жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Алтын күз" мерекесі
Алтын күз» мерекесіне арналған сценарий
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың адамға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл –күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой – қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата – аналар қауымымен тығыз қарым –қатынас қалыптастыру.
Жүргізуші:
Қарсы алайық қанекей,
Үлкен кіші бәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын, ел іргесі.
Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар! «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ендеше мерекемізді бастау үшін балаларымызды қарсы алайық.
Жүргізуші: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын күз,
Сары алтынға малынған
Қайда менің биші қыздарым.
Би. «Тамшылар»
Жүргізуші: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинай салтымыз.
Жинап – теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз,
Елге бәрін сыйлаймыз. Балалар тынышталайықшы, біреу есік қағып қонаққа келіп тұрған сияқты. Міне, балалар бізге «Күз ханшайымы» қонаққа келіпті.
Күз ханшайымы:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, ата – аналар, қонақтар!
Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін,
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халықтың алғысын.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайыншы?
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе сары. (жапырақ)
Күннің көзін сүйеді,
Бұрымы бар жасылдан.(сәбіз)
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар.
Жүргізуші: Күз ханшайымы балалалар күз туралы тақпақтар, жұмбақтар шеше алады.Сіз отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
Жүгері, жүгері сен келдің,
Бізге бақыт әкелдің
Сені көрген адамдар,
Бас салып жей береді.
Іші толған шәрбәт,
Дәмі сондай әйбат.
Үзесің бірден жүзін,
Менің атым – жүзім.
Картоп біздің атамыз,
Жер астында жатамыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша – бақ.
Күрең қызы лшіркін – ай,
Менің атым – құлпынай.
Жүргізуші: Жаздай күткен бәрііміз,
Сары алтын, сары күз.
Алтын ұя бақшада,
Сабақ бастар шағымыз.
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күнім елжіреп.
Ән: «Алтын күз»
Ойын «Көкөністер»
Мақсаты: Ортаға бес бала шығады.Көкөністерді егіп, суғарып, жинап алу керек. 1 –бала шығыршықты қояды. 2- бала көкеністерді егеді. 3- бала суғарады. 4 - бала – себетке көкеністерді жинайды. 5 – бала – шығыршықты алып келеді.
Жүргізуші: Алма пісіп,алмұрт түсіп
Күздер бақтар жайнайды
Құстар қайтып,қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды-деп бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалаңыздар.
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде.
Аңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.
Дөп – дөңгелек сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Менің атым – өрік.
Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанып,
Балдай тәтті қауынмын.
Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Менің атым – шие
Осень, осень, не спеши,
И с дождями подожди.
Дай еще нам лето
Солнышка и света.
Күзім, күзім, күзім
Пісті алма, жүзім,
Тұрғанда бәрін күз беріп,
Кел алайық біз теріп.
Наступила осень,
Пожелтел наш сад.
Листья на березе,
Золотом горят.
Сарғайды тоғай,
Сап – сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс келді қайтып.
Жүргізуші: Қызыл,сары, алтын, көк
Алуан-алуан жапырақ
Ойын: «Жапырақтар жинау»
Шарты: ойынға екі бала шығады .Жерде жатқан жапырақтарды жинап алады. Кім бірінші жапырақтарды көп жинаса сол бала жеңімпаз атанады.
Жүргізуші: Алтынға бояп өңірді
Күзде келді көңілді
Бау-бақшада, орманда
Сары жапырақ төгілді-дей келе ата – аналармен ойын ойнайық,
Ойын: «Мозайка»
Шарты: қағаз қиындыларынан көкеністер мен жемістерді құрастыра білу керек.
Ойын: «Қандай жеміс екенін тап»
Шарты: Ыдыстағы суда жемістер салынып тұрады. Көзді жұмып,ауызбен жемісті тістеп алып қандай жеміс екенін айтады.
Жүргізуші: Жемісті мол теретін,
Күз дос бізбенен,
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Ән: «Күз тамаша» Жүргізуші:
Ән «Күз жомарт»
Өнер десе жайнаймыз,
Сандуғаштай сайраймыз,
Өнер десе жанып біз,
Шырқап әнге саламыз.
Ән: «Кап -кап»
Күз ханшайымы:
Берекелі бақ – дәулет,
Арта түссін тойланып,
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айланып.
Айналайын балаларым, өнерлерің көп екен. Риза болып отырмын.Менің қайтатын уақытым көп болды.Аман – есен болыңдар.Еңбек етіп, ойнап – күліп,шырқап әнге салыңдар.Сендерге әкелген сыйлықтарымды таратып берейін.
Өте жақсы балалар.Осымен «Айгөлек» ІІ кіші тобының «Алтын күз» деп аталатын ертеңгілігі осымен аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп –көп рахмет.елесі кездескенше сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген