400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз мерекесіне арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық топ тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Алтын күз» ертеңгілігі

Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
(Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген)

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Алтын күз»әнін тамашалаңыздар
Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.

Көбейді құт — береке, Перизат

Құтты болсын мереке,

Астық толы қоймамыз.

«Алтын күзді» тойлаймыз!

 

Бүгін мейрам, бүгін той, Лилия

Қуаныш күн, біліп қой!

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой!


Ызғырықты жел өтіне

Шыдап баққан тербетіле.

Ағаш біткен шашып жатыр

Алтын теңге жер бетіне


Жапырақтар сылдырлай,
Алтын күз міне келіпті.
Туған жерін қия алмай,
Ұшып бар құстар кетіпті.


Күзде жайнап ашыла,
Күннің нұры көшкендей.
Алма ағаштың басына ,
Қызыл қарбыз өскендей.


Алтынға бояп өңірді,
Күзде келді көңілді.
Бау- бақшада , орманда,
Сары жапырақ төгілді
Жүргізуші: Балалар, күз мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдаршы?

адамдар күзде қандай киімдер киеді?
Балалар: Күзгі жылы киімдерін киеді.
(Осы кезде ішке
вальс екпінімен сары киім киген түрлі - түсті жапырақтар тағынған алтын күз келеді)






Алтын күз: -Ерінбестен еңбек етіп келетін,

Еңбекшіге бар жемісін беретін,

Мен мырза күз ынтымақты еліңе

Берекелі ырыс болып енетін.

Сәлеметсіздер ме,балалар,

Мерекелерің құтты болсын !Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет.-Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім.

Жүргізуші: Олай болса, балалар көкөніс пен жемістерді айыра білеме екен тексеріп көрейік... Ойын: «Көкөніспе,жеміспе?»

Шарты:Ағашта өсетін жемістерді атағанда қол шапалақтайды (Алма,банан т.с.с).

Бақшада өсетін көкөністерді атағанда аяқ топылдатады.(Картоп,пияз,сәбіз,т.с.с)
Күз: Жарайсыңдар балалар, айыра біледі екенсіңдер.

Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемістері дәлізде дауласып жатыр екен.Оларды ортаға шақырып не үшін дауласып жатырғандарын тыңдап көремізбе?

Балалар: Иә, тыңдап көрейік.
Жүргізуші: ендеше сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық.

Бүлдіршіндердің орындауында «Көкөністер мен жемістер» айтысы

Қызанақ: Мен өте дәмдімін, адамдардың ас қорыту мүшелеріне пайдалымын.

Әсем нәзік, көріктімін, Ақнұр

Көктей жеуге болмайды.

Салатқа мені қосқанда,

Қияр қасымнан қалмайды.

Қып-қызыл болып пісемін,

Жәшікке лақтырып салмайды.

Жарылып қалам өйткені.


Қияр: Сен неге қып-қызыл болып мақтанып тұрсың? Менің де адам денсаулығына пайдам көп. Сабырхан

Сопақша көк өнім бар,

Пайдалы мөлдір сөлім бар.

Піскен кезде жинайсың,

Менің атым қиярмын.

Қазір ұзын сабағым,

Жан-жағына тарайды.

Қол ұстасқан баладай,

Бақшаны алып барады.

Картоп: Әй қойыңдар! Шах Керім

Адамның екінші нанымын.

Мен мақтаншақ картоппын.

Ылғалды топырақ мекенім,

Сол жерде жақсы өсемін.

Жегенде жақсы тоясың,

Ұраға салып қоярсың.

Мен мақтаншақ картоппын

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар.






Пияз: Егер картоп өзін-өзі пайдалымын, бәріне қажетпін десе онда менде мақтанайын. Босқа қарап тұрамын ба! Әділжан

Менсіз астың дәмі жоқ,

Күлдіре алмаймын,  жылайсың.

Ащы болсам да мені,

Базардан жиі сұрайсың.

Түшкірсең, пысқырсаң

Мен шипа боламын.


Сәбіз: Мен де де бар дәрумен, салатқа да қосады, тағамға да қосады. Дастан

Сары дәмді, ұзынмын,

Жер астына тығылдым.

Тартсаң шыға келемін,

Өсіп тұрған бұрымнан.

Күзде қазып аласың,

Тамаққа да саласың.

Егер мені көп жесең,

Биік, ұзын боласың.


Өрік: Мен жарықты, жылуды жақсы көремін, менің құрамымда иод көп. Аслай

Мен өрікпін, өрікпін,

Бақшамызға көрікпін.

Қара деген атым,

Менен де дәм татыңдар.

Дәрі орнына жүретін,

Кейде менің қақым бар.

Алма: Менің жер шарында көп түрлерім бар, менің құрамымда «А», «В», «С», «Д» дәрумендерім бар. Мені көп жесеңдер ауырмайсыңдар. Адина

Нарттай қызыл алмамын.

Мәз болады алғандар,

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.


Қызылша Е.Сұлтан

Қызылша деген атым бар,

Қант берер затым бар.

Адам қанын көбейтем,

Сендер тыныш жатыңдар



Қауын: Мен жаздың ыстығында өте қажетпін, денсаулыққа пайдалымын. Жаңагүл

Жинап досты, бауырды,

Ортаға алдық қауынды.

Жарып едік қауынды,

Қарық қылды ауылды.

Қауын деген қой сойдық,

Ой бәріміз бір тойдық.

Қанып қалды шөліміз.




Барлығы:  Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз.

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз.

Жүргізуші: Барлығыңда дәмдісіңдер,

Шырқап айтар әнімсіңдер.

Көз тоймайтын кереметке,

Дастарханның сәнісіңдер.

Ендеше көкөністермен жемістер ендігі жерде достасып бір би билеп берсін, солай ма балалар? Балалар –иәә.

Жүргізуші:Бүлдіршіндердің орындауында «Көкөністер мен жемістер»биі.

Күз: Балалар билерің қандай тамаша

Жүргізуші: ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік Аналарымыз күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен көрейік. Ойын шарты кі ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.

Жүргізуші:Ендігі кезекте тағыда балалардың алтын күзге арпналған тақпақтарын тыңдап көрейік.

Берекесін сыйлауға Асия

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.


Күн шуақта маужырап, Имран

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ


Бұтақтардан сөгіліп,

Жапырақтар төгіліп.

Ұшып жатыр жүз мыңдап

Қайтер екен біздің бақ.


Біреу астық түсіріп, Тамирлан

Біреуі бидай ұшырып

Жатқан мынау күз екен,

Алдым соны түсініп


Өнім үйіп тастадық, Исламбек

Оқуды да бастадық

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның...


Көрінеді шалғайдан Нұргүл

Бел-белестер сарғайған

Сары жапырақ төгілген

Тоғайды да көрдім мен








Дала сары киінген Ж.Сұлтан

Самал соқты салқындау

Қырмандарда үйілді

Алтын астық-алтын тау.



Сап-сары ғып даланы , Райлан

Бояпты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.


Если на деревьях Лунара

Листья пожелтели,

Если в край далекий

Птицы улетели.

Если небо хмурое,

Если дождик льется

Это время года осенью зовется.


Жүргізуші
: Алтын күз, енді балалардың өзіңе арнаған «Қолшатыр» биін тамашалыңыз
Жүргізуші: Ендеше біздің әсем қыздарымыздың орындауында «қолшатыр» биі.
Күз: Балалар билерің қандай тамаша . Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім.

Жүргізуші:Ойй балалар қараңдаршы,жаңбырдан соң саңырауқұлақ өсіп шығыпты.Өзі сондай көңілсіз көрінеді.Саңырауқұлақ саған не болдыы?

Саңырауқұлақ: Маған сондай көңілсіз,менде мына балалар сияқты көп достарым жооқ.

Жүргізуші: саңырауқұлақ сен мұңайма біздің орманда сенің достарың көп,солайма Алтын күз?

Жүргізуші олай болса біздің саңырауқұлақтарымыз бәрі достасып,өз өнерлерін көрсетсін.Кәне бәріміз енді «Саңырауқұлақтар» биін тамашалайық.

Күз: Рахмеет балалар,өте тамаша

Жүргізуші: кешімізді аяқтай келе, балалардың орындауында «Осень»әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Алтын күз атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет

Күз: Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс етемін.
(Күз, балаларға алма таратады)
Күз: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге, келесі кездескенше.
Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге Алтын күз, сау болыңыз!
Алтын күз
:

Байлығымды жинадым,

Барымды мен сыйладым.

Алға бастар жолым бар,

Аман –есен болыңдар , Сау болыңдар балалар



4 ЖО ж ҚББМО













« Алтын күз»

ертеңгілік сценарийі












МАД «Б» тобы мұғалімі: А.Д.Джунусова











2017 жыл.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
745
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі