400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз" мерекелік іс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған. Күзгі мерекені балалармен қызықты да көңілді өткізу үшін жоспарланған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын күз» мерекесі

Мақсаты:

Күз мезгілінің ерекшеліктерітуралы, білімдерін бекіту. Табиғат әсемділігін эстетикалық түрде сезіну.Күз көрінісін ән, би, ойын арқылы сипаттау. Жұмбақ, өлең арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыру.

Жүргізуші: Армысыздар халайық

Бармысыздар халайық

Күзгі тойды жұп жазбай

Бірге қарсы алайық

Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші: Күздің казан айында

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр түседі

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші: Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалардың жауаптары: Күз мезгілі

Музыка әуенімен Күз аруы кіреді.

Күз аруы: Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты.

Ел егінін орыпты.

Алма, өрік, шиелер,

Себеттерге толыпты.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздердің бала бақшаларыңызға да күз келіпті. Мен дес ендерге қонаққа келіп қалдым

Жүргізуші: Иә, Күз Аруы, сіз біздің «Алтын күз» мерекемізге қош келдіңіз!

Балалар, сендер айтып беріңдерші біздің жақсы көретін күз мезгілінде қандай ерекшеліктері бар? Қане біз онда сіздерге ән орындап берейік

Ән: « Күн суытты далада »

Күз аруы: Балалар, менің сүйікті мезгілім туралы білімдеріңіз өте жақсы екен.

Қайың, терек басынан,

Қызыл, сары жапырақ.

Жерге түсіп шашылған,

Жел үрлесе қалықтап.

Менің көйлегімде, залда күздің ерекшелігі сары, қызыл жапырақтар. Қане кім шапшаң ойынын ойнап жіберейік

Ойын: «Кім шапшаң»

Күз Аруы: Біздің балалар жапырақтарды жинап бергенге риза болдым, менің орманымда мекендейтін тиіндерім сіздерге би билесін.

Би: «Тиіндер биі»

Жүргізуші: Күз аруы, сіздің құрметіңізге балалардың басқа да өнерлерін тамашалаңыз.

Ән: «Алтын күз»

Тақпақтар:

1. Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді. Айнура

2. Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды. Мария

3.Күзім, күзім, күзім

Пісті алма, жүзім

Тұрғанда бәрін күз беріп

Кел алайық, біз теріп. Жанерке

4. Көбейді құт – береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз. Таймас


Музыка әуенімен Алмұрт ата мен Сәбіз бөбегі бір-бірімен дауласып музыка залына кіреді.

Сәбіз: Мен тәттімін!

Алма: Жоқ, мен тәттімін дедім ғой!

Ару Күз: Сендерге не болған, достар! Бір-бірлеріңмен таласа бермей, балалардан сұрап

көріңдер.

Алма: Балалар, сәбізге айтыңдаршы мен тәттімін ғой!

Сәбіз: Сен тәттілеу болсаң, менің дәрумендерім көбірек!

Күз аруы: Онда балалардан сұрайық. Сәбіз бен Алманың қандай пайдасы бар?

Балалардың жауаптары:

Жүргізуші: Сендер енді келісесңідер ғой балалардың жауаптарымен? Екеулеріңіз де пайдалы, тәтті екенсіздер!

Күз аруы: Балалар, мен сендерге қызықты ойын даярладым. Алманың достары кім? (балалар жемістерді атайды) Сәбіздің достары кім? (балалар көкөністерді атайды)

Ойын: «Көкөніс пен жеміс»

(Жеміс пен көкөністерді ажыратып, екі себетке салу).

Жүргізуіші: Көңілді өскен балалар,

Ойнай жүріп өседі.

Даламның гүлі жаңбырдың,

Тамшысымен өседі.

Би: «Сылдырмақпен би»

Сәбіз бен Алма: Ойын ойнауға шақырады.

Ойын: «Күн мен жаңбыр»

Ән: « Күз мезгілі келеді »

Күз: Мен де сендермен ойын ойнағым келім тұр. Ойын ойнайсыңдар ма

Ойын : «Кім жоқ»

Ару Күз, Алма, Сәбіз: Балалар, сендер көкөніс пен жемістерді талғамай көп жеңдер, сонда қыс мезгілінде ауырмайсыңдар. Бірақ, барлығын жуып жеңдер. Ал енді сендердің өнерлеріңе көп рахмет! Біз басқа балабақшалардың балаларының өнерлерін көріп келейік. Сау болыңдар.

Жүргізуші: Сау болыңдар, достар!

Жүргізуші: Балалар, «Алтын күз» мерекесі осымен аяқталды. Жомарт күз бізге тобымызға сыйлық тастап кетіпті, соны алайық. Өнерлеріңе рахмет!

«Жас әлем бөбекжай бақшасы»МКҚК

















«Қарлығаш» ортаңғы топ



















2019-2020о.ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
348
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі