«Бекітемін»
«ФаиЗаман» ЖШС-гі
«Күншуақ» бөбекжай-бақшасының
МДҰ-жетекшісі ___________ Г.К Нұртаза
Қош келдің, Алтын күз!
(мерекелік ертеңгілік)
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар! Балалар!
Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер!
Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше «Қош келдің, Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігін бастаймыз.
Көбейді құт-береке Астық толы қамбамыз Құтты болсын мереке Алтын күзді тойлаймыз
Жүргізуші: Балалар мінеки күз мезгілі де келіп жетті. - Күз мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады?
Қане кім күз айларын атап шығады?
-Қыркүйек,қазан,қараша (Бәрі хормен)
-Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.
Бекарыс: (Қыркүек айы) Менің атым –Қыркүйек. Күздің бірінші
Айымын. Байлықтың, барлықтың айымын.
Күн ғой ең бір тәуір
Бірінші қыркүйек.
Қоңырау соғылды,
Күміс күй төгілді,
Білімге талпынған
Балалар жиылды.
Адема: (Қазан айы) Менің-атым-Қазан. Жиын-терімнің соңғы айымын!
Еңбекқор елді той думанға кенелтемін.
Жез бен алтын бұл шақтың туысы ма,
Қазан жылдың көл- көсір ырысы ма.
Құшағыма сыймаған қуаныштай,
Төгіледі жемістер уысыма.
Айым: (Қараша айы) Күздің соңғы айы қараша деген мен боламын !
Күннің суып ,қыстың жақын екенін естеріңе саламын.
Қараша айы жасай бер
Бар өмірдің белесі.
Адамзатқа бақ берген,
Он екі айдың төресі.
Жүргізуші: Жақсы. балалар рахметімізді айтып күз айларын шығарып салайық.
Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонақты ортаға шақырам.
Жұмбақ!
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар?
(Күз)
(Желдің уілі естіліп, залға сазды әуенімен Күз ханшайымы келіп кіреді)
Күз ханшайымы : Уа халайық, дархан далам армысың
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын
Балалар бірге : Қош келдің, Алтын күз!
Жүргізуші:
Терістіктен желдетіп,
Жаңбырлатып, селдетіп,
Шаттандырып біздерді,
Сары алтындай күз келді.
Ендіше, ортада «Айшуақ» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндерінің
орындауында «Күз» әнін қабыл алыңыздар
Ән: « Күз», «Айшуақ» мектепалды даярлық тобы
Күз ханшайымы: -- Жарайсыңдар балалар. әндерің қандай тамаша, тағы да қандай өнерлерің бар?
Ән: «Домбыра» Мәлгаждар Бекарыстың орындауында «Айшуақ» тобы
Жүргізуші: Бүгін мейрам, бүгін той Қуанышты күн біліп қой. Күзгі бақтай сыңғырлап, Алақанды соғып қой – дей келе, ендігі кезекті биге берейік.
Би: «Қолшатыр» , «Айшуақ» тобы Қыздардың орындауында
Би: «Кап,кап тук, тук» Балшуақ тобының бүлдіршіндері
Ән: «Берекелі күз» «Айшуақ» тобы
Би: «Бала, бала балапан» Балшуақ тобының бүлдіршіндері
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер Жайнап гүлдей жүріңдер Күздің тойын тойлайық Би билейік, ойнайық.
Ойын: - «Кім жылдам?» Айшуақ тобының бүлдіршіндері
Алтын Күз: - Ия, барлықтарың өнерлі, білімді екенсіңдер, сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр, бұл ойын - «Кім жылдам?» деп аталады.
Ойын шарты: бес бала ортаға шығып, музыка әуеніне билейді. Музыка тоқтай қалғанда жерде жатқан бір жемісті жылдам ала қалуы керек, кімге жеміс жетпей қалды, сол бала ойыннан шығып отырады. Ең соңында билеп жүрген екі баланың қайсысы жемісті бірінші боп алса, сол бала жеңімпаз болады. Ендеше бастайық!( Ойын ойналады)
Би: «Көңілді би» , Айшуақ тобының бүлдіршіндері
Жүргізуші:Енді кезекті әнге берейік, алдарыңызда
«Таңшуақ» ересек тобының бүлдіршіндерін шақырамыз
Ән: «Жапырақ»
Би: «Жау, жау, жаңбыр» қыздар биі
Би: «Алтын күз» ұлдар биі
Тақпақтар!
Ән: «Осень золотая» ,«Елшуақ» мектеапалды даярлық тобы
Жүргізуші:: Балалар бізге көкөніс , жемістер келді, қарсы алайық!
(Көкөністер,жемістер кіреді)
Жүргізуші: Балалар жемістердің дәмін білесіңдер ме? Олай болса, ойын ойнайық
Ойын: «Дәмінен тап», «Елшуақ» мектеапалды даярлық тобы
Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Дәмінен тап» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ортаға шыққан балалар көздері байланған қалпы табақтағы жемістерді жеп көріп, қандай жеміс екенін табуы керек. Кім дәмін татып, жемістерді дұрыс, әрі көп табады, сол бала жеңімпаз болады.
( Ойын ойналады)
Алтын күз: - Мына балақайлар барлық жемістерді біледі екен, жарайсыңдар!
Жүргізуші: Әсем әнсіз той бола ма?
Ән арнайық күзге жаңа!
Ендігі кезекті әсем әнге берейік,
Ән: «Күз келді» «Елшуақ» мектеапалды даярлық тобы орындалады
Би: «Современный би» «Елшуақ» мектепалды даярлық тобы ұлдар
Би: «Жапырақтар» «Елшуақ» мектепалды даярлық тобы
Тақпақтар!
Алтын күз: - Жарайсыңдар балалар, өте білімді, ақылды екенсіңдер, тағы да күз туралы қандай өнерлерің бар?
Ән: «Күз келгенде» Нұршуақ ересек тобы
Би: Бим-Бом Нұршуақ ересек тобы
Тақпақтар!
Жүргізуші: - Рахмет, балалар, сендер күз туралы өте көпөнерлерің бар екен Алтын Күзіміз риза болып қалды.
Жүргізуші: - Жарайсыңдар, балалар! Ендігі кезекті әнге берейік-
Ән: «Қолшатыр», «Дана бала» ортаңғы тобы
Би: «Жапырақтар» биі «Дана бала» ортаңғы тобы
Желдің гулеген дыбысы
естіледі.
Күз: —
Балалар,
желдің гуілін естимісіңдер? Мені бауырларым шақырып жатыр. Балалар,
бәрің өнерлі екенсіңдер. Өнерлеріңді тамашалап, тәнті болдым.
Еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары
болыңдар.
Жүргізуші:
- Күз арқылы білеміз, Жомарттықтың салтын біз, Біз өзіңді сүйеміз!
Рахмет саған, Алтын күз!
Алтын Күз: Сендерге көп-көп рахмет! Қош сау болыңдар! (Осылайша желдің дыбысымен қоштасып шығып кетеді.)
Күзгі сән үлгі топтамасы алдарыңызда ! Олай болас, әдемі киінген кішкентай бүлдіршін қыздарымызды шақырамыз!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, осымен «Қош келдің, Алтын күз!» атты ертеңгілігім аяқталды.
Берекелі
бақ-дәулет
Арта түссін
тойланып.
Сау болындар,
балалар,
Келгенше жыл
айналып
Жүргізуш: Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын, Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен көп рахмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алтын күз іс -шарасы

шағым қалдыра аласыз