жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Алтын күз» ертеңгілігі
Тақырыбы: «Алтын күз» ертеңгілігі
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасы түсіндіру. Мерекелік көңіл-күй орнату.
Дамытушылық: Күз мезгілінің астық, жеміс-жидек көкөністерді жинау мезгілі екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ересектердің еңбегін
құрметтеп, олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға
тәрбиелеу. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезініп, оны қорғай білуге
тәрбиелеу.
Түрі: сайыс.
Көрнекіліктер:
Тақырып жазылған плакаттар,
шар, жапырақтар, жеміс - жидек, көкөністер
суреттері.
Ұйымдастыру.
Әділ - қазы мүшелерін тағайындау.
Қатысушы жұптарды орналастыру.
Жүргізуші:Сары жібек көйлегін
желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп
Тойға бөлеп елімді күзім келді.
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Құрметті ата-аналар,оқушылар, ұстаздар табиғатымыздың бізге берер
байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді.Алтын күз
мерекесі құтты болсын демекпіз, жылдың қай мезгілін алсақ та
табиғатты сүйіп,оны аялап күту әрбір адамның міндеті,өйткені бізді
қоршаған табиғат аман болса,бізде әрқашан көңілдіміз. Сондай
көңілді шағымызда бүгін сайысқа қатысатын бүлдіршіндердің
арасынан «күз ханзадасымен ханшайымын»таңдап алмақпыз.Олай болса
сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
-Бүгінгі сайысымызда әділ бағасын беретін әділ қазы мүшелерімен
таныс болыңыздар:
1._____________________________
2. _____________________________
3. _____________________________
Жүргізуші:
Кірпігі ине болып қадалды
да,
Ұшқындап көрермендер жанарында,
Балбұл жанып сайыскерлер шықты ортаға,
Қол ұрмай қалған сірә,адам бар ма?-дей отырып сахнаға
қатысушыларымызды шақырамыз.
«Шаттық» тобының бүлдіршіндері
-
Тасболат Асылжан
Өтепова Фатима
«Жұлдыз» тобының бүлдіршіндері
-
Аубакиров Аян
Серікқызы Айша
«Күншуақ» тобының бүлдіршіндері
-
Кеңес Мақсат
Жауынтаева Малика
«Жұлдыз» тобының бүлдіршіндері
-
Бекболатқызы Інжу
Карбоз Ермұрат
«Күншуақ» тобының бүлдіршіндері
-
Алмашев Азамат
Тасболат Аружан
-«Алтын күз» сайысының
кезеңдерімен таныс болайық
1.
Менің ата - тегім. (Өзін - өзі
таныстыру.)
2. «Шебер қолдар»
3. «Тапқыр болсаң, тауып көр» сұрақ-жауап
4. «Сұлулық сыры» бұл кезеңде
сайыскерлеріміз сән үлгісін көрсетеді
(Әр қатысушының өз қиялына
байланысты)
Жүргізуші:
Өнер қуып бүлдіршіндер өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген жұптар кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
1-кезең Менің ата - тегім. (Өзін - өзі таныстыру.)
-
Тасболат Асылжан мен Өтепова Фатима
-
Аубакиров Аян мен Бекболатқызы Інжу
-
Кеңес Мақсат пен Жауынтаева Малика
-
Карбоз Ермұрат пен Серікқызы Айша
-
Алмашев Азамат пен Тасболат Аружан
Таныс болдық жұптар тегіменен
Туып өскен мекені,еліменен – дей келе отырып, қазылар алқасынан 1-ші кезеңіміздің бағасын сұраймыз
-
Тасболат Асылжан
Өтепова Фатима
-
Аубакиров Аян
Серікқызы Айша
-
Кеңес Мақсат
Жауынтаева Малика
-
Бекболатқызы Інжу
Карбоз Ермұрат
-
Алмашев Азамат
Тасболат Аружан
Жүргізуші:
Жапқандай жапырағымен
іздерді
Қуантып байлығымен ізгі елді
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді.-демекші сайыскерлеріміз екінші
кезеңге дайын болғанша балалардың «алтын
күзге»деген тақпақтарын қабыл
алыңыздар.
(Ортаға «Жұлдыз», «Күншуақ», «Шаттық» топтарының оқушыларын ортаға шақырамыз.)
Арайлым.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.
Бағдат.
Қуандырып біздерді,
Өлкемізге күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Азиза.
Жайдарлы күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен дала,
Дариядай шалқар күз.
Алишер.
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып-теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Мол өнімді жинаймыз,
Елге бәрін сыйлаймыз.
Тоғжан.
Алтын, сары, қызыл көк,
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
2- кезең «Шебер қолдар» Бұл кезеңде бүлдіршіндеріміз өз қолдарынан жасаған бұйымдарын көрсетеді. Әр жұп жасаған жұмыстарын әділ қазылар мүшелеріне тапсырады.
Жүргізуші: Жасалған жұмыстарды бағалау үшін әділ қазы алқасынан 2-кезеңнің бағасын сұраймыз.
-
Тасболат Асылжан
Өтепова Фатима
-
Аубакиров Аян
Серікқызы Айша
-
Кеңес Мақсат
Жауынтаева Малика
-
Бекболатқызы Інжу
Карбоз Ермұрат
-
Алмашев Азамат
Тасболат Аружан
3- кезең «Тапқыр болсаң тауып көр»
Бұл кезеңде бүлдіршіндеріміздің білімін сынаймыз. Олар 10 сұраққа жауап береді. Ол үшін бір жұп ортада қалады, ал қалғандары келесі бөлмеде отырады.
-
Көп киімді көкөніс.
2. Қазір қай ай?
3. 5 мысықтың неше құйрығы бар?
4. Алтын түстес жыл мезгілі?
5. Жер астына түседі,
Сап - сарғыш боп піседі (Сәбіз)
6. Қазір жылдың қай мезгілі?
7. Мына нәрселерді басқаша қалай атауға болады? Сәбіз, жуа, қызылша,
қызанақ
8. Жыл мезгілдері нешеу?
9. Аспан көз жасы.
10. Жылататын көкөніс
-
Тасболат Асылжан
Өтепова Фатима
-
Аубакиров Аян
Серікқызы Айша
-
Кеңес Мақсат
Жауынтаева Малика
-
Бекболатқызы Інжу ,
Карбоз Ермұрат
-
Алмашев Азамат
Тасболат Аружан
3-кезеңнің бағасын әділ-қазы
алқасынан сұрасақ
Жүргізуші:
Би
«Шаттық» тобының бүлдіршіндерінің орындауындағы ................ биін тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Сергіту сәті (көрермендермен)
Әуенге ырғақты би қозғалысы (оқушылар мұғаліммен бірге қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындайды, жақсы орындаған оқушыларға сыйлықтар тарату)
4- кезең «Сұлулық сыры» Ортаға сән үлгісін көрсету үшін қатысушыларымызды шақырсақ
-
Тасболат Асылжан
Өтепова Фатима
-
Аубакиров Аян
Серікқызы Айша
-
Кеңес Мақсат
Жауынтаева Малика
-
Бекболатқызы Інжу
Карбоз Ермұрат
-
Алмашев Азамат
Тасболат Аружан
4-кезеңнің бағасын әділ-қазы алқасынан сұрасақ.
Жүргізуші: Би
Әділ-қазы алқасы өз шешімін шығарғанша ортаға «Жұлдыз» және «Күншуақ» топтарының бүлдіршіндерінің орындауындағы ................................. биді тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Ән
Сайысқа қатысатын оқушыларға арнап, «Күншуақ» тобының әншісі Жолдасбек Иманәлінің «Анашм» әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Оқушыларымызды мараппатау үшін әділ-қазы алқасына сөз берсек.
Қорытындылау
Жүргізуші: Хор
Бүлдіршіндердің күз мерекесіне арналған «Алтын күз»әнің қабыл алыңыздар
Білім, ғылым,
өнерге,
Қанат қағар
кездерің.
Еліміздің
ертеңі,
Үміт етер
өздерің. - дей отырып, бүгінгі «Алын күз» сайысын
аяқтаймыз.
Уақыт бөліп келгендеріңізге көптен –көп
рақмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген