Тақырыбы: Алтын күз.
Мақсаты:
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру.
Дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалау. Балалардың сөздік қорларын молайту.
Белсенділіктерін дамыту, ұйымшылдыққа, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Жоспар:
-
Күзі вальс
-
Таныстыру
-
Ақылы көркіне сай (сұрақ-жауап)
-
Өнер сайысы (Өнерлі жұп)
-
Көңілді аспазшы (қыздардың аспаздық шеберлігі)
-
Шебер қолдар (қолөнер бұйымдары)
-
Сымбат көрік, сәндік өнер (сән үлгісі)
Жүргізуші:
-
Армысыздар, қымбатты ұстаздар, оқушылар!
-
«Алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер! Берекелі, мерекелі «Алтын күз» құтты болсын!
-
Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз байлық, молшылық.
-
Бүгін біздің мектепке мерекемізге Күз патшайымы келіп отыр.
-
Ал, енді бүгінгі «Алтын күз» кешінің салмақты ханзадалары мен сұлу, сүйкімді жас ханшайымдарын қошеметпен ортаға шақырайық.
1-кезең. («Күзгі вальс» биімен қатысушылар ортаға шығады.)
Күз патшайымы:
-
Балалар, керемет би көрінісін көріп көңілім көтеріліп қалды. Рахмет сендерге!
Жүргізуші:
-
Сіздерді сайысқа қатысушы жұптармен таныстырамыз.
1-жұп. Ошан Сәкен – Майлыбаева Әсел. 10 сынып оқушылары.
2-жұп. Сақбай Төребек – Алдаберген Ажар. 10 сынып оқушылары.
3-жұп. Есенбек Бақдәулет – Үсенбек Ажар. 10 сынып оқушылары.
4-жұп. Құраметов Әділ – Құралбаева Ботакөз. 9 сынып оқушылары.
5-жұп. Назымбек Бекнұр – Аллиярова Шахзода. 9 сынып оқушылары.
Әділ-қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? – деп әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Күз патшайымы:
-
Ал енді, ханзадалар мен ханшайымдар өздерін менімен таныстырып өтсе.
Жүргізуші:
-
Сайысымыздың кезекті бөлімі «Таныстыру» кезңіне кезек берейік.
2-кезек.
Өнер қуып қатысушылар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскен қатысушылар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.
Күз патшайымы:
-
Өте керемет! Ханзадал мен ханшайымдар танысқаныма қуаныштымын.
Жүргізуші:
3-кезең:
Көп сөйлеп жөн жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Сұрақ-жауап сайысын бастайық біз.
Біздің қатысушыларымызға күз патшайымы өзінің сұрақтарына ала кепті.
Күз патшайымы:
-
Балалар, жарайсыңдар! Сендердің білімдеріңді де сынап, қуанып қалдым. Келесі кезекте мен көрермендермен ойын өткізгім келіп жүр.
Жүргізуші:
Би: «Қолшатыр». 5-сынып оқушылары.
Жүргізуші:
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ол біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Үміткерлер аянбай жан салыпты.
Үміткеріміздің өнер сайысын тамашалайық.
-
Әселдің орындауында «Өрнек» биі.
-
Ажардың орындауында «Сыған» биі.
-
Ажардың орындауында «Құтты ұям» әні.
-
Ботакөздің орындауында «Заманауи» биі.
-
Азамат пен Шахзоданың орындауында «Күзгі қайың» әні.
Жүргізуші:
4-кезең: «Жылдам, сәнді, әрі дәмді».
(Сайыскерлер күзгі өнімдерін дайындап алып келген салаттармен таныстырып өтеді.)
Жүргізуші:
5-кезең:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларын, қанкей,
Жұптарға сөз берейік біз жекелеп дей келе»Шебер қолдар» сайысын бастаймыз. (Әр жұп өзінің дайындап келген қолөнер бұйымдарын ортаға салады.)
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Ән: «Күз тамаша». Орындайтын: 6 «А» сынып оқушысы Оңдасын Гүлнұр.
6-кезең:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр әніменен,
Әр сұлу әдемі өз сәнімен.
Өз қолымен шығарған киім сәнім,
Сіздерге көрсетеді өз мәнімен – деп келесі «Сән үлгісі» байқауына көшейік. (Аруларымыз өз қолдарымен дайындаған киім үлгісін көрсетеді)
Жүргізуші:
Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын, қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен күнге,
Өмір – күрес, әлі талай жарыстырар.
Қатысушыларды ортаға шақырайық. «Алтын күз» сайысының ханзадасы мен ханшайымын іріктеп, марапаттауға ортамызға мектебіміздің басшысын шақырамыз.
Жүргізуші:
-
Қымбатты, көкрмендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін, - дей отырып кешімізді осымен аяқтаймыз.
-
Тамашалағандарыңызға рахмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Алтын күз" (мерекелік іс-шара)

шағым қалдыра аласыз