жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Алтын күз" кіріктірілген сыныптан тыс сабақ 3 сынып
Өскемен қаласы, «Қ.Нұрғалиев атындағы
№43 мектеп-лицейі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Баймухаметова Гулнар Ахмедқызы
Кіріктірілген сабақтың тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты:Оқушыларға «Алтын күз»туралы түсінік беру;күз ерекшеліктері
–мен таныстыру;
Тіл байлықтары,сөздік қорлары арттырылады;
Логикалық ойлау қабілеттері дамытылады;
Еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді.
Көрнекіліктер :жеміс суреттері, 4 мезгіл суреттері,суретті сөзжұмбақ,мақал-мәтелдер.
Мұғалім:
-Балалар, бүгінгі біздің өткізілгелі отырған сабағымыз өте ерекше,өте әсерлі болмақ.Сабақтың құнды да, мазмұнды болуы ол сендердің бүгінгі сабакққа қатысуларыңа байланысты болмақ.Мына суретті сөзжұмбақты шешкенде бүгінгі сабағымыздың тақырыбы анықталады.

2.
1.
А Л
3
.
4.
1 2 3 4 5
Т ЫН
5
.
6.
К
1 2
3 4 5
ҮЗ
Сонымен сабағымыздың тақырыбы «Алтын күз» деп аталады.
Түннің ұзарып,күннің қысқаруы
Жапырақтың сарғаю,жерге
түсуі
КҮЗ
Қ
ыс
азығын дайындау Құстардың жылы жаққа кетуі

Астықтың,жеміс-жидектің пісуі Күннің суытуы
Мұғалім:Балалар күз: «қара күз», «алтын күз», «қоңыр күз» деп үш түрге бөлінеді.Қара күз-күздің соңғы айының суық күндерін айтады,қоңыр күз-күздің алғашқы уақытын, «алтын күз»-жапырақтардың сары алтындай тұтастай жер бетін басуын,жеміс-жидектердің,егіннің пісуін,малдың семіріп,молшылық,тоқшылықта болуын халық алтынға теңеп, «алтын күз» деп атаған екен.
Балалар, әр мезгілдің өз ерекшелігі бар.
Табиғат қай кезде болмасын-тамаша дүние.Күз келсе-біз сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз,қыс түссе-аппақ қарда ойнаймыз,көктемде қабат-қабат тонымызды шешіп,күннің сәулесіне қыздырынып,жаңадан бүршік атқан талдарды,ұшып келген құстарды көріп,жаңа өмір бастағандай боламыз,ал жазда-көлге барып,суға түсіп,жазғы демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз.
Келістіріп бар сәнін,
Берген өзі табиғат
Алтын күзді,ал қане,
Қарсы алайық жамиғат.
(Алтын күз келеді.)
Қадірлімін халқыма,
Баламас бекер алтынға.
Өн бойым тұнған ырыс-құт,
Көңілім жомарт,салтым да.
Астық,жеміс,алмаға
Толып қойма,қамбалар
Байлығыммен ұлы елім
Алты ай қысқа қамданар.
Дильназ:
Жомарт көңіл,жарқын жүз,
Берекесі елімнің
Қош келіпсің Алтын күз,
Құт қонағы төрімнің!
Жоғары шық,кел төрлет
Абыройсың,бағаң бұл
Көңілдерді ән тербеп,
Арналады саған жыр.
Ән: «Жау,жау жаңбыр»
Мұғалім:Балалар, күз өзімен бірге айларын да ерте келіпті.Қане, күз айларын есімізге түсірейікші.(қыркүйек,қазан,қараша)Дұрыс айтасыңдар,ендеше күз айларын қарсы алайық.
Қыркүйек. Менің атым-қыркүйек,күздің бірінші айымын.Молшылықтың, байлықтың айымын.(Шыңғыс)
Оқуға алғаш келгенде,
Болсын деп білім серігім
Қиялым қанат бергенде,
Жүзбек боп ғылым теңізін
Қарсы алды күліп мектебім
Тұр екен дайын партасы
Бақытқа мұндай жеткенім
Алтын күздің арқасы.
Қазан. Менің атым-қазан.Күзгі жиын теріннің соңғы айымын,еңбеккер елді той-думанға кенелтемін.(Диана)
Қараша. Менің атым-қараша.Күздің соңғы айымын .Қыстың жақындап қалғанын хабарлаймын.(Едіге)
Алтын күз:Мінеки,балалар менің күз айларымен де таныстыңдар.Қазір бір ойын ойнаймыз,ойынның аты «жұмбақ-ұйқас» деп аталады.
1)Таңдайынан дәмі оның 5)Жапырақты тасалап,
Жыл бойына қалмаған Өсетін жері-бақша-бақ
Білсең,қане айта ғой, Күрең қызыл,шіркін-ай,
Не жасайды.....?(алмадан) Оның аты-(құлпынай)
2)Сырты қандай қатты, 6)Іші толған шәрбәт,
Дәні сондай тәтті Дәмі қандай әйбәт
Шағып қара таңдап, Үзесің бірден жүзін,
Оның аты-(жаңғақ) Оның аты –(жүзім)
3)Пісетін кезі дәл күзде, 7)Дөп-дөңгелек сары,
Мезгілсіз оны үзбе Ішінде бар дәні
Аузыңнан кетпес бал дәмі Қызығасың көріп,
Оның аты-(шабдалы) Оның аты-(өрік)
4)Бір сабақта көп түйме, Санап қара қанша,
Жей алмайсың көк күйде Оның аты-(шие)
Алтын күз:Жарайсыңдар, балалар!
Мұғалім:Алтын күз!Біздің балалардың аналары да сізге «күз дәмі»деген өз өнерлерін ала келіпті.Соны сізге көрсетпекші.(Аналар салат жасайды)
Аналардың өнерлері даяр болғанша ,балалардың да өнерлерін тамашалаңыз.
Күз (Руфина)
Ғ.Мүсірепов
Көк майсалы көрікті Жел тынымсыз гуілдеп,
Алқаптағы көп егін Болып кетті тым бұзық
Бұл күндері киіпті Шуылдайды тал,терек
Сары жібек көйлегін. Жапырағын жұлғызып.
(Елдос)
Салқын сыз,дымқыл тұман соңына ерген,
Жылауық бұлттары бар қанат керген.
Күз келді мезгілінен арқаланып,
Күн барма байлығын ол тегін берген?!
Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ,
Кеттік те қызу істі дереу бастап,
Астық,жеміс,мақтасын....-бар байлығын
Алып қалдық еңбекке айырбастап.
Күз. (Айзере)
Абай
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма,
Жылқы ойнап ,бие қашқан,тай жарысқан
Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай
Жастар күлмес,жүгірмес бала шулай
Қайыршы шал,кемпірдей түсі кетіп
Жапырағынан айырылған ағаш қурай.
Күз (
І.Жансүгіров
Ой балалар,балалар,
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты
Ой,балалар ,балалар
Ойналықта та,күлелік
Енді оқуға кірелік.
(Нурали)
Алма,өріктіқамбаларға,
Толтырды әкеп алтын күз!
Гүл болып та Алатауға,
Байланыпты алтын күз!
Дастарханда таба нанға,
Айналыпты алтын күз!
Күзгі жапырақтар (Саид)
Қ.Шағытбаев.
Алтын,сары,қызыл,көк, Таудан салқын жел соқса,
Алуан-алуан жапырақ, Сыбдырлайды қалтырап
Күзгі бақта күлімдеп, Жақын қалды желтоқсан,
Көз тартады жапырлап. Жабырқайды жапырақ.
Күзгі дала.(Аиша)
М.Әлімбаев.
Ұшты талдан жапырақ Барын беріп халыққа,
Сары көбелек секілді Жұмыстан соң қалжырап,
Аспанда жай шатырлап, Дала ұқсайды алыпқа,
Тамшы жерге секірді. Дамыл алған маужырап.
Осень (Камила)
Лариса Шишова
Здравствуй ,осень золотая, Вот и осень к нам пришла,
Урожай уж поспевает. Веселится детвора,
Ты дружочек,не зевай, Потому что,много осень
Урожай ты собирай! Нам сюрпризов принесла!
(Томирис)
Осень-лучшая пора, Дождь холодный льет и льет
Помогите, детвора! Погулять нам не дает
Урожай нам собрать Птиц дорога позвала
И загадки отгадать. Это осень к нам пришла.
Алтын күз: Рахмет ,сендерге балалар!
Мұғалім:Біздің оқушылардың сізге арнаған мақал-мәтелдері де бар екен .
-Қыстың қамын,күз ойла. (Рустам)
-Күз мереке,күз береке. (Диас)
-Молшылық болмай,
тоқшылық болмас.
-Күздің бір күні,
Қыстың бір айын асырайды.
-Кім еңбек етсе,сол тоқ.
Мұғалім: Алтын күз аналардың өнерлерін бағалаңыз.
Алтын күз:Тамаша!Балалары аналарына тартқан екен.Аналардың өнерлері керемет !
Мұғалім:Ендеше, аналардың құрметіне «Жапырақтар биін» тамашаласақ, қалай қарайсыз.
Би: «Жапырақтар»
Мұғалім:Балалар, мен сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр.Ойынның аты « Кім тапқыр?» деп аталады.Ойынның шарты:сурет қиындыларын құрастыру,жемістің немесе көкөністің атын атау керек. (мозайка)
Мұғалім:Жарайсыңдар! сендердің білімді екендіктеріңе көзім жетті,алтын күз екеуіміз ризамыз.
Алтын күз:Рахмет балалар! Мен сендерге ризамын!Сендерге денсаулық, шаттық,байлық әкелсін!
Мұғалім:Міне ,балалар бүгінгі «Алтын күз» деп аталатын сабағымыз да аяқталды.Сонымен бүгінгі сабақта не өттік,не үйрендік,не білдік?
(Күз айының үш түрі туралы білдік,неліктен «алтын күз» деп аталатынын түсіндік, күз айлары туралы білдік ,суретті сөзжұмбақ шештік,жұмбақ-ұйқасты шештік,тақпақтар айттық,би биледік,ән айттық,ойындар ойнадық,аналарымыз салат жасады)
Жақсы, балалар.Ал, сабақтың бағалауы да ерекше болмақ. Ол не деп ойлайсыңдар? Бағалауға мен сендерге күз сыйын ұсынбақшымын.Бұл сыйға сендер әбден лайықсыңдар,өйткені сабағымыз сендердің арқаларыңда сәтті өтті деп ойлаймын.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген