Материалдар / "Алтын күз" ертеңгілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтын күз" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесіне арналған ертеңгілік. мектепке дейнгі мекемелерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
403
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алтын күз» ертеңгілік

Музыка залы мерекеге сай безендірілген.Жүргізуші кіреді.

Жүргізуші:

Қуандырып біздерді

Мерекелді күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін ел енді.

Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер!

Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын!

Ендеше «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз..

Балалар музыкалық әуенмен қолдарына жапырақ алып кіреді.


Балалар тақпақтары

Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Күзгі тойда жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық.


Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.


Ән салайық күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік ойнайық.


Алтын, сары, қызыл көк,

Алуна, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп ,

Көз тартады атырап.


Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.


Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.


Берекелі, мерекелі

Келді жомарт Алтын күз.

Қалада да, далада да,

Жаннның бәрі жарқын күз.


Жомарт күздің біздерге,

Берерін алып шашпайық.

Алтын күз тойын сіздерге,

Өлеңменен бастайық

Хор : «Күзгі жаңбыр»


Жүргізуші Балалар бізге сонау алыстан «Күз ханшайымы»келіпті(осы кезде себетке толы жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп кіреді.)


Күз ханшайымы: Сәлеметсіздерме балалар!Сәлеметсіздерме қонақтар

Балалар:Салеметсізбе!

Күз ханшайымы:Уа халайық, дархан далам армысың!

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен күзгі ханшайыммын сендерді көргеніме қуаныштымын.

Мен сендерге сонау алыстан «Тана мырза орта мектебінде Мектепалды даялық сыныбының «Алтын күз»ертеңгілігіне арнайы келдім.

Маған өнерлеріңді көрсетесіңдерма?

Балалар:Ия

Жүргізуші: Хош келдің Күз ханшайымы! Төрлет.Біздің балалар әнде,тақпақта ,биде билей алады.Біздің балалардың барлығы ақылды.

Күз ханшайымы:Ондай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын

Ағайынды бәрі,

Шықса –жасыл

Түссе – сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз ханшайымы: Дұрыс

Ата –аналарға жұмбақ жасырады

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би-билейік ойнайық.


Би: «Жапырақтар»


Жүргізуші: Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайқ.


Балалар тақпақтары:

Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық, алтын тау.


Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді

Алма:

Дәмі аузыңнан кетпейді,

Қызыл алма шырын бал,

Көктей тісің өтпейді,

Піскен кезде үзіп ал


Шие:

Мен маржандай шиемін

Күн сәулесін сүйемін

Жемістерім піскенде,

Жерге басымды иемін


Қияр:

Дәнін егіп қиярдың,

Тыным таппай суардым

Түйнектерін көргенде ,

Бес алғандай қуандым


Пияз:

Қос батырдай түйілген,

Тоғыз қабат киінген.

Аршимын деп пиязды

Жылап шықтым үйімнен.


Бұрыш:

Аршығанда бұрышты

Абай болған дұрысты

Ашытады көзіңді ,

Жылатады өзіңді.


Қырық қабат:

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын

Қабат, қабат киініп,

Қырық қабат атандым.

Сәбіз:

Өсіретін бойыңды ,

Дамытатын ойыңды.

Қоянғада азықпын

Сәбізбін жазықсыз


Күз ханшайымы:Жарайсыңдар балалар. Мен жалғыз келмедім өзіммен бірге досым қоянды ерте келдім.(Қоян кіріп келеді)

Қоян: Балалар күз ханшайымы менен бұрын кетіп калыпты мен артынан жүгіріп жүгіріп,секіріп секіріп әрең жеттім.Менің ойнағым келіп тұр.Балалар менімен ойнайсыңдарма?

Балалар Ия

Қоян:Ендеше ойынымызды бастайық. Ойынның аты

«Кім жылдам».

Қоян:Балалар ойын ұнадыма?

Балалар : Ия

Қоян: Ал ендеше балалар мені қасқыр қуып жетіп алмай тұрғанда мен орманға кетейін.Сау болыңдар балалар.

Балалар : Сау бол қоян


Би «Қолшатыр»


Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің балалардың өнері ұнадыма?

Күз ханшайымы: Ия өте өнерлі балалар екен.

Күз ханшайымы:

Берекелі бақ-дәулет

Арта түссін тойланып,

Сау болыңдар, балалар

Келгенше жыл айланып.

Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді.

Балалар: Қош бол Күз ханшайымы!

Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдаға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!