400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
алтын куз туралы балаларга айтып оту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сары алтын Күз келді

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл-күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой-қиялдарының дамуын анықтау. Ата-аналар қауымымен тығыз қарым-қатынас қалыптастыру.

/Бөлме мерекеге сай безендірілген/.


Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата-аналар! №11 ересек тобының балалары дайындаған «Сары алтын Күз келді» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Балаларымызды қарсы алыңыздар!

/Әуен ойналып, балалар қолшатырмен залға кіреді/

Кәусар: Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын қағайын.

Қуандырып біздерді,

Өлкемізге күз келді!

Мариям: Айнала сары ала,

Қырманға дән тола.

Жемістер пісіпті,

Қоймаға түсіпті!

Тәрбиеші: Ендеше не тұрыс,

Болмасын жан қалыс.

Тойлайық, күлейік,

Қуанып, билейік!

Би: «Қолшатыр»

(Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды)

Айзере: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!

Басым айналып барады!

(Басқа балалар көмектесіп, демейді)

Мариям: Енді, енді не істейміз?! Айзереге қалай көмектесеміз?

Қайсар: Сабыр сақтайық,

Дәрігер шақырайық!

Айзере: Жо-жоқ! Дәрігер керек емес!

Қазір өзім тұрамын тез!

Амина: Онда саған дәрі ішу керек!

Көркем: Ауырмау үшін суық суға шомылукерек.

Айзере: Ах!

Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер!

(«Жедел жәрдем» машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)

Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар? Әлде біреу ауырып қалды ма?

Бәрі бірге: Айзереге дәрігерлік көмек керек!

Дәрігер: Қазір қарап шығайын,

Неден ауырғанын ұғайын...

(Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)

Дәрігер: -А-а-а – деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)

Тістерің орнында, тамағың іспеген,

Қол-аяғың әлсізденген.

Қызуың ыссы екен,

Білдім, неден ауырғаныңды...!

Жеткілікті мөлшерде ағзаңа,

Дәрумендер жетіспеген!

Айзере: Енді не істеймін?

Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,

Көп-көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..

Арай: Қазір күз мезгілі түсті ғой,

Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!

Қоймаға қоңырау шалайық

Күз өнімдерін осында алдырайық!

Арман: Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау шалады)

-Алло, алло! Қойма ма?

Бізге жемістер мен көкөністер керек.

Машинаға тиеп жіберіңіз,

Мүмкін болса тезірек!


/Балалардың тақпақтары/

Арай: Берекелі, мерекелі,

Келді жомарт алтын күз,

Қалада да, далада да,

Жанның бәрі жарқын күз

Медет: Листопад, листопад,

Осыпается наш сад.

Листья желтые летят,

Под ногами шелестят.

Айару: Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Дінислам: Кружит, кружит в воздухе,

Пестрый хоровод.

Красные, желтые,

Ветер листья рвет.

Амина: Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Айша: Осень добрая пришла,

Нам подарки принесла.

Яблоки душистые,

Персики пушистые,

Груши золотистые

Осень принесла.


(Жемістер мен көкөністер келеді)

Би: «Көкөністер мен жемістер»

/Көкөністер мен жемістердің тақпақтары/

Арман: Мен картоппын, картоппын,

Бір қарасаң доппын.

Немен жесең де жағам,

Мені қоссаң тәтті болар тағамың.

Айбар: Мен жүзіммін жүзіммін

Моншақ болып тізілдім

Сары күзде үзіліп

Себетке кеп тізілдім.

Мейрамбек: Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрган ол мен қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

Қайсар: Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Ерсін: Асханадан шықпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Алдияр: Көрсең егер бақшада,

Доп екен деп қалмаңыз.

Шөл қандырар қарбызбын,

Ерте үзіп алмаңыз.

Әміре: Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.

Тәрбиеші: Бойға қуат нәрі,

Таптырмайтын дәрі.

Өнімдерді ортаға ала,

Тойлайық енді шаттана!

Ән: «Алтын күз»

Келді міне қоңыр күздің самалы,

Бұлттар төніп, күн суытты шамалы.

Қайырмасы:

Келді міне алтын күз,

Келді міне жарқын күз,

Байлығы мен мерекелі, берекелі.

Алтын күзім берекелі болады,

Қамба біткен ақ бидайға толады.

Қайырмасы:

Келді міне алтын күз,

Келді міне жарқын күз,

Байлығы мен мерекелі, берекелі.


Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, қане кім шешуін табады екен?

Жұмбақ: Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл, түссе сары.

Жазда тұрып жоғары,

Күзде жерге қонады.

Балалар: Жапырақтар

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ендеше «Жапырақтар» биін тамашалайық.

Би: «Жапырақтар»

(Би аяқталғанда үнтаспадан желдің дыбысы естіліп жапырақтар ұшады)

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы жапырақтарды жел шашып кетіпті. Енді осы жапырақтарды жинау үшін сендердің көмектерің қажет. Ол үшін сендерді ойын шартымен таныстырып өтейін.

Ойын: «Кім жылдам?»

Шарты: Балалар екі топқа бөлініп, себеттерге шашылған жапырақтарды жинау керек. Қай топ бірінші жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, бізде достық жеңді.

Тәрбиеші: Жарнамаға құлақ түріңіздер,

Жаңалықтарды біле жүріңіздер.

Әп-сәтте ақ қағазға күзгі табиғатты,

Күз кереметтерін бейнелеген ата-анаға сыйлығымыз бар.

(Ата-аналар сурет салуға шығады)

Балардың тақпақтары:

Көркем: Қарашы далаға,

Реңі сары ала.

Пісті алма албырап,

Сарғайды бал құрақ.

Айзере: Вниз, вниз,

Желтые и коричневые.

Листья падают,

По всему городу.

Еділ: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Айгүл: Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.

Али: Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.

Владимир: Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Тәрбиеші: Әсем әнсіз той бола ма?

Ән арнайық күзге жаңа.


Ән: «Осень в лесу»

  1. Осень, осень, осень снова к нам пришла.
    Осень, осень, осень — чудная пора.
    В золотом наряде парки и сады.
    Осень, осень ждали с нетерпеньем мы.

Припев:

Парам-пам-пам,
Парам-пам-пам.

  1. А в лесу чудесно — просто красота!
    И тропинка тянется прямо вдоль пруда.
    На ветвях калины ягоды висят,
    За пенёчком прячутся шляпки у опят.

Припев:

Парам-пам-пам,
Парам-пам-пам.

  1. Белка на поляне шишечки грызёт,
    Ёжик босоногий по лесу идёт.
    На спине у ёжика яблоки, грибы.
    Ёжик, правда любишь 
    осени дары?

Да, да, люблю!
Да, да, люблю!

Припев:

Парам-пам-пам,
Парам-пам-пам.


Тәрбиеші: Енді ата-аналардың сурет салу өнерін тамашалайық.

(Күз тақырыбына салған суреттерін ата-аналар ортаға шығып өз туындыларын қорғайды)

Тәрбиеші: Өнерлеріңізге ризамыз,

Суретші екенсіздер нағыз.

Сыйлығымыз сіздер үшін.

(Күз тақырыбына дайындалған сыйлықтарын алады)

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар! Осымен күзге арналған «Сары алтын Күз келді» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Назар қойып тыңдағандарығызға рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!!!










Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «35 «Балдырған» бөбекжайы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Бекітемін»

№35 «Балдырған» бөбекжай директоры

_________________М.М.Кабдрахманова

« » 2018 жыл







«САРЫ АЛТЫН КҮЗ КЕЛДІ»

/атты күз мезгіліне арналған ертеңгіліктің сценариі/






Дайындаған: музыка жетекшісі

Ж.С.Палманова

Өткізген: №11 ересек тобының тәрбиешісі

Р.С.Сражанова




















Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі