жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Алтын күз ертеңгілігі
«Алтын күз»
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу.Күз туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Музыка залы мерекеге сай безендірілген.Жүргізуші кіреді.
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін ел енді.
Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Балалар музыкалық әуенмен қолдарына жапырақ алып кіреді.
Қуаныш Жұлдыз:
Жемісі мол теретін, Күздің қазан айында,
Күз дос екен бізбенен. Алма,алмұрт піседі.
Бәрін тауып беретін, Жапырақтар сарғайып,
Жомарт екен күз деген. Сыбдыр – сыбдыр түседі.
Ақерке Радмир:
Сап – сары маңай, Күз келді алақай!
Сап – сары тоғай. Алтын келді далаға.
Соңғы әнін айтып, Дәні бітік балдайды,
Құс кетті қайтып. Құйып жатыр қамбаға.
Рабия Валя:
Берекесін сыйлауға, Келді міне күз,
Өлкемізге күз келді. Айнала сары түс.
Жемістерін жинауға, Керемет,тамаша
Шақырады біздерді. Қандай әсем күз.
Елжан Алина:
Келді міне күз Нұрға бөлеп өмірді,
Айнала сары түс Жырға бөлеп көңілді.
Керемет,тамаша, Жарқыраған сәулені,
Қандай әсем күз. Күз әуені төгілді.
Ақерке: Ансар:
Жеміс – жидек пісті, Алтын,сары,қызыл,көк,
Қамбаға астық түсті. Алуан – алуан жапырақ.
Қызу жұмыс басталып, Күзгі бақта күлімдеп,
Жинап алды жан салып. Көз тартады атырап.
Әділ:
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Жүргізуші: :
Ал балалар,балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші.
Алдымен сендерге жұмбақ жасырамын,ата-аналармен бірігіп шешейік.Таба алсаңдар шешімін қонағымды ортаға шақырам.
Жұмбақ: Жиім-терім болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Бұл қай мезгіл деп ойлайсыңдар?
Дұрыс бұл күз мезгілі. Ендеше уәде еткендей ортаға қонағымыз Алтын күз ханшайымын қошеметпен шақырайық! (осы кезде себетке толы жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп кіреді.)
Жүргізуші Балалар бізге сонау алыстан «Күз ханшайымы»келіпті
Алтын күз : Уа халайық, дархан далам армысың!
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Рахмет, саған Алтын күз.Қарсы аламыз сізді біз.Ал,ендеше балалар,бекер қарап тұрмайық қонағымызға өнерімізді ұсынайық.
Мен күзгі ханшайыммын сендерді көргеніме қуаныштымын.Мен сендерге сонау алыстан арнайы келдім.Маған өнерлеріңді көрсетесіңдерма?
Балалар:Ия
Ән: «Кап – кап - кап»
Ойын: «Дыбысты тап»
Би :
Тақпақ:
Алма: Нұрболат
Мен алмамын,алмамын,
Таңдай жұлар бал дәмім.
Өрік: Аяла Е
Мына мен өрік
Бақшаға көрік.
Піскенде жайнап,
Аласың теріп.
Мандарин: Ислана
Сарғыш түсті мандарин,
Ортасында дәні бар.
Ауызға салсаң еритін
Балдай тәтті дәмі бар
Жүзім: Адия
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Жаңа
пісіп үзілдім.
Күлгін,жасыл,қара,көк
Көркі болам күзіңнің.
Алмұрт: Омар
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Ауызындамын бар жұрттың.
Банан: Райхан
Арттырам күшін адамның
Балбыраған бананмын.
Ыстығында өсемін,
Тропикалық аралдың.
Құлпынай: Аяла Т
Жапырақта тасалап,
Өскен жері бақша – бақ.
Күрең қызыл шіркін – ай ,
Оның аты – құлпынай
Шие: Алижан
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
Жүзім: Ернұр
Мен жүзіммін,жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Қарбыз: Ернар
Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын.
Ерте үзіп алма.
Шие: Алима
Мен моншақты шиемін,
Құмарсыңдар білемін.
Кетіп қалып жүрмесін,
Тамағыңа сүйегім.
Би: «Тиіндер биі»
Ойын: «Кім жылдам?»
Көкөністер дауы:
Жианлып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға,
Тиеді екен пайдамыз?
Мирас:
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне.
Дәмді тағамдарыммен,
Сый жасаймын бәріне.
Әдемі:
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген?
Досжан:
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде.
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне.
Раяна:
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді ши қайда?
Мені қосса самсаға
Бәрі жейді тамсана.
Ернар:
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды.
Айзат:
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де.
Асылай:
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
Медбике:
Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер
Оларды жақсы көріңдер.
Би: «Саңырауқұлақтар»
Ойын: «Дәмін тат та,атын айт!»
Би: «Жаңбыр»
Күз ханшайымы: Керемет,қандай тамаша! Балалар менің басқа да,бүлдіршіндерге баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін.
Берекелі бақ-дәулет
Арта түссін тойланып,
Сау болыңдар, балалар
Келгенше жыл айланып.
Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді.
Балалар: Қош бол Күз ханшайымы!
Ән: «Күз тамаша»
Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген