400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Алтын күз» ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру, мерекелік көңіл - күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. Зал мерекеге сай безендірілген. Әдемі ән ойналып тұрады. Бүлдіршіндер, тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МДҰ «Айналайын» №42











«АЛТЫН КҮЗ»

ЕРТЕҢГІЛІК












Дайындаған: Есентаева А.М

Жарболова А.Қ.












«Алтын күз» ертеңгілігі

Мақсаты: Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру, мерекелік көңіл - күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. Зал мерекеге сай безендірілген. Әдемі ән ойналып тұрады. Бүлдіршіндер, тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.  Балалардың қолдарында жапырақтар.


Жүргізуші:

Қарсы алайык бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр беріп

Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар және «Алақай» тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша  «Алтын күз»   атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған,   сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады. Ендеше
«Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.


Жүргізуші:

Қызыл жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ән салайык,
би билейік
Күз әніне қосыла
- деп сіздердің құрметтеріңізге

«Күзгі вальс» әнін тыңданыздар.


Жургізуші:

Балалар мен сендерге жұмбак жасырғым келіп тұр, сендер бұл  жұмбақтың шешуін тапсаңдар біздің көптен күткен қонағымыз келеді.  Ендеше сендер дайынсыңдар ма?

Балалар: Әрине дайынбыз.


Жүргізуші:

Көк майсалы көрікті

Алқап тола көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін. ( Күз  )

 

Жапқандай жапырағымен айналаны

Қуантып байлығымен халқымды

Бір қуантып қайту үшін біздерді

Сабырлы ,сары алтын күз келді.

Балалар  хормен:  Біз сізді күтудеміз алтын куз

Күз ханшайымы келеді .

Сәлеметсіңдерме балалар, сендер бүгін қандай әдемі болып кеткенсіңдер.

Мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.


Жүргізуші:

Сәлеметсізбе күз ханшайымы келіңіз, төрлетіңіз біздің өнерлі балаларымыздың өнерлерін  тамашалаңыз.

Ал балалар өнерімізді көрсетуге дайынбыз ба?

Күз ханшайымы: Рахмет балалар мен бүгін өзіммен бірге  Қыркүйек,  Қазан қызыммен Қараша ұлымды алып келдім.

Менің ұл қыздарым құр келген жоқ сендерге өздерінің әндерін дайындап келді.  Қане балалар менің  Қыркүйек, Қазан, Қарашамның әнін тыңдандар

Қыркүйек,  Қазан, Қараша ән айтады.


Жүргізуші:

Қандай тамаша ән балалар сендерге ұнады ма?

Балалар: Ұнады керемет ән.

Ойын «Көкөністер мен жемістер» ажырату.


Жүргізуші:

Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің  тойын тойлайық

Би билейік ойнайык – деп қыздарымыздың «Қолшатыр» биін  қарсы алыныздар.


Жүргізуші:

Ойын «Жапырақ».


Жүргізуші:

Қызыға біз қараймыз

Бүлдіршіндерге  бүгінгі

Көрейікші көрермендер

«Ұлдар» биін тамашалайық


Жүргізуші:

Ал балалар тұрмайық

Би билейік бәріміз

Алтын күзде бүгінгі

Шырқап әнге салайық-деп  «Тук тук кап кап»  әнін тыңдаңыздар.

Күз ханшайымы:  Балалар мен сендердің өнерлеріне риза болдым, қош сау болыңдар.


Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар. Берекелі мерекелі жомарт күздің

сыйлаған сыйы, әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын еліміз аман

заманымыз тыныш болсын. Бүгінгі «Алтын күз» ертеңгілігімізді көңіл қойып тыңдағандарыңызға, алтын уақыттарынызды бөліп келгендеріңізге

көп-көп рахмет.  Қош сау болыңыздар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі