400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды жіберген себебім бірінші санатқа тапсырып жатқан едім ,соған сіздің сайттан сертификаттар алсамба деп едім қосымша мареиалғой өйткені Республикалық марапаттарым аздау болып тұрғаны.Сіздерге алғысым шексіз көмектеріңізге көп рахмет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Алтын күз.


Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.


Көрнекіліктер: Сынып іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңесі, яғни жемістермен көкөністер салынған себеттер.


Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, қонақтар орындарына жайғасып болған соң сыныпқа балалар кіріп орындарына тұрады.


Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің мектепалды даярлық тобында өткізілгелі отырған Алтын күз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!


Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?


Балалар: Ол күз!


Тәрбиеші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.


Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.


Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!


Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!


Күз: Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам. Армысыздар қонактар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?


Балалар: Жоооқ.


Тәрбиеші: Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз,

Сайраңдаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.


Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе сары. Бұл не?


Балалар: Жапырақ.


Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!


Тәрбиеші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.


Ән: «Алтын күз»


1 Шакира: Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау,

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!


2 Айшабибі: Қарашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді,

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді?


3 Жайнагүл: Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді,

Осы ма, осы ма күз деген,

Бақшаға баратын бізбенен.


4 Елмұра: Сары теңге жапырақ,

Бояған ба көл бетін?

Тоңазыпты топырақ,

Ызғарлы екен желде тым.


5 Асылай: Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.


 «Көбелек» биі

Ән:Жаңбыр,жаңыр тоқташы

6 Бекзат: Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты.


7 Ералы: Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


8 Сафиназ: О, алақай тамаша,

Шашу шашады жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!


9 Асан: Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды,

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.


10 Нұртілеу: Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.


Би: «Қырман»

Ән:Біз бақытты баламыз

Тәрбиеші: Балалар енді мен сендерге көкөністерге қатысты жұмбақтар жасырамын.

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана. (Орамжапырақ)

Өсем бақша-бауыңда,

Қатты ұқсаймын қауынға

Жемек болып шикілей

Күлкі болма қауымға. (Шалқан)


Мен бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Венегретте үстелде. (Қызылша)


Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен күйімде,

Жейді бәрі сүйсіне (Қияр)


11 Али: Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның.


12 Инсар: Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.


13 Каусар: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.


14 Еркеназ: Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз.


Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.


Ойын: «Кім жылдам?»

Ән: Кап-кап,тук-тук-тук.


15 Альмира: Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дәриядай шалқар күз.


16 Амиржан: Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді.


17 Ақерке: Күз сыйы бәрі де,

Табиғат дәулеті.

Туған жер әрі де,

Күзбенен сәулетті.


18 Аружан: Сары алтыннан бұрымда,

Сары пүліш көйлегі:

Алтын күзді шынында,

Ару дерсің бейнелі.


Би: «Аралар»

Ән: «Біз бақыты балдырған»


Тәрбиеші: Жемістерді қарсы алайық. (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)


Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың. Жайнагүл


Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім. Шакира


Өрік: Мен өрікпін, өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін. Асылай


Алма: Мен алмамын, алмамын

Таңдайда калар бар дәмім. Бекзат


Күз: Өте тамаша, балалар! Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенін табу.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап корейік. «Ұйқасын тап» ойыны


1.Пісетін кезі дәл күзде

Мезгілсіз оны үзбе

Аузынан кетпес бал дәмі

Оның аты (шабдалы)


2.Кіп-кішкене болса да,

Ағаштың басын иеді.

Жемістерін айырып,

Танисың ба? (шиені)


3.Жапырақты тасалап,

Өсетін жері- бақша-бақ

Күрең қызыл шіркін-ай

Оның аты (таңқурай)


Би: «Папито»


Тәрбиеші: Алтын күз, балалардың өнері ұнады ма?



Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар балалар,

Келгенше жыл айналып.


Тәрбиеші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі