атаймыз?

Балалар: -Алтын күз деп атайды.

Жүргізуші: Күз мезгілінде қамбалар астыққа толып, жемістер, көкөністер піседі. Бізге күздің берер сыйы мол. Балалар айтыңдаршы осы күздің қасиетін қалай айтамыз?

Балалар: -Жомарт күз деп айтамыз. (әуенмен залға Алтын күз кіреді)

Алтын күз: Армасыздар қымбатты менің халқым! Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе! Алтын күз!

Күз: Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Жүргізуші:Қош келдіңіз, Алтын күз! Төрлетіңіз мерекеміздің құрметті қонағы болыңыз!

Жүргізуші: Олай болса Алтын күзге арнап тақпақтарымызды, «Жаңбыр» әнімізді орындап берейік.

Тақпақттар:

1 бала: Күзімау, күзімау

Мінезің қызық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

2 бала: Нөсер жаңбыр жауады,

Сай-саладан ағады.

Жердің бәрі балшық боп,

Бассаң балқып барады.

ӘН: «Жау жаңбыр»

Жүргізуші: Алтын күз сізді балалармен ойынға шақырамыз.

Ойын: «Жеміс көкөністерді жинау»

Алтын күз: Керемет балалар өздерің менің өнімдерімді ажырата біледі екенсіңдер. Сендермен біраз көңілім көтеріліп, сергіпте алдым.

Жүргізуші: Балалар айналамызға көз жүгіртіп тамашалайықшы... Қандай керемет түрлі түсті жапырақтардан кілемше төселген. Балалар сендер орманда өздеріңді қалай ұстау керектігін білесіңдерме?

(Әумен залға орман құбыжығы келеді)

Орман құбыжығы: Мен білемін, мен білемін! Ағаштардың бұтақтарын сындыру керек, жеміс-жидектерді аяқпен таптау керек.

Жүргізуші: Сіз, өзі кімсіз? Тіпті бізбен амандасқан жоқсызғой?

Орман құбыжығы:Мен нағыз орман құбыжығының өзі боламын. Немене міндетті түрде амандасу керек пе?

Жүргізуші: Әрине амандасу тәрбиенің басы. Сәлеметсіз бе, амансызюа! Деген сөздің өзі жанға жылу береді.

Орман құбыжығы: Аааа қандай керемет! Сәлеметсіз бе, амансыз ба! (балалардың бір-бірлеп қолдарынан алып шығады)

Жүргізуші: Жо-жоқ олай емес, сіз ортаға тұрып баршамызбен бірақ амандасыңыз.

Орман құбыжығы:Сонда қалай бір-ақ рет амандассам жарай ма? Сіздер көпсіздерғой.

Жүргізуші:Ия, көпше түрде бір-ақ рет амандасасыз.

(Орман құбыжығы ортада тұрып баршамен амандасады)

Орман құбыжығы: Ал, сендер мен туралы ештеңе білмейсіңдер! Мен бар жерде орманда ешқандай тыныштық болмайды. Сондықтан аңдар да, құстарда менен қорқады.

Жүргізуші: Біз, сіздің бұл қылықтарыңызбен мүлде келіспейміз... балалар ағаштардың бұтақтарын сындыруға бола ма? (Жоқ) Дұрыс айтасыңдар біздің балалар керісінше құстарға, жануарларға қамқорлық жасайды. Балалар сондай-ақ өнерлі, олар қазір ағылшынша тақпақ оқып береді.

1 бала

2 бала

3 бала

БИ: «Қолшатыр»

Қойылым: «Жемістер мен көкөністер» айтысы

(Балалар жемістер көкөністер атрибуттарын киеді)

Орман құбыжығы: Қандай керемет, тамаша рахмет балалар!

Жүргізуші: Олай болса барлығымыз бірге ойын ойнайық.

ОЙЫН: «Қауын қарбыз жинаймыз»

Алтын күз, орман құбыжығы: Керемет ойын екен, бізге қатты ұнады.

Орман құбыжығы: Орманға барайын, жануарлар мен құстармен бірге мерекені тойлайық «Алтын күз» мерекесінде олар жалғыз қалмасын. Алтын күз сізді орманда күтемін. (Шығып кетеді)

Алтын күз: Балалар күз сыйы, көкөністер мен жемістер өте пайдалы. Естеріңнен шығармаңдар.

ТАҚПАҚТТАР: орысша

1 бала

2 бала

ӘН: «ОСЕНЬ»

Алтын күз: Балалар сендерге алғысым шексіз, өздеріңнің өнерлеріңді тамашалап көңілім көтерілді. Менің де сендерге сыйлығым бар, сыйлығымды қабыл алыңдар.(себетке салынған жемістер)

Жүргізуші: Алтын күз рахмет!

БИ: «ЖАПЫРАҚТАР»

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар сіздерді күз мерекесімен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз! Сау болыңыздар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
1044
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі