Материалдар / «Алтын күз келді ,алақай» ертеңгілік ересек тобы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Алтын күз келді ,алақай» ертеңгілік ересек тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
дайын әндер жинағымен
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









«Алтын күз келді, алақай!»

«ТАҢШОЛПАН» ересек тобы

























Тәрбиеші: Кеутаева Ж


Ертеңгілікте айтылатын әндер жинағы

Алтын күз келді


Күз мезгілі тамаша

Тамаша, тамаша

Қуанамыз балаша

Біздер балаша


Күз мезгілі әдемі

Әдемі, әдемі

Алтын егін әлемі

Егін әлемі


Припев

Далаға қарашы

Алтын күз келді

Балалар қуанып

Жапырақ терді 2 рет


Сарғаяды жапырақ

Жапырақ, жапырақ

Көз тартады жылтырап

Жерде жылтырап


Күздің тойын тойлайық

Тойлайық, тойлайық

Би билейік ойнайық

Билеп ойнайық


Күз келгенде


1.Күз келгенде балалар,

Жаңбыр жерге жауады.

Күз келгенде балалар,

Аспанды бұлт жабады.


Сатыр, гүтір, сатыр, гүтір,

Жаңбыр солай жауады.


2.Күз келгенде балалар,

Жаңбыр жауар себелеп.

Қанаттары су болып,

Тығылады көбеле



«Алтын күз келді ,алақай»

1. Залға екі қатармен кіру

2. Тақпақтар

Абылайхан; Уа,халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық!


Айеркем Бүгін мейрам бүгін той

Қуаныш күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой


Мариям Б: Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып теріп болған соң

Той жасайды халқымыз


Дамина:   Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді


  Алуа Қуандырып біздерді,

кел жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді,

кемелденсін халқымыз

Айнамкөз Қарсы алайық бәріміз,
                          Жасымыз бен кәріміз.
                            Қырдан кепті қыдырып,
                           Алтын күз бізге нұр төгіп


ХАНСҰЛТАН: Күн суытып келеді жапырақтар түседі.
                      Астық-жеміс жиылды,қамбамызға құйылды.    
                    Ардақты күз –мың алғыс, алдық өнім сыйыңды.





Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар?

(Күз мезгілі)

-Балалар, бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?

Күз қаншайымы музыкамен залға кіру

Жүргізуші:- Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

3. Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
           (Кәусәр )                   Өмірге көп қосқаным,
                                Күз сыйлығын алыңдар
                                Сыйлығына қаныңдар.
                                Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: ханшайыммен бірге ән айтайық


4. Алтын күз келді .


Күз мезгілі тамаша

Тамаша, тамаша

Қуанамыз балаша

Біздер балаша


Күз мезгілі әдемі

Әдемі, әдемі

Алтын егін әлемі

Егін әлемі


Припев

Далаға қарашы

Алтын күз келді

Балалар қуанып

Жапырақ терді 2 рет


Сарғаяды жапырақ

Жапырақ, жапырақ

Көз тартады жылтырап

Жерде жылтырап


Күздің тойын тойлайық

Тойлайық, тойлайық

Би билейік ойнайық

Билеп ойнайық


5. Жапырақ биі

( Кәусар, Айлина, Адия, Айеркем,Айкөркем, С Мариям,Айша,,Айару, Раяна, Амина)

6 Тақпақтар:


Айша Күздің қазан айында

Алма алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр,сыбдыр түседі


АЙЛИНА Күзім ау, күзім ау

Мінезің бұзық ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық ау


Адия Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз алтын күз

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқар күз


Айкөркем Берекелді күз келді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз


Амина Жапырақ Ұшты
Суықта түсті
сондада бізге
Қызық көп күзде

С Мариям Сарғайды тоғай,

сап-сары манай
                      Соңғы әнің айтып,

құс кетті қайтып    



Асылай Күз сиқырлы ханшайым

Бізге келер жыл сайын

Жеміс жидек көкөніс

Бәрі пісіп тұр дайын





Ханшайым : Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
Мариям : енді қайттік
Мадинаға қалай көмектесеміз?

Абылай : Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
ханшайым : Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!

: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!

Қой балалар , дәрігер шақырайық

Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Дәрігер : Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: ханшайым ауырып қалды дәрігерлік көмек керек!
Дәрігер: Қазір қарап шығайын,Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен

кеудесін тыңдайды)
- А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыс
тық екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
ханшайым: Енді не істеймін?

Дәрігер : Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!.

Балалар,жаңа ғана баудың ішінде көкөніс пен жемістер шашылып жатқан еді , жинайтын адам жоқ,

Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.


7. ОЙЫН «Жемістер мен көкөністер жинау »




8. Жігіттер биі

9. Тақпақтар


БАҚДӘУЛЕТ Қара бұлт қабағын түйеді

Бұталар боз қырау киеді

Осы ма күз деген күз деген

Бақшаға баратын бізбенен



Досжан Көк майсалы көрікті, 
Алқаптағы көпегін.
 
Бұл күндері киіпті,
 
Сары жібек көйлегін.
 

ДӘУЛЕТ Ағаштардан жамырап, 
Ұшты кенет жапырақ.

Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ!



Қуаныш Терістіктен желдетіп

Жаңбырлатып селдетіп

Шаттандырып біздерді

Шат шадыман кез келді


Дулат Ой алақай ,тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунарма еді жатып ап

Жәңгірхан

Берекелді мерекелді

Келді жомарт алтын күз

Қалада да далада да

Жанның бәрі алтын күз



АЛЬТАЙЫР Алақай, алақай балалар

Күз келді бізге енді қараңдар

Бақшада бәрі бар

Алма, алша, қауындар




Батыр: Қоңырқай күз болыпты,

Құлап жапырақтар солыпты.

Ой,балалар,балалар.

Ойнайық та күлейік,

Мәз боп бірге жүрейік


Ерсайын Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Жасады той халқымыз.
Жаса, жаса, алтын күз.


10. ән Күз келгенде


1.Күз келгенде балалар,

Жаңбыр жерге жауады.

Күз келгенде балалар,

Аспанды бұлт жабады.


Сатыр, гүтір, сатыр, гүтір,

Жаңбыр солай жауады.


2.Күз келгенде балалар,

Жаңбыр жауар себелеп.

Қанаттары су болып,

Тығылады көбеле

.

11. Би: «Қолшатыр»
Тақпақтар


Шахнур Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген


Дария Алтын сары қызыл көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады а




Асылай Күз сиқырлы ханшайым

Бізге келер жыл сайын

Жеміс жидек көкөніс

Бәрі пісіп тұр дайын


Айшанұр: Аспанды сұрғылт бұлт, 
Жан-жақтан жабады.
 
Күнбірте суытып,
 

Жауын көп жауады. 

АЖАР: Аспанды сұрғылт бұлт, 
Жан-жақтан жабады.
 
Күнбірте суытып,
 

Материалды жүктеу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!