400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз" мерекелік іс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
мерекелік іс шараларға пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыйқырлы күз

Мақсаты:

Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен қызықтыра отырып,күз молшылық береке айы екенін түсіндіру.Не үшін күзді алтынға балап жататынын түсіндіру.

Жүргізуші:

Келді міне алтын күз, Сары шашты жарқын күз. Мол өнімді ісімен Таңдандырып халқын күз.

-Армысыздар балалар! Сәлеметсіңдерме қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

Алдымен балалардың орындауында тақпақтарын тамашалайық.

Назерке

Жапырақ ұшты Суықта түсті Сондада бізге Қызық көп күзде

Абылай

Сарғайды тоғай Сап сары маңай Соңғы әнін айтып Күз кетті қайтып

Бекарыс

Нан анасы бидаймын Нанды елге сыйлаймын Піскен кезде қырда Қауызыма сыймаймын

Ерасыл

Алқаптағы бидайды Қоймаға ел жинайды Тырнасы тізілген Ұнатамын күзді мен

Күздің қазан айында Алма алмұрт піседі Жапырақтар сарғайып Сыбдыр сыбдыр түседі.

Әкежан

Берекесін сыйлауға Өлекмізге күз келді Жемістерін жинауға Шақырады біздерді

Ән «Күзгі вальс»

Жүргізуші:

-Ал балалар,балалар, Енді бері қараңдар. Бізге қонақ келмекші Сендерді бір көрмекші . Әуелі жұмбақ жасырам Қулығымды асырам Таба алсаңдар шешуін, Қонағымды шақырам.

Жұмбақ:

Жиып теріп болатын, Қамбаға астық толатын Қызыл қырман ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың?

Дұрыс ,күз мезгілі.Ал,күзде қандай өзгерістер болады екен? (Балалардың жауабы).

-Өте жақсы. Ендеше, уәде еткендей қонағымыз – Алтын күзді ортаға шақырайын!

(Музыка ойнап ,ішке Алтын күз келіп кіреді).

Алтын күз:

Сәлеметсіздер ме,балалар! Сәлеметсіздерме қонақтар! Мен –Алтын күзбін! Жайдары жарқын жүзбін. Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз,картоп,тәтті алма! Оған достым таң қалма! Жапырақта сиқырлы, Ойын ойнар түр- түрлі!

Жүргізуші:

-Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып! Ал,ендеше,балалар, Бекер қарап тұрмаңдар. Алтын күздің сыйқырлы, Ойынын тез ойнаңдар.

«Жапырақтар ойыны»

Ойыннан соң Алтын күз: Жарайсыңдар балалар! Тағы қандай өнерлерің бар екен?

Жүргізуші:

Күзде өздері пісетін тамаққа келіп түсетін Мақтанбақшы сендерге, көкөністер сан түрлі!

(Ортаға балалар шығып көкөністер туралы тақпақтарын айтады).

Аруна

Асханадан шықпаймын, Атым пияз бұқпаймын. Көзден жасты шығарып, Тұмаудан брақ сақтаймын!

Жантөре

Менің атым қызанақ, Тұзды сеуіп молырақ Банкілерге салыңыз Аузын мықтап жабыңыз.

Жанали

Картоп біздің атамыз, Жер астында жатамыз . Бір тамырдан тараған, Ағайынбыз бәріміз!

Кәусәр

Өсіретін бойыңды, Дамытатын ойыңды. Қоянға да азықпыз, Сәбіздерміз жазықсыз!

Амина

Пісіп тұрған алмамын Тамсандырар бал дәмім.

Алинұр

Апорт деген алма бар Алматы оның Отаны

Алижан

Мен қиярмын сәндімін Салаттардың сәнімін

Миржан

Шиемін мен шиемін Пысқанша тон киемін Бала келсе алдыма Басымды мен иемін

Алтын күз: Бәрекелді кермет!

Жүргізуші :

-Алтын күз біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай ажыратады білесізбе?

Алтын күз:

Білмейді екем...

-Ендеше тамашалаңыз. ( Ойын «Көкөністерді ажырат»)

Жүргізуші:

-Жарайсыңдар, балар! Көрдіңізбе, Алтын күз,біздің балалар қандай епті, жылдам.Олар сізге би билеп бермекші.

(«Жапырақтар» би)

Алтын күз:

-Өте жақсы биледіңдер,рахмет, балалар! Қандай ақылды балаларсыңдар!Балалар біліп қойыңдар адам ағзасына қажетті дәрумендер жемістер мен көкөністерде көп табылады. Сондықтан күнделікті жеп тұрыңдар.Дәрумендер адамға өте пайдалы!

Алтын күз:

-Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болып қалыпты.Мен енді қайтайын,сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!

Жүргізуші:

-Балалар Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын.

Жүргізуші:

-Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Ал келген қонақтарымызға «Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі,астықты болсын демекпіз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қараша
593
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі