Күз - мереке,
Күз-береке.
Армысыздар құрметті қонақтар,
ата-аналар, әріптестер! Асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті.
Баршаңызды Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Құттықтай отырып
бүгінгі «Інжу»
тобының «Күз береке,Күз-мереке» атты
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Төңірек толы сары
алтын
Күз келді туған
жеріме
Шуағы нұрлы
жайнаған
Алтын күз әсем
айналам
Мерекесі
халықтың
Алтын күзді
бастайық,
Алтын күзге
арналған
Ертеңгілігімізді
бастайық
Ортамызға балаларды шақырып
қарсы алайық.
(Балалар ортаға келіп
тұрады).
Хормен: Үлкенге де сіз, кішіге де
сіз,
Құрметпеннен сіздерге бас
иеміз біз
Сәлеметсіздерме!
Тәрбиеші:Балалар бізге бүгін апайлар
қонаққа келіпті. Қараңдаршы балалар далада күн бұлттап, жаңбыр
жауып тұр. Ендеше жылдың қай мезгілі екен?
Балалар:Күз
Тәрбиеші: Иә, балалар қазір күз мезгілі
, күз мезгілінде қандай өзгерістер
байқайсыңдар?
Балалар: Күн суық болады, жел соғады,
жаңбыр жауады.
Тәрбиеші: Иә,
дұрыс айтасыңдар,күз
мезгілінде жеміс-жидек, бау-бақша піседі. Күз мезгілінде бізге
молшылық береке әкеледі,қамбаға астық
құйылады. Бүгін біз күз мерекесін
тойлаймыз.Балалар біз тойымызды бастамас бұрын біздің ортамызға кім
жетпей тұрғанын қараңдаршы?!
Балалар: Күз
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,ендеше
біз «Күз-күз кел, кел» әнін
орындайық, біздің өлеңімізді естіп Күз ханшайымы да келіп
қалар.
(күз ханшайымы
кіреді).
Күз
ханшайымы: Сәлеметсіндер ме
балалалар!Сіздердің бала бақшаларыңызға да күз келіпті.Менің
көйлегімнен ұшқан қызыл,сары жапырақтар сіздердің орталарыңызға
қоныпты. Балалар сендердің маған деген әндеріңді естіп алыс
орманнан сендерге келдім.Мен өзім жалғыз келгем жоқпын, орман
тұрғыны күзде азығын жинап алып қыс бойы ұйықтайтын достым аюды
ертіп келдім.
Тәрбиеші:Сәлеметсіздер ме? Күз
ханшайымы,аю біздің мерекемізге қош келдіңіздер!Балалар ендеше
келген қонақтарымызға тақпақтарымызды
айтайық.
Меруерт:Қарашы күз келді,күз
келді
Жапырақ жауыпты
іздерді.
Айғаным:Құс біткен керуен
тізеді,
Қара бұлт қабағын
түйеді.
Аян:Келді міне
күз
Айнала сары
түс.
Арайлым:Керемет
тамаша
Қандай әсем
күз.
Мерейлім:Жеміс жидек
пісті,
Қамбаға астық
түсті.
Альмира:Қызу жұмыс
басталып,
Жинап алды жан
салып.
Али:Сап-сары
маңай,
Сап—сары
тоғай
Соңғы әнін
айтып
Құс кетті
қайтып.
Балауса:Алтын,сары,қызыл,көк,
Алуан –алуан
жапырақ,
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
атырап.
Күз ханшайымы:Өте жақсы балалар,тақпақты
жақсы айтады екенсіңдер.Бізде құр келген жоқпыз,сендерге би,ойын
алып келдік.Кәнекей қыздар бізбен бірге менің жақсы көретін жапырақ
биін билейік.
(Жапырақ
биі).
Тәрбиеші:рахмет күз ханшайымы өзіңіз
байқағандай біздің балаларымыз бидіде жақсы
билейді.
Аю:Ал енді балалар мен сендермен
өзімнің жақсы көретін ойынымды ойнайық. Жеміс пен
көкеністер.
(Ойын. Жеміс пен
көкеністер).
Балалар сендер көкеністермен
жеміс туралы тақпақ білесіңдерме?
Балалар:Иә
Айғаным:Бақшамызда
өседі
Керек тағам
деседі
Балауса:Бар
қызыл,көк,сарысы
Ащы-тұщы
бәрісі.
Меруерт:Шиемін
мен,шиемін
Күннің көзін
сүйемін.
Альмира:Күрең қызыл
шіркін-ай,
Оның аты
құлпынай.
Арайлым: Мен
алмамын,алмамын
Таңдай жұлар бар
дәмім.
Али:Мен
өрікпін,өрікпін
Табиғатқа
көрікпін.
Аю:Бәрекелді балалар , сендер
өнерлі екенсіңдер!
Тәрбиеші:Күз ханшайымы ,аю енді біздің
балалардың тағы бір өлеңін қабыл
алыңыздар.
(Ән).
Күз
ханшайымы:Балалар әндеріңде
,тақпақтарыңда өте керемет ,өздерің өнерлі екенсіңдер ,енді аю
екеуміздің сендерге алып келген базарлығымызды қабыл алыңыздар.Бұл
жемістер сендерге ден саулық, шаттық, байлып алып келсін.Біз енді
қайтайық күнде суытып барады, келесі күз мерекесіне дейін қош,сау
болыңдар!
Балалар:Сау
болыңыздар!
Тәрбиеші:Тілегі аман болсын ел
іргесі,
Алтын күз қайта келді
берекесі
Молшылықтың жаршысы бола
білді
Алтын күз-ырыс береке ала
келді.
-Құрметті қонақтар,әріптестер
күз әрқашан да, өзінің молшылығымен келсін дей отыра. Әр отбасына
амандық тілейміз.Біздің «Інжу» тобының сіздерге
арналған ертеңгілігі осымен аяқталды,келіп тамашалағандарыңыз үшін
үлкен рахмет!