Материалдар / "Алтын күз" етеңгілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтын күз" етеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне әдістемелік көмек ретінде өз жұмысымды ұсынамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2018
356
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: Күз мерекесі, күз сыйы туралы түсінік беру.Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Қарсы алайық бәріміз,

Қырдан кепті қыдырып.

Алтын күзде нұр төгіп,

Молшылық жаршысы бола білген,

Алтын күз ырыс-береке ала келген!

Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер, қонақтар!

Бүгін «Балдәурен» тобының күз мерекесіне дайындаған «Алтын күз келді бақшама» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Құстар қайтты қыс болды,

Сұр бұлт жапты аспанды.

Жапырақ түсіп, гүл солды,

Қараша ызғары басталды.

Ортаға бүлдіршіндерді шақырамыз.

Хор: «Жомарт күз»

Ел байлығын арттырған берекелі күз айыда келді. Күз мезгіліне арнап ақын –жыршылармыз өлең шумақтарын жазған. Күз мезгілінің әсемдігін, байлығын, көркемдігін бейнелеп айтқан. Ендеше біздің бүлдіршіндерімізде өздерінің білетін күз туралы өлең шумақтарын айтқалы келіпті.

1.Жандәулет: Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.


2. Нұрәділ: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.


3. Сәндігүл: Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Тұрғанның қызық-ау.

Күз мезгіліне қандай теңеу айтсада жарасады. Күз туралы тамаша әуені асқақтаған әндер де бар.

Ән: «Күз тамаша» Ұлжан, Қасиет, Нұрсая, Шапағат.

Би: «Қолшатыр»

Күз мезгілі бізге дәмді жеміс пен көкөністерін де сыйлайды. Олардың құрамында көптеген дәрумендер бар.

-Балалар сіздер көкөніс пен жемісті жақсы көресіздер ме?

-Олардың қайда өсетінін айтып беріңіздерші?

-Жарайсыздар балалар.Олай болса ортаға көкөніс пен жемістерді шағырамыз.


  1. Ақнұр: Шие- Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қажеттімін адамға,

Оны жақсы білемін.

  1. Айдын: Өрік- Мен өрікпін, өрікпін,

Дәміммен тітті еліттім.

Сүйіктімін сәбиге,

Айтпасаңда бөліп тым.


3.Жұлдыз: Жүзім-Мені бәрі жүзім дер,

Бір-бірлеп үзіп жер.

Қызықтырам көркіммен,

Қатар-қатар тігілген.


4.Альтайыр: Алма-Мен алмамын, алмамын,

Таңдандырар бал дәмім.

Пісіп толдым, мінекей!

Баптап ерен бағбаным.


Көкөністер:

1.Райымбек: Қияр- Мен қиярмын, қиярмын,

Салаттардың сәнімін.

Дәруменім мол менің,

Жегенге қуат сыйлаймын.


2.Әбілсейіт: Асқабақ- Таңдандырар бәрін,

Асқабақпын дәмді.

Кептірілген дәнім,

Таптырмайтын дәрі.


3.Амина: Қызанақ- Менің атым қызанақ,

Тұзды сеуіп молырақ.

Банкілерге салыңыз,

Аузын мықтап жабыңыз.

Тағамға дәм қосамын,

Қыста тәбет ашамын.


Міне, балалар бақ пен бақшамыздан келген жемістерімізде өздері туралы айтып берді.

Кезекті тамаша ән мен биге берейік.

Ән: «Күзгі жаңбыр» Асем, Саят, Дәулет ( Айзере, Ақнұр, Құндыз, Амина)

Би: «Жаңбыр» қыздар тобы.

Хор: «Жау, жау жаңбыр»

Би: «Хали,хали» балалар.

Біздің бүлдіршіндеріміз аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші.

Бүлдіршіндеріміз дайын болғанша ата-аналардың тапқырлығын, білімділігін байқап көрелік, ата-аналаға арналған матограмманы ұсынамыз.

Қ- дан мені бастасаң,

Шөліңді басар асыңмын.

Ж-ға айыр бастасаң,

Тамшы болып тасындым. (Қауын-Жауын)

Ендеше ортаға «Алтын күз-2016» топтамасын шақырамыз.


Би: «Вальс»

Құрметті ата-аналар, барша қонақтар бүгінгі бүлдіршіндеріміздің дайындаған мерекелік ертеңгілігіміз мәресіне де келді ата-аналарға біздің және бүлдіршіндеріміздің айтар алғысымыз шексіз. Отбасыларыңызға әрқашанда байлық, береке, мықты денсаулық тілейміз.

Сөз кезегін береміз:

1.Балабақша әдіскері: Ақгүл Бекесқызына

2.Ата-аналар.

Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет. Сау саламатта болыңыздар.













«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК











«Алтын күз келді бақшама»

(ертеңгілік)



Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Боранқұл селосы

«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК

I санатты тәрбиешісі Куракбаева А.














2018 жыл.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!