400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз, қош келдің!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топқа арналған ертеңгіліk
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтын күз, қош келдің!

Ортаңғы топқа арналған ертеңгілігі.



Балалар көңілді әуенмен залға жүгіріп кіреді, екі қатарға бөлініп орындықтырдың алдына тұрады. Би қимылдарын орындайды.



Жүргізуші: Сарғайды тоғай, сап – сары маңай,

Соңғы әнән айтып, құс кетті қайтып.

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгінгі күз мерекесіне қош келдіңіздер!



Қыз бала: Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты!



Ұл бала: Баршамыз бір тойласын

Мерекемен жайнасын.



Қыз бала: Ән мен бүгін бастайық!



Ұл бала: Қол соғып бір қоштайық!



Ән орындалады: «Күз келіпті көңілсіз»



Жүргізуші: Балалар, сендер саяхатқа барғыларың келе ме? (ия). Олай болса пойызға отырып орманға барайық. Күз ханшайымы орманда болар.



«Паравоз букашечка»



Әуенмен балалар пойыз қимылдарын салып шеңбермен бір айналып жүреді де орындықтарына отырады.



Жүргізуші: Балалар, міне біз орманға келдік, айнала қандай әдемі. Қандай керемет! Мына шашылып жатқан жапырақтар түрлі – түсті кілем сияқты. Енді жапырақтар туралы тақпақтарды тыңдайық.



Балалар тақпақтарды айтады

  1. Алтын, сары, қызыл, көк....

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.



  1. Күн шуақта маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.



  1. Ой, алақай, тамаша

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді, жатып ап.

(Осы кезде әуенмен Алтын күз себеті толы жапырақтармен кіреді).



Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме, Балалар! Мен сендердің әдемі тақпақтарыңды естіп, сендерге тез – тез асығып келдім.



Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын күз! Сенің келгеніңе өте қуаныштымыз. Біздің балалар сен туралы тақпақ та, әсем ән де біледі.

Балалардың тақпақтары

Соңғы шуақ төгіліп,

Салқын тартып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.



Би: Жапырақтармен би



Жүргізуші: Балалар Алтын күздің жапырақтарын қайтадан себетке жинап саламыз.

Алтын күз: Балалар, сендер өте әдемі би биледіңдер. Орындарыңа отырыңдар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, тыңдаңдар.

(қолшатыр туралы жұмбақ)



Балалар: Қолшатыр!



Күз: Дұрыс, балалар! Қолшатырды ашамын, балаларды биге шақырамын!



Би: «Қолшатыр».



Күз: Менің қолшатырым сиқырлы. Кім қолшатырды алады сол ойынды бастайды.



Жүргізуші: Кәне, қолшатырдың сиқырын көрейік.



Ойын: «Қолшатырлар»



Ойынның шарты: (Балала екі топқа бөлінеді, әр топта бір – бірден екі қолшатыр беріледі. Балалар қолшатырды алып белгіленген жерге дейін жүгіріп, белгіні айналып, қайтадан орныны жүгіріп келеді, қолшатырды келесі балаға береді, ал өзі соңына тұрады).



Күз: Жарайсыңдар, балалар! Бізге Орман Атасы келіпті, ол ұйықтап отыр ғой.... Кәне, қолымызды соғайық, оны ұйықыдан оятайық. 1,2,3...



Орман Атасы: Менің орманымның тыныштығын бұзып шулап жүрген кім? Бұл кішкентай қонжықтар емес, қояндар емес, тиіндер емес.... Сонда сіздер кімсіңдер, а!



Жүргізуші: Біз балабақшадан келдік, біз балалармыз. Биз билейміз, ән айтамыз.



Ата: Билейміз дейсіңдер ме? Ә – ә – ә ... Мен де билегенді жақсы көремін. Олай болса кәне өнерлеріңді ортаға сал.



Би: «Алға жүр, артқа жүр».



Ата: Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге жұмбақ жасырайын (саңырауқұлақтар туралы жұмбақ жасырады).



Күз: Мен сендерге ризамын, сендер өте өнерлі балалар екенсіңдер. Сондықтан мен сендерге сыйлық бергім келіп тұр. (ортаға себетті қояды).

Себеттегі жапырақтарға

Жаңбырдың суын қосамын.

Қолшатырмен жабамын,

Көзімізді жұмамыз 1,2,3...

Қолшатырым айналдырады.

(Қолшатырды алғанда, ішінде алма болады).



Жүргізуші: Алтын күзге Рахмет айтамыз! Мерекеміздің соңында Күзге тағыда бір әнімізді сыйлайық!



Ән: «Жаңбыр».



Күз: Пойызға отырып балабақшаға қайтыңдар. Келесі кездескенше, сау болыңдар! (Ата мен Күз шығып кетеді).



Жүргізуші: Біздің саяхатымыз аяқталды, топқа барып Күздің сыйлықтарынан дәм татамыз. Сау болыңдар!

Әуенмен «Пойыз» болып шығып кетеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
529
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі