Алтын күз мерекесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алтын күз мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Баска мұгалимге пайдасы тиер
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директоры Н.Жораев

Алтын күз

Мақсаты:

Білімділік: Күз мезгілінің ырыс құт, береке,молшылық әкелетінін, күз мезгілі еңбекпен ұласқан шат-шадыман, той думан айлары екенін оқушылардың санасына жеткізу;

Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру. Көпшілік орындарда жүру, отыру, өзін-өзі ұстау мәдениетін үйрету;

Көрнекілігі: Тақтаға ілінген оқушылардың алдын ала салынған суреттері, слайдтар.

Ертеңгілік жүргізу барысы:

1.Ұйымдастыру

1-Жүргізуші: Осынау алтын түске оранған алтын күзді өздеріңіздің алтындай балаларыңызбен қарсы алуға келіп отырған құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Баршамызды қуантып,

Алтын жапырақ сый тартып.

Алтын күз келді ортаға,

Құт әкелген тойланып,- дей келе «Алтын күз» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2- Жүргізуші:

Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар, балалар.Табиғат қай кезде болмасын- тамаша дүние. Күз келсе – біз сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе- аппақ қарда алысып ойнаймыз. Жыл мезгілінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз Күзге деген құрметімізді көрсетпекшіміз.

Ән: «Алатау» Серік Айғаным

1-Жүргізуші:

Салқын тартып түз демі,

Білдіреді күз нені?

Шым еткізер жүректі

Тырналардың тізбегі,- дей келе, оқушылардың өлеңдеріне кезек берелік.

  1. Оқушы: Акбар

Сұр бұлт түсті суық қаптайды аспан,

Күз болып , дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал- кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш қурай...

Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,

Тұман болар, жел соқса, шаң- тозаңы.

От жақпаған үйінің сұры қашып,

Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы.



  1. Оқушы: Айғаным

Көтерілсе аспандай,

Көкте сұрша бұлт көшіп.

Жерге інжу шашқандай,

Күміс моншақ шық түсіп.

Күз деген не, күз деген,

Жауабын кім іздеген.

Күз деген жылдың мезгілі

Кездесіп тұр бізбенен

  1. Оқушы: Ақниет

Кездескен соң күзіңмен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ- сары алтын,

Қуандырып біздерді.

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

  1. Оқушы: Расул

Біздің елге келіпті ғой алтын күз,

Жомарттығын, бақыладық бәріміз.

Кім табады, кім табады балалар!

Қандай екен, қандай екен, алтын күз!

  1. Оқушы: Махаббат

Ұшты талдан жапырақ, сары көбелек секілді,

Аспанда жай шатырлап, тамшы жерді секірді.

Барын беріп халыққа, жұмыстан соң қалжырап,

Дала ұқсайды алыпқа, дамыл алған маужырап.

  1. Оқушы: Даурен

Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.

Соңғы шуақ төгіліп

Жалқынданып тұр аймақ

Ақ сәулеге шомылып

Жапырақтар жүр ойнап

Көктен көзін бір алмай

Қызғылт тартты кәрі құз

Жер қызығын қия алмай

Маужырап тұр сары күз.

  1. Оқушы: Сәбина

Күз келді алақай

Алтын келді далаға

Дәні бітік бидайды

Құйып жатыр қамбаға

Молшылыққа бөлеген

Күз айы неткен ырысты ең?

Біздерді қауыштыратын

Ыстық ұя мектептен.

  1. Оқушы: Фарух

Күзде қандай көрікті

Комбайшылар жүр мына

Күзде бәрі болады

Жеміс-жидек толады

Күзде қандай көрікті

Айналам бәрі сап-сары

Қызыл жасыл өрікті

Тойып жейміз шаттана


Хор: Ақ көгершін


  1. Оқушы: Қаламқас

Келді міне күз,

Айнала сары түс

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз

Жеміс –жидек пісті

Қамбаға астық түсті

Қызу жұмыс басталып

Жинап алды жан салып

Көктем көзін бір алмай

Қызғылт тартты кәрі құз

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз.

  1. Оқушы: Досмаханбет

Мерекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Мерекесін тойлауға,

Шақырамыз сіздерді.

  1. Оқушы: Тұрғанкүл

Уа, табиғат, адамзаттың тірегі,

Тіршілікке нәр беретін жүрегі.

Күз ханшасы өлкемізге келіпті,

Қошеметпен қарсы алайық біз енді.

Пәк сәбиін төңірегіне жинаған,

Адамзатқа құт-береке сыйлаған.

Ару күзге, алтын күзге ризамыз.

Молшылығын бір сәтке де тыймаған.

  1. Оқушы: Айжан

Қараңдаршы, қандай сұлу,

Бидай басқан мына дала.

Әрбір адыр, әрбір жота,

Алтын жайып тастағандай.

Жайдары күз, жарқын күз,

Сыйлығына ырзамыз.

Аппақ арай таңында,

Шомыламыз нұрға біз

  1. Оқушы: Ақмаржан

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

  1. Оқушы: Шадияр

Алтын күзді жүруші едік сағынып-ақ,

Байлықта елдің болады бағы мұрат.

Бау-бақшада, жеміс-жидек бәрі пісті.

Аста – төк ырыс болып төгіліп-ақ.

  1. Оқушы: Мөлдір

Астық- жеміс жиналды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген!

  1. Оқушы: Жәмшит

Қараңдаршы,

Көзің тоймас қарасаң да.

Күз деген бір жақсы уақыт,

Ой да, қыр да, таудың іші.

Бір молшылық жатқан шалқып,

Ал балалар кім біледі.

Неге айтамыз «Алтын күз» деп?

Алтын күз деп біз айтамыз сол үшін де,

Сары алтындай сары қауын,

Көп піскен соң бау ішінде


2- жүргізуші:

Алтын сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күз болғанда күлімдеп

Көз тартады атырап


Ән: Алаухан Даурен-----------------------------------------


1-жүргізуші:

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді

Би: ------------------------------------------

2-жүргізуші:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз


Ән: Қонар Фарух «Антошка»


1-жүргізуші:

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.


Көрініс: «Дихан баба»


2- жүргізуші:

Жұлдыз туып таң алды,

Әнге орап ғаламды,

Сазды әуен шаттыққа

Бөледі бар адамды


Би:-------------------------------------------


1-жүргізуші:

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.


Хор:-----------------------------------------


2- жүргізуші:

Әуенге еріп сиқырлы,

Айтылды ән боп сыр қилы.

Күзгі әуен жастардың

Жүрегіне нұр құйды.


Ән: Шамат Ақниет, Ергешбай Айжан ----------------------

1-Жүргізуші
Бүгінгі «Алтын күз» атты тәрбие сағатымызды аяқтау үшін қорытындылау сөзді мектеп директоры Жораев Нарынбай ағайға, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тастанов Орынбасар ағайға береміз.


Тексерілді:-----------------------------

Күні: 23.11.2018 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
507
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі