АЛТЫН КҮЗ ЖОМАРТ КҮЗ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

АЛТЫН КҮЗ ЖОМАРТ КҮЗ

Материал туралы қысқаша түсінік
СЫНЫП ЖЕТЕКШІГЕ ЖӘНЕ ТӘРБИМЕ САЛАСЫНА
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: 1.Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру.Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: сары алтындай жайқалған, жиын-терін, берекелі күз, жомарт күз.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: күз мезгілінің суреттері,бақшадағы көкөністер,баудағы жемістер суреттері.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелеу, тыңдау.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар,ұзтаздар және оқушылар. Бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге хош келдіңіздер. Күз жыл мезгілінің бірі. Күз мерекелі,берекелі ай. Бүлдіршіндеріміз бұл мезгілде алғаш рет білім ордасына қадамдарын басады. Әрбір шаңырақта той тойланып, көңілдері қуанышқа толы болады. Олай болса күздеріңіз мерекелі де берекелі болсын.

2-жүргізуші: Армысыздар көпшілік өнер сүйер.

Тамашаға тоярлық болар бір ел,

Біздің топтың балалары көрерменге,

Құрметпенен сәлем беріп басын иер.

Алтын күзді қарсы алып,

Би билейміз ән салып

Ұлы тойдай ұлы есім,

Жаралған ел жыр үшін- деп кезекті балаларымыздың тақпақтарына береміз.

Төре:Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.

Інжу:Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.

Дарын:Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз!

Нұргелді:Сарғайды тоғай,
Сап - сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Жанболат:Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.

Нұрасыл:Келеді көшіп комбайн,
Алтын дария егінді.
Жинап маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді.

Т.Балауса:Күзгі көк бұлт мен болам,
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын,
Қаласам қазір сендерге,
Жаңбыр болып жауамын.

Мирас:Жаңбыр жаумай тоқтай тұр,
Дабылыңды соқпай тұр.
Саяғыңды түгендеп,
Үйіріңді соқпай тұр!

1-жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен,тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең,менше сүй-деп

Хор: “Алтын күз»

1-жүргізуші: Сәл демалып тынығып ал,

Тақпақ тыңдап ұғып ал-деп кезекті балаларымыздың тақпақтарына береміз.

Сағындық:Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.

Аруназ:Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.

Н.Балауса: Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.

Раушан: Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді

Айшат: Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.

Соңғы шуақ төгіліп,

Салқынданып тұр аймақ.

Бірханым: Жеміс-жидек пісті,

Қамбаға астық түсті.

Қызу жұмыс басталып,

Жинап алды жан салып.

Жандос: Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі құз...

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз...

Айкөркем: Қара бұлт қабағын түйеді

Бұталар бос қырау түйеді

Осыма , осы ма күз деген

Мектепке баратын бізбенен



2-жүргізуші: Баршаға өнер сүйер жар саламыз

Би билейтін бүлдіршіндерді қарсы аламыз

Күйге енейік баршамыз ерекше бір

Сіздер үшін би билеп, ән саламыз.

Би: «Күзгі вальс»

1-жүргізуші: Қазір біз сіздермен « Күз мезгілі неде?» деген ойын ойнаймыз. Мен күз мезгіліне қатысты сөздер айтамын, сіздер аяқтайсыздар.

- Күзде жапырақтар (сарғаяды)

- Күзде күн (суытып, жаңбыр жауады)

- Күзде құстар (жылы жаққа ұшып кетеді)

Күзде көкөністер мен жемістер ( піседі)

2-жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп,ал біреулер ән салыпты

Бүгінгі «Алтын күз» мерекеге

Бүлдіршіндер аямай жан салыпты.- деп кезекті « Көкөністер айтысына» береміз

Қызылша: Көкөністің ішінде

Менің атым қызылша

Денсаулығын нығайтып

Қызмет етем адамға

Қызанақ: Қызара піскен бақшада

Қызанақты білерсің

Шырыныммен етіме

Тояттап-ақ жүрерсің

Сәбіз: Қызыл-сары сәбізбін

Жер бетінде бұрымым

Көзге берер күш қуат

Дәруменнің бірімін

Қияр: Бақшада көп өсетін

Мен кәдімгі қиярмын

Жұлып алып жесеңіз

Қырт-қырт етіп тұрамын.

Пияз: Асханадан шықпайтын

Атым пияз бұқпайтын

Көзден жасты шығарып

Тұмауданда сақтаймын.

Картоп: Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз.

Шие: Шиемін мен шиемін

Піскен тонды киемін

Бала келсе қасыма

Басымды мен иемін.

Жүзім: Мен жүзіммін жүзіммін

Моншақ болып тізілдім

Сары күзде үзіліп

Себетке кеп тізілдім.

Алма:Пісіп тұрған алмамын

Тамсандырар бал дәмім

Жерге сілкіп түсірме

Ісіп кетер маңдайың

Алмұрт: Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім

Өрік: Уылжыған өрікпін

Мен бау –баққа көрікпін

Бал татыған дәмім бар

Көктемде ерте гүлдеймін

Піспей тұрған кезімде

Менен аулақ жүр деймін.

Құлпынай: Жапырақты тасалап

Өскен жерім бақша –бақ

Күрең қызыл шіркін ай

Менің атым -құлпынай

2-жүргізуші: Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар

Жауаптарын табар ма екен бүлдіршіндер

Сол себептен қоятын жұмбақтар бар.

1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан қызыл түлкіні.
Құйрығыннан суырып,
Әкелді әжем бір күні (сәбіз)

2.Жайлы жұмсақ төсегім
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар.
Қалай оны шешемін
Бұл не? ( Орамжапырақ)

3. Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады. ( пияз)

4.Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты-…(жүзім)

5.Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты-…(өрік)

6.Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты-…(құлпынай)

7.Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйде
Санап қара қанша
Оның аты-…(шие)

Жүргізуші: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға.

Шақырады біздерді.

( Осы кезде әуен ойналып Шалқан ертегісі басталады.)

Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығымен айналысыпты. Ата есіктің алдына шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде шалқан күнің ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті. Осы кезде Атай шалқанға тамсанып қарайды.

Ата: Ой бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіп қалыпты ғой.

Тәрбиеші: Осылай ата енбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды.Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.

Ата: Ойбай,шаршап кеттім, белім де ауырды. қой көмекке, кемпірмді шақырайын.

Кемпірім, кемпірім,келші қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті, жалғыз өзім тарта алмай қалдым.Кел екеуміз бірге тартайық.

Кемпір: Ой шынында да, үлкен болып өсіпті ғой, кел тарсақ тартайық.

Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады. Бірақ шалқанды орынан қозғалта алмайды. Кемпір қызың көмекке шақырады.

Кемпір: Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Қыз: жарайды апа сізге көмектесейін.

Тәрбиеші: қыз көмекке келіп, шалқанды рет ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен көмекке итін шақырады.

Қыз: Ақтөс, ақтөс, көмекке келші.

Ит: Аф, аф, аф, көмектес, десендер көмектесейін.

Тәрбиеші:Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдаң, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке ит мысықты шақырады.

Ит: мысық, мысық бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Мысық: мияу, мяу, көмектесіп жіберейін.

Тәрбиеші: Мысық көмекке келеді Осылайша бесеуір ары тартады, ері тартады бірақ шалқанды орнынан қозғай алмайды.Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Тышқан: әрине көмектесіп жіберемін.
Тәрбиеші: Тышқан көмекке келеді. Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің, күшік қыздың, қыз әженің, әже шалдың белбеуінен ұстайды, атай желегінен ұстайды. Барлығы бірігіп шалқанды жұлып алады. Сөйтіп барлығы үй ішімен шалқанды жұлып алып мәре сәре болады. Осылайша ертегі аяқталады.
Ойын .

Шарты:Балалардың көздерін байлап, ата – аналарының қолдарына жемістер беріп оларды сипаттау арқылы балаларына түсіндіріп беру керек. Ал балалары анасының жасырған жемісін табу керек. (Үздіктерді мақтап, мадақтау)

Жүргізуші:

Табиғат әсемдіктің төркінісің

Ән салып, би билейміз бір сенің көркің үшін

Жан –жануар табынып бір өзіңе

Сенен алып тұрғандай бар тынысын.

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші: Табиғат алтын күнім, асыл айым,

Шашылған жұлдыз меруерт жастайынан

Үңілем таңнан тұрып терезеге

Ашық па жабық па деп қас-қабағың.

Егемендік нышаны жарқын жастық

Болашаққа сеніммен қадам бастық

Көркейтейік туған жер табиғатын

Кең даламда жайқалсын алтын астық

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз

Жер бетінің ажары ол сәніміз

Туған жер табиғатын аялап

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.-деп бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігіміздің аяқталуына сәл қалды. Осы тұста мектебіміздің директоры Адамбеков Нұржан мырзаға берсек. Мереке құтты болсын. Күз молшылық алып келсін. Қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
574
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі