400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз" ертеңгілік 2 кіші тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
2 кіші топқа арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Берекелі, алтын күз!» мерекесінің бағдарламасы

Мақсаты: Күз мезгілі жайында балалардың білімін кеңейту, күз мезгілінің ерекшеліктерін есте сақтауға үйрету. Баланың өзін еркін ұстауға, өз ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру, шығармашылықпен жұмыс істеуін дамыту. Өз беттерінше ерінбей еңбек етуге үйрету және өз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермен қауым! Молшылыққа толы берекелі «Алтын күз» мерекесі баршаңызға құтты болсын.

Алытын күз шаттық алып кел,

Өнерлі жанға шабыт бер.

Адасқан жанға бағыт бер,

Болсыншы біздің бақытты ел.

Жүргізуші:

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз,

Жиып – теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз

Мол өнімді жинаймыз,

Елге бәрін силаймыз.

Тақпақтар

Сезім Ш.

Тоңазып атырап

Көк жеміс піседі

Сарғайып жапырақ,

Сауырап түседі

Аружан

Ән салыңдар, күліндер,

Жайнап гүлдей жүріңдер

Келіңдер күз тойын тойлайық.

Би билейік, ойнайық.


Нурали

Қарашы күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен тізеді

Қара бұлт қабағын түйеді

Айым

Жүзім алма жинаймыз

Алтын мақта тереміз

Үлкендерді сыйлаймыз

Көмектесе береміз

Тауық кіреді музыкамен

Тауық :Сәлеметсіз бе балалар,қоңақтар. Мерекелерің құтты болсын. Мен сендерге қонаққа құс ауласынаң келдім.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, қош келдіңіз отырыңыз.

Біздің балаларымыз сіздің балапандарыңыз туралы ән айтып береді,сіз отырып тыңдаңыз.

Ән «Балапан» орындайды

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы бізде кішкентай балапандар бар,канеки сіз біздің балапаңдармен бірге би билеңіз.

Би «Тауық пен Балапандар»

Тауық :Балалар сендерге келе жатқанда жолда маған қоян кездесті,ол сендерге сәбіз беріп жіберді менең.

Жүргізуші: Қоян сәбіздерді бізге ойын ойнауға үшін берді.

Ойын «Сәбізді себетке тез жинау»

Тауық: Мені балапаңдарым тосып қалды, сау болыңдар балалар.

Тақпақтар

Дамели

Сары жапырақ төгілген

Тоғады да көрдім мен

Енді сары бояумен

Күз суретін салам мен.

Мансур

Аспанды сұрғылт бүлт

Жан жақтан жабады

Күн бірте суытып

Жаңбыр көп жауады

Жансель

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз,

Толтырады астық қамбасын,

Той думанды халқымыз

Нұрдаулет

Ой балалар, балалар, алақай

Қоңыр куз болыпты балақай

Құрап жапырақ сарыпты салты куз

Ел егін орыпты алтын күз.

Жүргізуші: балалар тауық балапандарға не шашты?

Би «бидай биі». (қыздар билейді)

Санырауқұлақ кіреді

Санырауқұлақ :Сәлеметсіз бе балалар,қоңақтар. Мерекелерің құтты болсын. Мен туралы әңгіме болып жатыр екен соны естіп келдім сендерге орманан.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, қош келдіңіз отырыңыз.

Біздің балаларымыздың өнерің тамашалаңыз.

Ән «Күзгі жапырақтар»

Жүргізуші: Санырақұлақ сізде не бар себеткеде

Санырауқұлақ: Ұмытшақ басым ай мен сенднрге санырауқұлақ әкелдім. Канеки ойын ойнайық.

Ойын «санырауқұлақты кім тез жинайды»

Жүргізуші: Сіз отырыңыз ойын ойнап шашадыңыз

Сәл демалыңыз.Ал біздің балалар тақпақ айтып береді

Тақпақтар

Нурислам

Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр – сыбдыр түседі.

Камшат

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ

Ой алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Дария

Келді міне алтын күз

Сары шашты жарқын жүз

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Сезім Қ

Сарғайды тоғай

Сап сары маңай

Соңғы әнім айтып,

Күз кетті қайтып.

Би «санырауқұлақтар»

Санырауқұлақ: Балалар рахмет сендерге, тақпақты,әнді жақсы айтыңдар. Өнерлерің үшін мен сендерге сыйлық беремін. Үлкен санырауқұлақ. Сау болыңыз.

Жүргізуші :Балалар мынау үлкен санырауқұлақтың ішіңде жемістер бар екен.Мен сендерге топта беремін. Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыз.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
1351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі