жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Алтын күз" ертеңгілік
Бекітемін:
"Алтын күз" ертеңгілік
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп жартылай шеңберге тұрады.
Тәрбиші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, тәрбиешілер! «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Құттықтау сөз кезегі балабақша меңгерушісі: А.К. Жолдығалиқызына.
Тәрбиеші:
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жүп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Тәрбиеші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз.
Тәрбиеші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күзханшайым: Береке бақ дарыған,
жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам.
Армысыздар , құрметті қонақтар, "Құлыншақ"тобының бүлдіршіндері! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Тәрбиеші:
Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күзханшайым: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ: Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ .
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күзханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән: "Моншақтар"
Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы -
1-сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? (Ерте Күз, алтын Күз, қара Күз)
2-сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )
Тәрбиеші: Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық.
Қыркүйек Бірінші қыркүйек Саян
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.
Қазан Жаңартқан ғаламды Ханшайым
Жаңбырлы ғажап ай
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай.
Қараша Мол байлық тергені Ақерке
Шаттығы қаншалық.
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып.
Күз:
Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп
тұр. «Кім
шапшаң?»
Ойын шарты: Жердегі шашылып жатқан
жапырақты шапшаңдатып жинау.
Жемісті мол беретін, Ж.
Жанель
Күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Жапырақ ұшты Ж. Ақерке
Суық та түсті
Сонда да бізге
Қызық көп күзде.
Сары ала тон жамылған Дастан
Күз атамыз секілді,
Қойны толы дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі.
Алтын, сары, қызыл, көк, Айгерім
Алуан-алуан жапы
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күзім-ау, күзім-ау! Санжар
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!
Сарғайды тоғай Райана
Сап-сары маңай.
Қара бұлт қабағын түйеді, Жанарыс
Бұталар боз қырау киеді
Осы ма, осы ма күз деген
Бақшаға баратың бізбене
Күз ханшайымы: -Өте тамаша,балалар!
Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Бұл ойын «Қай жеміс?» деп аталады.
Ойынның шарты: Көздеріңді жұмып,жемісті жеп,қай жеміс екенін айтасыңдар.
(Бір ыдыста туралған әр түрлі жемістер)
Тәрбиеші:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге Күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді. ( ортаға жемістерді қарсы алайық.)
Алмұрт Мен алмұртпын, алмұртпын Ақарыс
Аузындамын бар жұрттың.
Жүзім Мен жүзіммін, жүзіммін Перизат
Моншақ болып тізілдім .
Өрік Мен өрікпін, өрікпін Ғ. Жанель
Табиғатқа көрікпін.
Алма Мен алмамын, алмамын Райхан.
Таңдайда қалар бәр дәмім.
Күз:
Енді екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақ шешу.
2-тапсырма:
1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.Бұл не? (Сәбіз)
2. Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар
Қалай оны шешемін. Бұл не? (Орамжапырақ)
3. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. Бұл не? (Пияз)
4. Аспай піскен,
қайнамай түскен. (Жеміс)
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!
Жұмбақты да шеше аласыңдар.
Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік.
Ойын: «Ұйқасын тап»
1. Пісетін кезі дәл Күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты- (шабдалы)
2. Кіп-кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерін айырып,
Танисың ба...? (шиені)
3. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері- бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты.... (таңқұрай)
Тәрбиеші:
Бидай, арпа, тары бар, Сұлы, күріш бәрі бар. Әне жырлап барады, Әнге құлақ салыңдар. (Ортаға әуенмен дақылдар шығады.)
Бидай:
Нан атысы бидаймын Наргиз
Нанды елге сыйлаймын
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын.
Арпа:
Қызыл мұртты арпамын Адия
Ырыс құтты арпамын.
Машинаға мініп ап,
малды аулаға тартамын.
Тары:
Ақ, қарамын, сарымын, Абылай
Мен атақты тарымын.
Еңбегіңнің жаз бойы
Қайтарамын қарым
Тәрбиеші: Дақылдар, сендерге көп рахмет!
Ән: "Бала,бала, балақай"
Күзханшайым:
Енді мен сендермен ойын
ойнағым келіп тұр. «Кім
жылдам?»
Ойын шарты: екі топқа бөлініп шашылған көкөністерді жинауларың
керек.
Бір, екі, үш, ал кәнеки ұш!
Тәрбиеші: ортаға көкөністерді шақырайық.
Қызылша Мен де бір сөз айтайын Сезім
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
Орамжапырақ Мақтанғаннан не пайда? Азат
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
Қияр Дәмім тілді үйірген Аружан
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Ән "Бұл қай кезде болады "
"Шалқан" (орыс халық ертегісі)
Әуенмен шалқан ертегісі басталады.
Тәрбиеші:
Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына, ата есіктің
алдында
шалқан егіпті. Күндердің
бір
күнінде Шалқан күнні ыстық
сәулесімен үлкен болып өсіпті.Осы кезде ата шалқанына тамсанып қарайды.
Ата:
Ой,
бәрекелді, менің
еккен
шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін болды.
Тәрбиеші:
Осылай ата
еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады,
шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.
Ата:
Ойбай, шаршап кеттім, белім де
ауырады. Қой көмекке кемпірді шақырайын.
- Кемпірім, кемпірім, көмекке келші, қараша, шалқанымыз үлкен болып өсіпті, Жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге тартайық!
Кемпір:
Ой, шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ
тартайық!
Тәрбиеші:
Осылайша атаның
артынан ұстап әрі тартады, бері тартады. Бірақ
шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.
Кемпір:
Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң
еккен
шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз:
Жарайды апа сізге
көмектесемін.
Тәрбиеші:
Сонымен
қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады. Бірақ
күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін шақырады.
Қыз:
Итім, итім
көмекке келші.
Ит:
Аф-аф-аф
көмектес десеңдер көмектесемін
Тәрбиеші:
Ит қыздың
етегінен, қыз кемпірдің
етегінен, кемпір
шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ
шалқанды суыра алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит:
Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық:
Мяу-мяу,
көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші:
Мысық
иттің
құйрығынан ит қыздың
етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал
шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды, бірақ
шалқан шықпайды.
Енді мысық
көмекке тышқанды шақырады.
Мысық:
Тышқан, тышқан, маған көмектесіп жіберші.
Тышқан:
Әрине көмектесіп жіберемін.
Олар тарта-тарта шалқанды суырып алады.
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.
Күз ханшайымы: Берекелі бақ дәулет Артта түссін тойланып. Сау болыңдар, балалар, Келгенше жыл айланып. (Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді) Қош бол,Күз ханшайымы.
Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне, балалар осымен «Алтын Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін. Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөзі.
"Гаухар" балабақшасы
Ертеңгілік:
Тақырыбы: "Алтын күз"
Жүргізген: "Құлыншақ" тобының тәрбиешісі:
Досқалиева. М.Т
2014-2015 оқу жылы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген