400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын күз ертеңгілігі


Кейіпкерлер:

Жүргізүші, Алтын күз, Тұмау

Балалар:

Көкөністер мен жемістер


Жүргізүші: Армысыздар, құрметті ата аналар.

Берекелі алтын күз құтты болсын.

Мерекесі халықтың алтын күзге арналған

Ертенгілігімізді бастайық.

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Бүгінгі біздің «Берекелі,мерекелі Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұхсат етіңіздер.

Жүргізүші: Балалар, Күз қайда? Мүмкін адасып, бізге келе алмай жатқан шығар?

Күздің музыкасы естіледі, балалар орындықтарға барып отырады. Залға Алтын күз кіреді.

Алтын күз: Сәлеметсіңдер ма, балалар! Мені күтіп қалдыңдар ма? Мен Алтын Күзбін! Ормандарды, тауларды аралап, барлық жерді сары, қоңыр бояуға боядым! Құстарды жылы жақтарға шығарып салдым! Міне сендерге де келіп жеттім, мерекелерін құтты болсын!

Жүргізүші: Рахмет сізге Алтын Күз! Ал біздің балалар сізге күз туралы әндері бар айтқылары келіп отыр! Кәне тындап көріңізші!

Ән «Күз »

Алтын күз: Әндерің қандай жақсы!

Алтын күз: Рахмет балалар! Сендер дұрыс айтасындар күз мезгілі тамаша. Ал мен сендерге сиқырлы қолшатырымды алып келдім. Сиқырлайды.Қолшатырды айналдырам, қыздарды күзгі жапырақтарға айналдырам!

Жүргізуші: Би «Жапырақтар»

Алтын күз: Рахмет қыздар! Жақсы билейді екенсіңдер.

Музыка әуенімен залға Тұмау кіреді.

Тұмау: Бұл не?Ап чи!Ештеңені түсінбедім! Ап чи!Мында неге жиналып отырсындар? Неге шулайсындар? Мен қайда келдім?

Балалар: Балабақшаға!

Тұмау: Балабақша? Ал сендер мені таныдындар ма?

Жүргізүші: Жоқ! Танығанжоқпыз!

Тұмау: Күз келді, күн суытты.

Менсіз бола ма күндерін?

Жөтеліп, тамақ ауырып

Бұның бәрін сыйлайтын

Тұмау деген достарын! Ап чи!

Егер дендерін сау болса

Тез арада кетіндер!

Мерекені болғызбаймын

Кәне бұл жерден кетіндер!

Жүргізүші: Ешқайда біз кетпейміз!

Осында ойнап күлеміз!

Күзде бізге келіп тұр,

сыйлықтарын беріп тұр!

Тұмау: ХА-ХА-ХА! Ақмақтар!

Күз мезгілі көңілсіз,ызғарлы,

Ойнауға да ынғайсыз, сонда не істеп жүресіз?

Жүргізүші: Біз балабақшада әртүрлі ойындар ойнаймыз,денсаулыққа пайдалы жаттығулар жасаймыз. Мықты болып өсеміз!

Тұмау: Ал мен дүкенге барамын,

Кола чипсы сатып аламын.

Ең пайдалы, дәмді де, түскі асқа кешке де.

Жүргізүші: Кола чипсы дегенің

Зиян келтіретін тағамын

Тұмаудан құтқаратын

Витаминдер жеу керек

Жаттығу жасау керек.

Ойын: Жапырақтар

Тұмау: Иә жаттығуларын пайдалы екен!Витаминдер жеу керек пе? Жоқ олай жасамаймыз. Одан да достарымды микробтарды шақырайын! Жыл бойы жинап жүрдім!Сақтап жүрдім арнайы! қабын ашып қарайды.Кәне микробтар шығындар,балаларды тұмаумен ауыртып жіберіндер!.Қабынан микроп ойыншықты алып шығарады да балаларды қуады. Ал балалар орындықтарына қашып кетеді.

Алтын күз: Ал біз микробтардан қорқпаймыз, құтқарады біздерді, пияз деген көкөніс!

Ортаға пияз– шығады

Мөлдір: Асханадан шықпаймын,

Атым –пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Тұмау: Ой көмектесіңдер! Көзім ашып барады, қымбатты микробтарым, қапқа қашып кетіндер!микробтарды қапқа тығады. Енді не істеймін? А маған бір ой келді, сендерді тұмаумен жұқтыру үшін жаңбырды шақыру керек. Үстерін су болып, жөтеліп ауырасындар. АП ЧИ.

Жаңбырдың дыбысы естіледі. Міне жаңбыр өзі келіп жетті!

Алтын күз: Ал біз жаңбырдан қорпаймыз, қолшатыр алып, ойнауға барамыз.

Ойын – эстафета «Қолшатырмен ойын»

Ойынан кейін Тұмау чукіріп жүреді

Тұмау: Ап чи, маған не болды?

Жүргізүші: Денсаулық мықты болу үшін спортпен шұғылдану керек, және таңғы жаттығу жасау керек! Ал егер осындай пацдалы жемістер мен көкөністерді жесен, мүлде жазылып кетесін!

Ортаға көкөністер мен жемістер шығады тақпақтарын айтады

Тақпақтар:

Сәбіз - Бекзада

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойынды.

Қоянға да азықпыз-

Сәбіздерміз жазықсыз.


Қызылша - Мансур

Ақ түсім бар қант алар.

Қызыл түсім қанға-нәр.

Қызылшамын пайдам бар.


Асқабақ - Ибрагим

Бақша төріндегі асқабақпын

Асханадағы дәмді тамақпын


Картоп - Даулет

Картоп біздің атамыз,

Жер астында жатырмыз.


Алма - Медина

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім.


Алмұрт - Айкөркем

Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың.


Өрік - Ақбаян

Мен өрікпін, өрікпін

Табиғатқа көрікпін


Жүзім - Ясинна

Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім


Тұмау: Балалар мені кешіріндерші, сендермен қалуға рұқсат етіндерші. Мен енді жақсы болам спортпен шуғылданам, көкөністермен дос болам,сендемен қызықты ойын ойнаймын!

Жүргізүші: Балалар Тұмауды кешіреміз бе?

Онда баріміз бірге би билейік

Барлығы бірге билейді

Алтын күз: Балалар, сендермен болғаныма қуаныштымын. Қаншама қызықты ойын білесіңдер, әдемі тақпақ пен ән айтасыңдар! Сендер сондай ақылды балалар екенсіңдер!

Бірақ менің де сендерге арнап әкелген сыйлықтарым бар. Бұл жапырақтар жәй ғана емес, сиқырлы жапырақтар.

Ортаға себетті қояды орамалмен жабады.

Тұмау: Қазыр біз алтын күз екеуміз сиқырлы сөздер айтамыз! Сендер көздерінді жұмындар, бірақ ешкім қарамайды. Балалар көздерін жұмғанда, Тұмау себетті айырбастайды басқа алмалары бар себетке.

Алтын күз: Жапырақтар кәне кей, тәтті алма болындар! Ормалды алайын не боғаның көрейін!

Орамалды ашады, алмаларды балаларға таратып береді.Кәне балалар сыйлықтарды алындар!

Балалар сыйлықтарға риза болындар!
Тұмау: Қоштасатын кез келді!

Екеуі: Балалар сау болындар!

Шығып кетеді.

Жүргізүші: Балалар осымен бүгінгі Алтын күз мерекесі аяқталды, келесі кездескенше сау болындар!























«Балбұлақ» екінші кіші тобы

 Өткізілген күні  :  25. 10.18 ж.

Сағат:  10 .00-11.00



Алтын күз ертеңгілігіне анықтама

Мақсаты - Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Сыр беріп алтын күз келіп жетті, Жылы жаққа құстар да ұшып кетті. Хош келдің Алтын күз,  Жомарттығын бақылайық бәріміз-дей келе, жыл сайын тойлап өтетін мерекелерінің бірі. Күзде жеміс-жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күз – береке, сән – салтанат мереке айы, жиын – терім аяқталған кезде еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, балабақшада «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді. Шағын орталық топтарының арасында «Күз сыйы» атты жеміс-жидек, көкөністер композициясын құрып көрме ұйымдастырылды. Екінші кіші топ балаларымен Алтын күз ертеңгілігі оздырылды. Мерекелік іс шараны балалар жақсы көңіл күймен өткізді. Тақпақтарын, билерін билеп, ойын ойнап балалардың қызығушылықтары арта түсті. Осындай мерекелік іс шаралар , әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Олай болса, Елімізді құрметтейік, Жер Анамыздан алып отырған астық, байлықтарымызды қадірлей білейік!















4 ЖО ж ҚББМО «Балбұлақ» шағын орталығы











Алтын күз ертеңгілігі

Екінші кіші топ







Тәірбиеші: Ғұмар А.Н.









2018-19 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
411
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі