400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз! ертеңгілік. Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру. Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру. Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтын күз! ертеңгілік.

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру.

Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру. Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Би: Жапырақтар

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Біздің шағын орталықта «Келді міне Алтын күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!

Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн, біліп қой

Күзгі бақта сыңғырлап

Алақанды ұрып қой.

Қонақтардың көңіл-күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық!

(Балалар қолдарын бұлғайды)

Жарайсыңдар балалар! Қонақтар мен балалардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың ізін байқадық!

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.

Көптен күткен күз келді
Жеміс жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Ағаштардан түседі

Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Ән: Алтын күз

Балалар қазір бізде күз мерекесі, күз мезгілінің неше айы бар екен?

Күз айларын кім атап шығады?

 (Қыркүйек, қазан, қараша)

Жүргізуші:Сыңғырлайды қоңыраулар
Қыркүйек айында
Сағынышпен біз барамыз
Өнер білім тойына

Қазан айы басталды
Құстар қайта бастады
Туыстық, адам достықпен
Жалғаса берсін өмірлерін

Күздің караша айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр, сыбдыр түседі

Ойын: «Көкөністерді жинау!»

Шарты: Шашылған көкністерді теріп алып, қорапқа салу.

Күз ханшайымы келеді..

Береке бақ дарыған Жомарт көңіл жарқын күз Сары алтынға малынған Мен Күз ханшайымымын.

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Жүргізуші:Қош келдің,Күз ханшайымы! Төрлет!

Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалайық.

Күз ханшайымы:Өте жақсы, балалар, рахмет.

Жүргізуші:

Балалар, күз ханшаймының сиқырлы орамалы бар, солмен ойын ойнағысы келеді, ойнағыларың келеме?

Ойын: «Сиқырлы орамал»

Қане, шеңбер құрайық,
Билеп-билеп алайық.
Шыр етіп айналып,
Теріс қарап отырайық.

Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды. Ал балалар енді бұрылып қарайық.

Күз: Орамалды ашайық,

Астында не, қарайық?

Бұл не?

Себет қой!

Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.

Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.

Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер Ендеше мені басқа балалар тосып отыр ,Сау болыңдар балалар!,Келгенше жыл айналып.

(Күз кетеді)

Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.

Жүргізуші: Осымен «Балапан» орта тобының «Келді міне Алтын күз» атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын!























Picture 1

Picture 2





Picture 3



Picture 4





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 желтоқсан
392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі