"Алтын Күз" кешіне арналған сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтын Күз" кешіне арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал барлық сынып жетекшілерге арналған. Өздеріне керекті тапсырмаларды алуларына болады. Бұл сценарий "Күз Ханзадаларын" анықтауға арналған. Тек ұлдар қатысып, өздерінің білімдерін, өнерлерін, ақылдарын көрсете алады. Және көпшілік алдында өздерін ұстай білуін. Тапсырмаларды өздеріңізге керегінше ауыстыра аласыздар. Бұл сценарий сіздерге керек болады, көмектеседі деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім:

Қайырлы күн,Ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі достарым.
Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын! 

Автор-Мирас:

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде  Мортық ауылында, Мортық орта мектебінде хан және ханшайым өмір сүріпті. Олардың жан дегенде жалғыз қыздары болыпты. Хан өзінің жасының ұлғайғанына байланысты Орданы басқаруға ханзада  сайламақшы, соған орай өзінің үкімін шығарады. 

Хан – Елнұр: — Ия, жасым болса келіп қалды, менің орнымды басатын, қызыма серік болатын ханзада іздеу керек.

Ханшайым – Дилназ:  — Өз орныңды басқаруға кез-келген адамды сайламайсың ғой?

Ханшайым - Дилназ: — Ол үшін сайыс ұйымдастырайық, кімде-кім сайыстардан сүрінбей өтсе, сол баланы ХАНЗАДА етіп тағайындайсың.

Хан – Елнұр: — Жақсы, ол бір табылған ақыл екен. Онда шақырыңдар ұйымдастырушыларды.

БекежанТыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Хан сарайында үкім шықты.  Хан өзінің орнына жас ханзада тағайындамақшы. Соған байланысты әр түрлі сайыстар өткізеді. Сайысқа қатысамын деушілердің, күштерін сынап, тапқырлығын байқап, ақылдылығы мен шапшаңдығын салыстырып көрмекші. Келіңіздер, көріңіздер.

Ханшайым – Дилназ:     Бүгінгі «Алтын күз» мерекесінің сайысқа түсуші ханзадалар. Жаңа ғана Ханның қаулысын тыңдадыңыздар.

Ендеше уақытымызды созбай, мерекелік кешімізді және сайысымызды бастайық.

Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!
Хан-Елнұр:   Құрметті ұстаздар мен оқушылар!  Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз: бүгінгі Күзгі бал сайысының Ханзадасын іріктеп шығару.

Ханшайым – Дилназ:
Әділқазы , ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Хан-Елнұр:   Әділ – қазылар алқасының төрайымы:  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Иврай Нұргүл

Ханшайым-Дилназ:   Оқушыларының жан -күйін түсініп, қиын жағдайда көмек беретін психологымыз – Айтжанова Алтынай Хакимовна

Хан- Елнұр:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!

Ханшайым-Дилназ:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін ханзада атанбақ! – дей отырып, ортаға «Күз ханзадасы» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!

(Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)

Хан- Елнұр:

Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған

Келесі біздің 

Көрінген күштің басынан.

Ханшайым-Дилназ:

Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті, батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей-  

Хан- Елнұр:

Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген, ол-

Ханшайым-Дилназ:

Еңбексүйгіш таудай талап бойында,

Барлық істі тындыру бар ойында

деген жігітті

Шақырайық қошеметпен  ортаға.

Хан- Елнұр:

Спортпенен білім жағын бір қосқан

Кем қалмаған, талантпенен табысқан

Қараңыздар, бүгін ортада

Тауды бұзар, шын кіріссе намыстан.

Ханшайым-Дилназ:

Біледі ол жақсы менен жаманды

Өнерменен тамсандырған адамды

Қошеметпен шақырайық ортаға

Нұрсәт атты  жігітті

 

Хан-Елнұр:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен  таныстырып өтейік.

Байқау бағдарламасы:
1.«Таныстырсам өзімді». (таныстыру) – 1-2 мин.
2.«Сегіз қырлы, бір сырлы» (өз өнерлерін көрсету) – 3 мин.
3.«Құралайды көзге атқан.» — нысана көздеу
4.«Сұрақ бізден, жауап сізден» (суретке қарап жауап беру)

5.«Көңілді аспазшылар». (күзгі салат дайындау)

6.«Ескірмейтін есті сөз» -танымдық сұрақтар

7. Музыка ырғағына билеу -би сайысы


Хан- Елнұр:   Менің орныма қалатын ханзада мықты, елін, жерін жаудан қорғай алатын болу керек. Бағалауда қатысушылардың өз – өзін ұстауы, әртістік өнері, киім үлгілері, сөйлеу мәнері ерекшелігі мен маңызы ескеріледі.

Ханшайым-Дилназ:

Сайысымызды бастамас бұрын, сайыскерлеріміз орындау кезегін таңдап алсын.

Сандар жазылған жапырақтарды таңдап алады да, рет-ретімен тұра қалады.


Құрметті көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім.
Хан- Елнұр:

Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді.-

Ендеше, бірінші шартымыз «Таныстырсам өзімді» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.

Бірінші номерлі______________ ханзадамызды шақырамыз.

Сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді

Ханшайым-Дилназ:   Құрметті әділқазылар алқасы, ұпай сандарын көрсетсеңіздер.

Бірінші болып өзін таныстырған:———————

Екінші болып таныстырған:—————


Хан- Елнұр:

Таныстырды жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Ханшайым-Дилназ:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты,- дей отырып, сайысымыздың
«Сегіз қырлы, бір сырлы» бөлімін бастаймыз.

Өз өнерлерін көрсету.


Ханшайым-Дилназ:   
Құрметті әділқазылар алқасы, ұпай сандарын көрсетсеңіздер.

Бірінші болып өзін таныстырған:———————

Екінші болып таныстырған:—————

 

Хан-Елнұр:

Би болатын жігіттің

Төбеде болар жұмысы

Мерген болар жігіттің

Мергендік болар жұмысы-дегендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан…» нысана көздеу шартына береміз. Нысанаға бір рет лактырамыз. Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз.

 

Ал енді,жігіттер, өздеріңіз атып алған жемістерді қолдарымызға аламыз және  тез арада жеп  бітірулеріңіз керек. Кім бірінші жеп тауысады, сол жоғары ұпайға ие болады.

Ханшайым-Дилназ:   Құрметті әділқазылар алқасы, ұпай сандарын көрсетсеңіздер.

Бірінші болып өзін таныстырған:———————

Екінші болып таныстырған:—————

 

Хан- Елнұр:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп
«Сұрақ бізден, жауап сізден» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз.

 

Қандай ағаштың жапырағы екенін табу.

 

Ханшайым-Дилназ:   Құрметті әділқазылар алқасы, ұпай сандарын көрсетсеңіздер.

Бірінші болып өзін таныстырған:———————

Екінші болып таныстырған:—————

 

Ханшайым-Дилназ:

Көрсетіп өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Меркелік ас мәзірін жасайды,

Ұлдарымыздың бармақтары майысып- дегендей  ендігі кезекте «Көңілді аспазшылар» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында  алдына қойылған тағамдардан бір күзгі тағам дайындауы тиіс.

 

Сайыскерлер күзгі салат дайындағанша көрермендермен ойын өткізу.

Хан-Елнұр:

 Көзінің оттарын ұғындырып,

Көрсетер көп іздеген мығым қылық.

Келесі бұл сайыстың жоспарында,

Түседі бәсекеге білімділік.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын, — дегендей келесі сайысымыз:  «Ескірмейтін есті сөз».  Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін, ақындылығын тексереміз.

 

Хан-Елнұр:

Берілген сөздерден күз мезгілі туралы бір шумақ өлең жолдарын шығару.

                                     

Ханшайым-Дилназ:   Құрметті әділқазылар алқасы, ұпай сандарын көрсетсеңіздер.

Бірінші болып өзін таныстырған:———————

Екінші болып таныстырған:—————
Хан-Елнұр:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- келесі сайысымыз- Би сайысы.

Музыканы таңдап аласыздар да сол ырғаққа билейсіздер.

 

Ханшайым-Дилназ:   Құрметті әділқазылар алқасы, ұпай сандарын көрсетсеңіздер.

Бірінші болып өзін таныстырған:———————

Екінші болып таныстырған:—————

 

Хан-Елнұр:
Осымен,
«Күз ханзадасы» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша оқушыларымыздың әсем биін қарсы алыңыздар.

Ханшайым-Дилназ:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған ханзадалар  сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне  тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Ханзадасы деп Күздің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.
Хан-Елнұр:

Келешекте әрі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар
Өнерлілер көбейсін күннен –күнге
Өмір күрес әлі талай жарыстырар- дей отырып , «Аяулы күз, Алтын күз» кешіміздің «Күз ханзадасы -201
8 » байқауының нағыз ханзадасын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.

 

ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ   ҚОРЫТЫНДЫСЫ, МАРАПАТТАУ

Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады.

1.Бас жүлде – «Күз ханзадасы»
2. «Мерген жігіт»
3. «Ақын  жігіт».
4. «Өнерлі  жігіт»

5.«Супер аспазшы жігіт»

6.« Биші жігіт»

Мирас:  Осылай хан қызына Орданы басқаратын ханзаданы іріктеп алып, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, мұратына жетіпті.
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан ———— мықтысын!
Құттықтайық  ал енді
Ханзада  болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.

  

Мұғалім:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2019
894
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі