«Алтын
күз»
Музыка залы мерекеге сай
безендірілген.Жүргізуші кіреді.
Жүргізуші:
Қуандырып
біздерді
Мерекелді күз
келді.
Кел жемісті алтын
күз,
Кемелденсін ел
енді.
Құрметті қонақтар! Балалар!
Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған
берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын!
Ендеше «Алтын
күз» атты ертеңгілігімізді
бастаймыз..
Балалар музыкалық әуенмен
қолдарына жапырақ алып кіреді.
Балалар
тақпақтары
Айғаным: Армысыздар
халайық,
Бармысыздар
халайық.
Күзгі тойда жұп
жазбай,
Келіңдер қарсы
алайық.
Сымбат: Күздің қазан
айында,
Алма, алмұрт
піседі.
Жапырақтар
сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр
етеді.
Ануар:Ән салайық
күліңдер,
Жайнап гүлдей
жүріңдер.
Күздің тойын
тойлайық,
Би билейік
ойнайық.
Зере: Алтын, сары, қызыл
көк,
Алуна, алуан
жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
,
Көз тартады
атырап.
Аруна: Көбейді құт
береке,
Астық толы
қамбамыз.
Құтты болсын
мереке,
Алтын күзді
тойлаймыз.
Нұрия: Күн шуаққа
маужырап,
Жатыр еді
атырап.
Ағаштардан
жамырап,
Ұшты кенет
жапырақ.
Дария: Берекелі,
мерекелі
Келді жомарт Алтын
күз.
Қалада да, далада
да,
Жаннның бәрі жарқын
күз.
Хамза: Жомарт күздің
біздерге,
Берерін алып
шашпайық.
Алтын күз тойын
сіздерге,
Өлеңменен
бастайық
Хор
: «Күзгі
жаңбыр»
(балалар өз орындарына
отырады)
Жүргізуші Балалар бізге сонау алыстан
«Күз ханшайымы»келіпті
(осы кезде себетке толы
жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп
кіреді.)
Күз
ханшайымы: Сәлеметсіздерме
балалар!Сәлеметсіздерме қонақтар
Балалар:Салеметсізбе!
Күз
ханшайымы:Уа халайық, дархан далам
армысың!
Табиғатым жаны жайсаң тал
мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп
тұр,
Алмақ болып бар халқымның
алғысын.
Мен күзгі ханшайыммын сендерді
көргеніме қуаныштымын.Мен сендерге сонау алыстан «Еркем-ай «тобына
арнайы келдім.Маған өнерлеріңді
көрсетесіңдерма?
Балалар:Ия
Жүргізуші: Хош келдің Күз ханшайымы!
Төрлет.Біздің балалар әнде,тақпақта ,биде билей алады.Біздің
балалардың барлығы ақылды.
Күз
ханшайымы:Ондай болса балалар мен
сендерге жұмбақ жасырайын
Ағайынды
бәрі,
Шықса
–жасыл
Түссе – сары. Бұл
не?
Балалар: Жапырақ.
Күз
ханшайымы:
Дұрыс
Ата –аналарға жұмбақ
жасырады
Жүргізуші: Ән салыңдар
күліңдер,
Жайнап гүлдей
жүріңдер.
Күздің тойын
тойлайық,
Би-билейік
ойнайық.
Би:
«Жапырақтар»
Жүргізуші: Ал, балалар өнерімізді
көрсетіп, мерекені тойлайқ.
Балалар
тақпақтары:
Заңғар: Дала сары
киінді,
Самал соқты
салқындау.
Қырмандарға
үйілді,
Алтын астық, алтын
тау.
Бекарыс: Берекесін
сыйлауға
Өлкемізге күз
келді
Жемістерін
жинауға,
Шақырады
біздерді
Алма:
Амир
Дәмі аузыңнан
кетпейді,
Қызыл алма шырын
бал,
Көктей тісің
өтпейді,
Піскен кезде үзіп
ал
Шие:
Ислам
Мен маржандай
шиемін
Күн сәулесін
сүйемін
Жемістерім
піскенде,
Жерге басымды
иемін
Қияр:
Айзере
Дәнін егіп
қиярдың,
Тыным таппай
суардым
Түйнектерін көргенде
,
Бес алғандай
қуандым
Пияз:
Аруназ
Қос батырдай
түйілген,
Тоғыз қабат
киінген.
Аршимын деп
пиязды
Жылап шықтым
үйімнен.
Бұрыш:
Дина
Аршығанда
бұрышты
Абай болған
дұрысты
Ашытады көзіңді
,
Жылатады
өзіңді.
Қырық қабат:
Нұрасыл
Бақшаларда
тізіліп,
Қаперсіз мен
жатамын
Қабат, қабат
киініп,
Қырық қабат
атандым.
Сәбіз:
Ерасыл
Өсіретін бойыңды
,
Дамытатын
ойыңды.
Қоянғада
азықпын
Сәбізбін
жазықсыз
Күз
ханшайымы:Жарайсыңдар балалар. Мен
жалғыз келмедім өзіммен бірге досым қоянды ерте келдім.(Қоян кіріп
келеді)
Қоян: Балалар күз ханшайымы менен
бұрын кетіп калыпты мен артынан жүгіріп жүгіріп,секіріп секіріп
әрең жеттім.Менің ойнағым келіп тұр.Балалар менімен
ойнайсыңдарма?
Балалар Ия
Қоян:Ендеше ойынымызды бастайық.
Ойынның аты
«Кім
жылдам».
Қоян:Балалар ойын
ұнадыма?
Балалар
: Ия
Қоян: Ал ендеше балалар мені қасқыр
қуып жетіп алмай тұрғанда мен орманға кетейін.Сау болыңдар
балалар.
Балалар
: Сау бол
қоян
Жүргізуші: Кане балалар шеңбер болып
тұрып әнімізді орындап берейік
«Қайсы екен
қолымыз»
Балалар
тақпақтары:
Шұғыла:
Жеміс мол
теретін,
Күз дос екен
бізбенен
Бәрін тауып
беретін
Жомарт екен күз
деген
Қауын:
Жасмин
Жинап досты
бауырды
Ортаға алдық
қауынды
Жарып ішін
қауынның
Қарық қылдық
қауынды
Асқабақ:
Ұлдана
Қауынанда
басқарақ,
Қарбызданда
басқарақ.
Семіріпі бақшада
,
Қандай болып
асқабақ
Ерсұлтан:
Алтын, алтын сары
алтын,
Алтын күзде нұр
жатыр.
Біз, бақшаға
баратын,
Алақай-ау күн
жақын
Дильяр:
Жапырақтар
сарғайған,
Күн бұлтты
болады.
Жаңбыр жиі
жауады,
Құстар ұшып
барады.
Жүргізуші:
Қарсы алайық қол
соға,
Өнерлі жас
қаншама
Мың бұралып,
билеген
«Қолшатыр» биімен
ортада
Би
«Қолшатыр»
Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің
балалардың өнері ұнадыма?
Күз
ханшайымы: Ия өте өнерлі балалар
екен.
Күз
ханшайымы:
Берекелі
бақ-дәулет
Арта түссін
тойланып,
Сау болыңдар,
балалар
Келгенше жыл
айланып.
Осы кезде әуен ойналады,
Күз ханшайымы қоштасып кетеді.
Балалар: Қош бол Күз
ханшайымы!
Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте
көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдаға, көкеністерге,
жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек
ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз
аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға
бақыт-береке тілеймін.