400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз" сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбиешілерге де, бастауыш сынып мұғалімдерге де арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қош келдің, Алтын күз!!!»

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің тіршілікке тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең және нақыл сөздер арқылы ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жайлы түсінік беру. Балаларды табиғатты қорғауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше, «Алтын күз» атты мерекелік іс-шарамызды бастаймыз!

(Есік тоқылдайды. «Алтын күз» келеді)

- Бұл кім екен?

- Балалар, мен «Алтын күзбін»! Сендерде мереке болғалы жатқанын естіп, қонаққа келдім. Маған арнаған қандай сыйларың бар?

- Төрлетіңіз, «Алтын күз»! Біздің балалардың сізге арнаған ән-биі, тақпақтары да бар. Отырып дем алыңыз!

1. Рахат

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.


2. Елнұр

Берекелі, мерекелі

Келді жомарт алтын күз.

Қалада да, далада да,

Жанның бәрі жарқын күз.


3. Таңнұр

Сау-сау етіп жапырақ

Сабағынан үзілді.

Қоңыр тартып атырап

Көкке құстар тізілді.


4. Байрам

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.


5. Ақсанбай

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

О, алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ.


6. Қырмызы

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күн шуақта маужырап,

Жатыр, әне, жапырақ.



Тәрбиеші :

- Бәрекелді, балалар! Тақпақты өте жақсы айтады екенсіңдер!

- Ал, балалар, айтыңдаршы, күз мезгіліне қандай айлар жатады?

- Ауа райы қалай құбылады?

- Күзде қандай құбылыстар болады?

- Ал қазір күздің қай айы?


«Алтын күз» (себет толы жемістерімен ортаға шығады)

Өрік, алша, шие, алма,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз

Дүкендерге түседі.

Бұл қай кез?

Балалар:

  • Күзде


Алтын күз:

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп.

Жерге шөгіп

Дымқыл тұман болады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай

Денең мұздап, тоңады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?


Балалар:

  • Күзде.


«Алтын күз»:

Жарайсыңдар! Менің өлең-жұмбағымды бірден таптыңдар. Сендерге өз жемістерімді ала келдім.


Тәрбиеші:

Рахмет, «Алтын күз». Сіздің жемістеріңізбен ойын ойнайық. Қазір ортаға бір баланы шығарып, көзін таңамыз. Алдына жемістерді қоямыз. Жемістерді сипап көріп, пішініне қарай ажыратамыз.


«Жемістер қандай пішінде?» ойыны.

Тәрбиеші:

Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен, - демекші, біздің балалар дақылдар туралы да тақпақтарын айтады.


7.Бекарыс

Нан атасы – бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде,

Қауызыма сыймаймын.


8. Т.Айзере

Күміс мұртты арпамын,

Ырыс құтты арпамын.

Еңбек етіп баптаған,

Еліме сый тартамын.


9. Еркеайым

Ақ, қарамын, сарымын,

Мен өнімді тарымын.

Халқым еңбек сіңірсе,

Қайтарамын қарымын.


10. Мади

Мен, сұлымын, ұланның,

Тұлпарына ұнадым.

Бастаған әр диқанға

Басымды иіп тұрамын.


11. Айдос

Күнді сүйген күрішпін,

Күллі жұртқа ырыспын.

Алсын деп ел мол өнім,

Ала жаздай су іштім.


12. Бақыт

Алтын сары, қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

О, алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ!


13. Нұрхан

Қамба толы астыққа,

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап бидай алдық біз.


«Қолшатыр » биі (қыздардың орындауында)


Алтын күз: Жарайсыңдар, балалалар! Көңілім бір көтеріліп қалды. Тағы қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші: Ортаға «Көкөністер» шығып өздері жайлы тақпақтарын айтып бермекші.


Пияз: Нұралы

Асханадан шықпаймын

Атым пияз-бұқпаймын,

Көзді жасты шығарам,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.


Қызанақ:Ералы А

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып,

Тұрған ол- мен қызанақ,

Күнге қарап ұялып.


Картоп:Ербол

Картоп біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз,

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз


Сәбіз:Р. Ералы

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды,

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.


Алтын күз: Бәрекелді!!!

Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай ажырата алатынын білесіз бе?

Алтын күз: Білмеймін

Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз (Көкөністерді ажырату ойыны ойналады)

Жүргізуші: Алтын күз көрдіңіз бе біздің балалар қандай епті. Енді ата-аналарды байқап көрсек қайтеді

Ойын ата-аналармен.

1.

2.


Алтын күз: Менің қайтатын уақытым болып қалыпты. Менің басқа да балабақшаға баруым керек. Сендерге әкелген сыймды беріп кетейін. Жемістерді таратады

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
1328
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі