Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және қонақтар! Сіздерге мына қоңыр күздің мерекелік бағдарламасына қош келдіңіздер дейміз.
Күз ұсынып, егісі мен жемісін,
Әкеліпті халыққа бір молшылық
Сары жапырақ алтындай боп төгілсін,
Елімізде болсын әркез көпшілік.
Ортаңғы «Аққу» тобының бұлдіршіндерін қарсы алайық. Барлық бала жапырақпен билейді.
Жүргізуші:
«Қазақ жері сәніміз
Мәуесі мол бағымыз
Саясында жетілер
Балдай бала шағымыз» – дей отыра балаларымыздың орындауындағы
«Күз келді» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Біз асықтық, тырыстық,
Ән мен биді үйрендік.
Демалайық отырып,
Тақпақ айтып берейік!
Балалардың тақпағы.
1 – бала: Алина
Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Даниал
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.
Озарбек
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Айша
Жапырақ ұшты
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Болат Әміре
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді
Ханзада
Көбейді құт –береке
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді»тойлаймыз.
Жалғас
Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.
Қасқыр кіреді.
Қасқыр: Сәлеметсіңдерме, балалар. Сендерде бүгін не жиын? Қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?
Жүргізуші: Қасқыр, біз бүгін «Алтын күз» мерекесін тойламақшымыз.
Қасқар: Иә, енді есіме түсті. Орманда жүргенде «Күз аруын» кездестіргенімде
№1 «Арай» балабақшасында күз мерекесі тойланады, соған дайындалып жүрмін деген еді. Енді мен де ойламаған жерде тап бола қалғаным-ай!
Жүргізуші: Қасқыр, онда сіз біздің қонағымыз болыңыз, ешқайда кетпеңіз, отырыңыз.
Қасқыр: Рахмет сендерге, балалар!
Сендерді мерекелеріңмен құттықтаймын. Әрқашанда жүздеріңнен күлкі кетпей, күндей жарқырап жүре беріңдер!
Жүргізуші: Балалар, күз мезгілінде күн суық болады. Тонып қалмас үшін бойымызды сергітіп алайық.
(Күзгі ритмикалық жаттығулар.)
Шеңберге тұрамыз,
Жапырақтай шулаймыз:
Шух-шух-шух-шух,
Жерге түсе бастаймыз, (отырады.)
Ағаштай тік тұрамыз,
Сол сияқты тербейміз,
Күзгі жел боп әндетеміз:
У-у-у-у-у-у
Күзгі жел боп айналамыз (Айналады.)
Тамшы болып секіреміз (Секіреді.)
Таза ауада ойнаймыз (шеңбер құрып жереді.)
Күз сияқты дем аламыз (демдерін шығарады, қолдарын төмен түсіреді.)
Үлгілі баладай отырамыз (орындарына отырады.)
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Балалар, бүгінгі мерекеміздің қонағы Алтын күз де келіп қалғандай, қол соғып қарсы алайық. (Күз аруы кіреді)
Күз аруы: Сәлем өрен, достарым!
Қандай әсем алтын күз.
Мереке сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қонып,
Береке бірлік пенен ортақтассын!
Ән: «Күзге сәлем»
Жүргізуші: Ал, енді Күз аруына біздің балаларымыз тақпақтарын айтады.
Балалардың тақпағы.
Ерхан
Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Аяла
Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр
түседі.
Алихан
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды
халқымыз.
Айбибі
Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай
бізбенен.
Хансұлтан
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау
Іңжу
Жайдары күз,жомарт күз,
Аяулы күз,алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.
Расул
Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.
Ақтілек
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Санжар
Кун суытып
Жапырақтар түседі.
Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.
Ерке өсіп жайнаған ұл менен қыз
Бәріне сәлем жолдап жүректен біз
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп біз де тұрмыз.
Би «Себет» биі қыздар билейді
Би: «Саңырауқұлақ»биі ұлдар билейді
Қасқыр: Балалар, билерің өте әдемі екен, маған үйретесіңдер ме?
Балалар: Үйретеміз.
Қасқыр: Рахмет сендерге, балалар. Мен бір қызық ойын көрсетемін, ол ойынды сендер жауын жауғаннан кейін ойнауларыңа болады.
Ойын «Шалшық суды аттап өт» деп аталады.
Ойынның шарты:
Ортаға екі қатардан тізіліп қойылған қағаздан жасалған шалшық суды қатар-қатар қоямыз. Белгі берілген соң балалар судан секіріп өтулері керек.
Күз аруы: Қасқыр, сіздің балалармен ойнаған ойыныңыз маған ұнады.
Жүргізуші: Ендігі кезекті балаларымыздың тақпағына берейік.
Балалардың тақпақтары.
Қуаныш Асылым
Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық
біз.
Айкерім
Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.
Қуаныш Әміре
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.
Нұржанқызы Асылым
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Жұпар
Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Әділ
Берекелі,мерекелі,
Келді жомарт алтын күз
Қалада да далада да
Жанның бәрі жарқын күз.
Жүргізуші:
Сары бояу айналам.
Енді сары бояумен
Күз суретін салам мен.
Би: Қолшатыр биі қыздар
Би: Кірпі мен ұлдар
Күз аруы: Маған сендердің тақпақтарың да, билерің де өте қатты ұнады. Мен сендерге қызықты жұмбақтар әкелдім. Шешуін оңай табасыңдар деп ойлаймын. Ендеше мен жұмбақтарды жасырамын. Сендер мұқият тыңдаңдар:
1. Күнді жабады,
Жаңбыр болып жауады. (бұлт)
2. Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (ағаш)
3. Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл, түссе сары. (жапырақ)
4. Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады (жел)
Күз аруы: Рахмет, балалар, өте жақсы
Жүргізуші: Келесі «Алтын күз» әнін Күз аруы, сізге тарту етеміз.
Жүргізуші: Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағынызға көп-көп рахмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алтын күз ертеңгілігі

шағым қалдыра аласыз