400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша тәрбиешіне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Әдіскер: А. Сахитова.



«Сәлем, Алтын күз»



Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру. Білімдерін жетілдіру. Сөйлеу әдістерін үйрету.


Көрнекілігі: Шарлар, тақырып жазылған плакаттар.

Жүру барысы

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар және бүлдіршіндер! Бүгінгі «Күншуақ» тобы мен «Балдәурен»тобының «Сәлем, Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндей молшылық тілейміз! Ал балалар, берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.


Мейірім:

Күн шуаққа маужырап.

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап.

Ұшты кенет жапырақ.


Айару:

Біздің бала бай дала.

Алтын астық айнала.

Ел егінді жинайды.

Қырманға дән сыймайды.


Нұрасыл:

Көрсең егер бақшада.

Доп екен деп қалмағын.

Шөл қандырар қарбызбын.

Ерте үзіп алмағын.


Нұрсезім:

Бақшаларда тізіліп

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат-қабат киініп

Қырық қабат атандым.

Ән: «Күз келді» хор «Күншуақ» және «Балдәурен» тобы


Назым:

Нарттай қызыл алмамын.

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем.

Тілді балдай үйірем.


Али:

Мен алмұртпын алмұртпын.

Күзде жинап алатын.

Балбыраған біреуін.

Жесе тойып қалатын.


Анель:

Көктемде ерте гүлдеймін.

Кешігуді білмеймін.

Уылжыған өрікпін.

Бау-бақшаға көрікпін.


Амир:

Мен жүзіммін , жүзіммін.

Моншақ болып тізілдім.


Би: «Капелький» «Балдәурен» тобының қыздары


Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар, тыңдаңдаршы, бұл не шу?


Алтын күз: Сәлеметсіздер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Алтын күз: Уа , халайық дархан далам армысын.

Табиғатым, жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр.

Алмақшы боп бар халқымның алғысын.

Мен – Алтын күз, сіздерді, көргеніме қуаныштымын.


Жүргізуші: Қымбатты Алтын күз! Біздің балаларда күз туралы тақпақтар мен өлеңдер айтады. Сіз жайланып, отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.


Медина:

Алтын, сары қызыл көк

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақтар күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Нүрсейіт:

Бүгін мейрам бүгін той.

Қуаныш той біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап.

Алақанды соғып қой.

Рахман:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.


Диляра:

Алақай, алақай!

Шаттанды балақай.

Күз түсті дән түсті.

Айтамыз алғысты.


Дарья :

Қуандырып біздерді.

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз.

Кемелденсін халқымыз.


Ал енді «Алтын күзге» қатысқалы отырған сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

1-нөмірде: Алмазұлы Мейірім анасы Кдыргалиева Назерке

2-нөмірде: Мутиғолла Назым анасы Калиева Шынар

3-нөмірде: Ануарбек Алтынай анасы Тулжанова Шынар

4-нөмірде: Мирасұлы Нұрсәт анасы Сағынова Әсемгул


Енді осы сайыскерлерімізді сараптайтын сарапшыларымызды ортаға шақырайық.

Әлия апа, Бибігул апа, Рауайда апа, Эльмира апа.


Сайыскерлерге шартымен таныстырып өтейін:

1 Таныстыру

2 Қол өнер.

3 Сән үлгісі.

4 Күзгі салат .

5. Ойын түрінде (екі топ бір-біріне)

Жүргізуші: Кездескен соң күзімен .

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ сары атын.

Айналаның бәрі алтын- дей келе бірінші шарт бойынша сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

1.Таныстыру


Айсезім : Күзді күтіп жатамын.

Жиып нәрді бойыма.

Асқабақпын жараймын.

Қыста сақтап қоюға.


Нұрхан : Исім жұпар аңқыған.

Бағшадағы шырынмын.

Жеп көргендер тамсанған.

Балдай тәтті қауынмын.


Асылай : Күзім-ау күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау.

Назым: Күздің қазан айында,

Алма,алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.


Жүргізуші:

Ән салыңдар күліңдер

Жайнап күндей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық, дей келе кезекті бишілерге берейік.

Би: «Көкөністер» орындайтындар «Күншуақ» тобы:

Нұрасыл.Нұрсезім,Назым, Али,Анель,Амир,Рахман, Айсезім, Дана,Нұсейіт.

2-ші шарт бойынша сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.


2. Қол өнер.


Би « Саңырауқұлақ» Ұлдар топпен. «Балдәурен» тобы.

Айсезім: Күзді күтіп жатамын,

Жиып нәрді бойыма,

Асқабақпын жараймын.

Қыста сақтап қоюға.

Дана: Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын

Көзден жасты шығарып.

Тұмаудан да сақтаймын.


Дамир: Қамба толды астыққа,

Алғыс саған алтын күз!

Асылай: Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау.

Нұрымжан: Ән салыңдар, күліңдер.

Жайнап күндей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік, ойнайық.


Ән: «Тамшылар» орындайтын «Күншуақ» тобы

3-ші шарт бойынша сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.(Салат түрлерін көрсету).

Жүргізуші: екі топтың ағылшынша тақпақтарын тыңдайық.

Жанерке, Ибрахим, Нұрсезім, Назым, Азамат, Дайана,Айнара, Марлен.


Рахман: Картоп біздің атамыз.

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан тараған.

Ағайынбыз бәріміз.


Раушан: Піскен кезде құлпынай.

Қандай асем шіркін ай

Қарай бергім келеді.

Дүркін, дүркін дүркін ай.


Жүргізуші. Би: «Павлин» «Балдәурен»тобының қыздары.


4-ші шарт бойынша сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.


4. Сән үлгісі .


Бексұлтан: Көк майсалы көрікті.

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті.

Сары жібек көйлегін.

Амирболат: Ағаштардан жамырап.

Ұшты кенет жапырақ.


5-ші шарт бойынша сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.


5. Ойын түрінде екі топ бір-біріне ойын ұйымдастырады.

Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Ән «Алтын күз ағылшынша»


Дана: Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.


Бейбарыс: Кездескен соң күнімен,

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.


Адияр: Күз келді, алақай,

Алтын келді далаға.

Дәні бітік бидайды

Құйып жатыр қамбаға.



Радмир: Келді міне, күз.

Айнала сары түс,

Керемет тамаша.

Қандай әсем күз.

Би . «Чунга-чанга» «Күншуақ» тобы. Медина, Дарья, Диляра, Нұрхан, Бексұлтан, Нұрымжан, Амирболат, Бейбарыс, Адияр, Радмир, Асылай


Мұхаммедали: Көбейді құт береке.

Астық толы қоймаймыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.


Алтынай: Жомарт көңіл, жарқын күз.

Берекесі халқымның,

Қош келіпсің, алтын күз,

Құт қонағы төрімнің.


Зерде: Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп.

Асыр салып жүре бер.

Сары көйлегің желбіреп.


Дайана: Жемісін мол беретін.

Күз дос екен бізбенен,

Бәрін тауып беретін.

Жомарт екен күз деген.


Айнара: Мейірімді күз мырза күз.

Сыйлығыңа ризамын.

Аппақ арай таңында,

Шомыламыз нұрға біз.


Би: «Күзгі вальс» «Балдәурен» тобы.


Томирис: Ой балалар, балалар.

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

Томирис: Золотая осень

В гости к нам пришла

Весело шагая

Листьями шуша


Абылай: Жаңбыр, жаңбыр жауа бер,

Қорықпаймыз біз сенен.

Қолымызда қол шатыр,

Кел, билейік бәріміз.


Азамат: Туча небо кроет,

Сольнце не блестит.

Ветер в поле воет,

Дождик моросит.


Айнара: Замушели воды.

Быстрого ручья

Птички улетели.

В теплые края.


Нұрсәт: Сприң ис грин,

Саме ис брайт.

Оутум ис еллау,

Уинте ис уайт.


Марлен: Фал ис фан.

Ай лак ту ран.

Ай си зе сан,

Фан ис фан.


Нұрай: Майсадан көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері келіпті,

Сары жібек көйлегін.



Ибрахим: Қандай өзі береген,

Алмасын-ай, алмасын.

Жемісі мол беретін,

Жеп тауыса алмайсың.


Нұрәділ: Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын қағайын.

Қуандырып, біздерді.

Өлкемізге күз келді.


Жанерке: Берекесін сыйлауға.

Өлкемізге күз келді,

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.


Би: «Жапырақтар» «Балдәурен» тобы мен «Күншуақ» тобының бүлдіршіндері.

Жүргізуші: Балабақша әдіскері Айнур Сағатбайқызына сөз кезегін береміз. Осымен « Сәлем,Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.Келесі кездескенше аман сау болыңыздар.































Мейірім:

Күн шуаққа маужырап.

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап.

Ұшты кенет жапырақ.


Айару:

Біздің бала бай дала.

Алтын астық айнала.

Ел егінді жинайды.

Қырманға дән сыймайды.


Нұрасыл:

Көрсең егер бақшада.

Доп екен деп қалмағын.

Шөл қандырар қарбызбын.

Ерте үзіп алмағын.



Нұрсезім:

Бақшаларда тізіліп

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат-қабат киініп

Қырық қабат атандым.


Назым:


Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

.

Назым: Нарттай қызыл алмамын

Мәз болады алғандар

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.







Али:

Мен алмұртпын алмұртпын.

Күзде жинап алатын.

Балбыраған біреуін.

Жесе тойып қалатын.




Анель:

Көктемде ерте гүлдеймін.

Кешігуді білмеймін.

Уылжыған өрікпін.

Бау-бақшаға көрікпін.



Амир:

Мен жүзіммін , жүзіммін.

Моншақ болып тізілдім.



Рахман : Берекесін сыйлауға .

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға.

Шақырады біздерді.


Нүрсейіт:

Бүгін мейрам бүгін той.

Қуаныш той біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап.

Алақанды соғып қой.


Медина:

Алтын, сары қызыл көк.

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақтар күлімдеп.

Көз тартады атырап.


Диляра:

Алақай, алақай!

Шаттанды балақай.

Күз түсті дән түсті.

Айтамыз алғысты.




Дарья:

Қуандырып біздерді.

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз.

Кемелденсін халқымыз.






Айсезім : Күзді күтіп жатамын.

Жиып нәрді бойыма.

Асқабақпын жараймын.

Қыста сақтап қоюға.


Нұрхан : Исім жұпар аңқыған.

Бағшадағы шырынмын.

Жеп көргендер тамсанған.

Балдай тәтті қауынмын.


Асылай : Күзім-ау күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау.

Нұрымжан: Ән салыңдар күліңдер

Жайнап күндей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.



Рахман : Картоп біздің атамыз.

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан тараған.

Ағайынбыз бәріміз.


Раушан : Піскен кезде құлпынай.

Қандай асем шіркін ай

Қарай бергім келеді.

Дүркін дүркін дүркін ай.




Бексұлтан : Көк майсалы көрікті.

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті.

Сары жібек көйлегін.


Амирболат: Ағаштардан жамырап.

Ұшты кенет жапырақ.


Бейбарыс: Кездескен соң күнімен.

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ сары алтын.

Айналаның бәрі алтын.


Дана: Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.





Адияр: Күз келді, алақай!

Алтын келді далаға

Дәні бітік бидайды,

Құйып жатыр қамбаға.





Радмир: Келді міне күз,

Айнала сары түс

Керемет, тамаша

Қандай әсем күз.




Дамир: Қамба толы астыққа,

Алғыс саған алтын күз!


Дана: Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан да сақтаймын

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
659
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі