Материалдар / "Алтын күз" ертеңгілігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтын күз" ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі тәрбие және білім бөлімдеріндмерексін ұйымдастыру үшіне "Алтын күз"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2021
306
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Мейірлі күз, мырза күз»

Мақсаты: Балаларды театр мәдениетіне, өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға, мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, ширақ дауыспен айту, әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындауға үйрету.

Жүргізуші:

Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын қағайын.

Қуандырып біздерді,

Сары алтын күз келді.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар , қонақтар! Мінекей бүгін тағы бір сағына күткен «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.. Әрдайым сары күздің бізге берер байлығы таусылмасын,жер анамыздың құнары сарқылмасын дейміз.

Ал қазір «Қарлығаш» тобының өнерлі бүлдіршіндерін қошеметпен қарсы алайық .

Балалар залға жұптарымен кіріп, жарты шеңбер болып тұрады.

«Күзгі вальс» биі.

Тәрбиеші:

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар?

Балалар: -Күз мезгілі

Ендеше қонақтарымызға күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды айтайық:

1-бала:

Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп даланы.
Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

2-бала:

Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.

Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал, терек,
Жапырағын ұшырып.




3-бала:

Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау



Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой 
күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен

Ән: «Алтын күз» Сөзі:А.Абдраймова, әні: Б.Бейсенова

Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты. Ол кім болды екен?

Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Балардың өзіңізге арнаған тақпақтарын қабыл алыңыз.

Тақпақтар:

1-бала:

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс берген сыйдай

2-бала:
Келді міне күз,
Айнала сары 
түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем 
күз.

3-бала:

Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды
қ жан салып.

Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары
күз

4-бала:

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісті
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін

4-бала:

Листья золотые падают, летят,
Листья золотые устилают сад.
Много на дорожках листьев золотых,
Мы букет хороший сделаем из них,
Мы букет поставим посреди стола,
Осень золотая в гости к нам пришла.

Жүргізуші: -Балалар, келесі кезекті тағы бір әсем әнге берейік.

Ән: «Наступила осень» Сөзі: Әні:А.Евдосьева

Қойылым: «Дәрумендер не үшін қажет?»
Көркем: 

Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
,
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
2 - бала: Енді, енді не етеміз?!
Көркемге қалай көмектесеміз?
Айсара: Сабыр сақта, саспайық 103 ке хабарласып, дәрігер шақырайық!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Жәнібек: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Көркемге дәрігерлік көмек керек!
Дәрігер: Қазір қарап шығайын, неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
- А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..

Жүргізуші: Балалар,ендеше бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар  бар екенің, күз ханшаймы айтып берсін.

Күз:- Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Ойын: «Жеміс жинау»

Мақсаты: Қимылды және командадағы жарыс сипатындағы ойындарды, негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы балалардың қимыл тәжірибелерін байыту.

Барысы: Балалар екі командаға бөлініп, бір ұл бір қыз жұптасып кедергілерден өтіп, екі себетке жемістер мен көкөністерді жинайды.

Қай команда көп жеміс жинайды, сол команда жеңімпаз болады.

Ән: «Наступила осень» Әні, сөзі: А.Евдосьева

Күз ханшайымы:

Рахмет, менің достарым! Мен енді орманға қайтайын. Ондағы достарымды да қуантайын. (Музыка әуенімен шығып кетеді)

Ән: «Тамшылар» Әні, сөзі: М.Жаутиков

Тәрбиеші: -Құрметті қонақтар, «Қарлығаш» тобының «Мерейлі күз, мырза күз» атты ертеңгілігі аяқталды, қош сау болыңыздар!
















Жоспар:

1.Жүргізушінің кіруі

2.Балардың кіруі

3.Би: «Күзгі вальс»

4.Тақпақтар: 5бала

5.Ән: «Алтын күз»

6. Күз ханшайымының кіруі

7.Тақпақтар: 6бала

8.Ән: «Наступила осень»

9.Қойылым: «Дәрумендер не үшін қажет?»

10.Ойын: «Кім жылдам?»

11.Күз ханшайымының шығуы

12.Ән: «Тамшылар»

13. Жүргізуші сөзі.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!